Лентикулярлы папулезді сифилид
мерездік папулалардың ең
жиі кездесетін түрі. Бұл сифилид тығызэластикалық
консистенциялы, дөңгеленген,
шектелген, жартылай дөңгелек
пішінді, диаметрі 0,3-0,5 см болатын элемент.
Папулалар
перифериялық өсу мен қосылуға бейім емес. Папулалар түсі
алғашында қызғылт түсті, артынша мыс тәріздес – қызыл немесе
көкшіл-қызылға (ветчина – шошқаның сүрлеген еті – тәрізді)
айналады
(143-сурет)
.
Папулалар беті алғашқы күндері тегіс, жылтыр, артынша
қабыршақтана
бастайды.
Папулалардың
қабыршақтануы
ортасында басталып шеттеріне қарағанда ерте бітеді де,
папулалардың Биеттің «жаға тәрізді»
(144-сурет)
қабыршақтануы
түріндегі папулалардың шеткі қабыршақтануы болады. Түйіннің
орталығына сүйір зондпен басқан кезде ауырсыну сезімі болады
(Ядассон симптомы). Папулезді сифилидтер
теріде бірден пайда
болмайды, біртіндеп 10-14 күннің ішінде шығып болады, одан соң
6-8
апта бойы тұрады, сол себепті бір ғана науқаста әр даму
сатысындағы
папулаларды
көруге
болады.
Папулалар
жарылғаннан соң олардың орнында
ұзақ уақытқа пигментация
қалады.
Екіншілік жаңа мерезде папулалар дене мен аяқ-қолдарының
терісінде, кейде бетте және бастың шашты бөлігінде болады
(145-
Достарыңызбен бөлісу: