бадамша бездерінде орналасуында кездеседі. Ауыз бұрышы мен
ауыспалы қатпарларда қатты шанкр сызат түрінде болады, бірақ
шанкр бар қатпарды тартқанда оның сопақша пішінді екені
анықталады. Қатты шанкр ауыз бұрышында орналасқан жағдайда
ауыз сызатына ұқсас келеді, бірақ олардың негізінде тығыздалу
болмайды. Тілде қатты шанкр көбіне жалғыз шығады, көбіне
ортаңғы үштен бір бөлігінде орналасады. Эрозивті және жаралы
формаларынан бөлек, қатпарлы тілі бар адамдарда қатты шанкр
қатпарлар бойында орналасқан жағдайда саңылаулы түрін көруге
болады. Қатты шанкр тілдің арқасында орналасқан жағдайда
оның негізінде инфильтраттың көптігінен ол қоршаған тіндерден
биік жатады, оның бетінде етті-қызыл эрозия болады. Шанкрдың
айналасында қабыну көріністерінің болмауы мен оның ауру
белгісін шақырмауы назар аудартады. Қызыл иек аймағындағы
қатты шанкр ашық-қызыл түсті тегіс эрозия болып келеді, ол
жартылай ай тәрізді болып екі тісті қоршап жатады. Қызыл иектің
қатты шанкрының жаралық формасы банальді жаралануға ұқсас
және онда біріншілік сифиломаның бірен-саран белгілері болады.
Диагностиканы
жақасты
аймағында
бубонды
анықтау
көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: