Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Екінішілік мерездегі сифилидтердің ортақ белгілері болады



Pdf көрінісі
бет393/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Екінішілік мерездегі сифилидтердің ортақ белгілері болады


Сирек кездесетін жаралар бар, қатерлі мерезді санамағанда, 
барлық элементтер көбіне тіндерді бұзбайды, тыртық 
қалдырмайды; көбіне жалпы жағдайының бұзылуынсыз 
өздігінен 2-3 айдан соң кетеді. 

Бөрпелер көбіне еш субъективті сезімдерсіз өтеді. Тек бастың 
шашты бөлігі мен ірі қатпарлардағы бөртпелер қышыну 
сезімін шақырады. 

Элементтерде жедел қабынудың белгілері болмайды, олар 
мыс тәріздес қызыл, қою қызыл түсті болады, артынша оның 
түсі қошқылданып, «іш пыстырарлық» түске ауысады, бұл 
екіншілік мерездің ағымын суреттейді. 

Бөртпелер дөңгелек пішінді, сау теріден ажыратылады, 
перифериялық өсуге және қосылуға бейім, осыған байланысты 
фокусты орналасады, бір-бірінен шекара арқылы бөлінеді. 

Бөртпелерге полиморфизм тән. Екіншілік мерезде жиі бірнеше 
сифилид бірден шығады, бұл нағыз полиморфизмді тудырады, 
ал сифилидтердің ұстама тәрізді пайда болуы эволюциялық 
немесе жалған полиморфизмді тудырады. 

Сифилидтер мерезге қарсы емнің нәтижесінде тез жазылады. 



Элементтер құрамында көптеген бозғылт трепонемалар бар, 
сол себепті олар ауру жұқтыруы мүмкін. 

Серологиялық 
реакциялар 
екіншілік 
жаңа 
мерезбен 
ауыратындардың 
барлығында 
дерлік 
және 
екіншілік 
қайталамалы 
мерездің 
96-98% 
оң 
болады, 
көбіне 
науқастардың қаның РИФ көмегімен зерттегенде оң нәтиже 
береді. Бозғылт трепонемалардың иммобилизациясының 
реакциясы (БТИР) екіншілік жаңа мерезбен ауыратындардың 
жартысында (60-80% иммобилизация) және 80-100% 
екіншілік қайталамалы мерезбен аурытындарда (90-100% 
иммобилизация) оң нәтиже береді. Екіншілік қайталамалы 
мерездің 50% көрінісі менингиттің клиникалық көріністерінсіз 
(жасырын, латентті деп аталатын мерездік менингит) жұлын 
сұйықтығындағы патологиялық өзгерістермен жүреді. 
(Сифилидтер тамыр дақтарынан (розеола), түйіндерден 
(папула) және сирек жағдайда көпіршік (везикула) пен іріңдіктер 
(пустула) тұрады. Сонымен қоса екіншілік мерезге пигментті 
сифилид (мерездік лейкодерма) пен шаштың мерездік түсуін 
(алопеция) жатқызады. 
Екіншілік жаңа мерезде сифилидтер анағұрлым кішірек, көп 
мөлшерде, анағұрлым ашық түсті, симметриялы түрде негізінен 
дене терісінде орналасады, қосылуға және топтасуға бейімділігі 
жоқ және қабыршақтанбайды. Науқастардың 22-30%-нан қатты 
шанкрдың қалдығы мен регионарлы лимфаденитті табуға болады. 
Онымен қоса, полисклераденит (ұлғайған, тығызэластикалық 
консистенциялы қозғалмалы ауырсынусыз қолтықасты, жақасты, 
мойын, кубитальді лимфа түйіндері және т.б.) айқын болады. 
Полиаденит екіншілік жаңа мерездің 88-90% кездеседі. 
Екіншілік қайталамалы мерезде бөртпе элементтері ірілеу, аз 
мөлшерде, симметриялы емес, топтасуға бейім (фигура, гүлалқа, 
доға және т.б. түрінде), бозғылт түсті. Олар көбіне 
тітіркендірілетін аралықта, шап қатпарында, жыныс мүшелерінің 
кілегей қабатында, ауыз кілегей қабатында және т.б. орналасады. 
Егер екіншілік жаңа мерезде 55-60% науқаста мономорфты 
розеолезді бөртпе болса, екіншілік қайталамалы мерезде олар 


сирек кездеседі (шамамен 25% науқаста), жиі (22% жағдайда) 
мономорфты папулезді бөртпелер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет