Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет276/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Клиникалық 
көрінісі.
 
Сау 
теріде 
немесе 
сәл 
гиперемияланған негізде үлкен мөлшерлі, жиі мөлдір, кейде 
геморрагиялық сұйықтық болатын, күлдіреуіктер пайда болады. 
Күлдіреуіктің қатты қақпағы, керілген, соның салдарынан ұзақ 
уақыт жарылмайды. Жарылған күлдіреуіктер тез жазылады.
Күлдіреуіктер дененің иілістерінде және қыртыстарында, кейде 


ауыз қуысының кілегей қабатында орналасады. Аздап ісінген 
және гиперемияланған негізде диаметрі 0,5-тен 1 см-ге дейін, 
қақпағы керілген, серозды (сиректеу геморрагиялық) сұйықтығы 
бар күлдіреуік пайда болады. Күлдіреуіктер бірнеше сағат, күндер 
сақталады, одан әрі фиброзды жабындымен жабылған, 
эпителизацияға бейім эрозия пайда болады.
Диагностикасы:
Никольский белгісі – теріс мәнді. Асбо-
Хансен белгісі сирек оң мәнді; эрозияның шетіне қарай өсуі 
байқалмайды. Акантоликалық Тцанк жасушасы болмайды, бірақ 
күлдіреуіктің құрамында көп және мөлшерде (80-90%-ға дейін) 
эозинофилдер болуы мүмкін. Тіке иммунофлюоресценция 
реакциясы LgA және комплементтің С3-фракцияның эпидермо-
дермальды аймақтағы қосылған жерде сызықтық тұнба құрайды.
Ажырату диагнозы 
вульгарлы көпіршікпен, токсидермияның 
буллезді түрімен және қызыл тегіс теміреткінің буллезді түрімен 
жүргізеді.
Емі. 
Кортикостероидтар 
пероральды 
– 
преднизолон 
тәуелдігіне 60-тан 100 мг-ге дейін, бөртпелер жойылып кеткенше, 
қолдау емісіз жүргізеді. Тиімділігі байқалмаса – метотрексат, 
азатиоприн және басқа иммунодепресанттар береді. Сыртқы ем 
вулгарлы көпіршектегідей болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет