Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Ауыз қуысының кілегей қабаттары



Pdf көрінісі
бет388/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Ауыз қуысының кілегей қабаттары
сифилистің барлық 
түрінде 
зақымдалады. 
Онда 
орналасқан 
сифилитикалық 
көріністер эпидемиялық тұрғыдан ерекше қауіпті, себебі 
сифилитикалық мацерацияланған, эрозияланған бөртпелердің 
бөлінділерінде бозғылт трепонемалар көп болады.
Ауыз қуысының кілегей қабаты инфекциялар өту үшін 
айтарлықтай кедергі бола алмайды. Бұған тістеумен жиі 
жарақаттануы (бұзылған тістердің өткір қырымен немесе дұрыс 
тегістелмеген пломбалармен, тұрақты немесе тұрақты емес тіс 
протездерімен, тістүйіс ақаулары салдарынан) ықпал етеді. 
Қосалқы арулуар (гингивит, пародонтит, герпетикалық бөртпелер, 
дерматоздардың 
эрозиялық 
түрлері, 
токсико-аллергиялық 
реакциялар және басқалар) маңызды болып келеді. Біріншілік 
сифилома (қатты шанкр) ауыз қуысының және тілдің кілегей 
қабатының әртүрлі аймағында орналасуы мүмкін: еріндерде, ауыз 
бұрыштарында (ауыздық түрінде), тілдің дорсальды және 


вентральды беттерінде, ұрттарда, бадамша бездерде, бадамша 
бездің доғасының алдында және артында. 
Қатты шанкр, әдетте, өзіне тән, теріде сипаттағандай, пішінді 
болады, бірақ ерекшеліктері де болады. Мысалы, шанкрдің 
жылтыр тегіс бетін, негізінің тығыз болатынын атап өтуге 
болады. Біріншілік сифиломаның жаралы түрінде фиброзды-
іріңді жабынды байқалады және аздап ауырсыну байқалады.
Қатты шанкрдің орналасуына байланысты да ерекшеліктері де 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет