Безеу тәрізді (акнеиформды) пустулезді сифилид басында
конус тәрізді пішінді диаметрі 0,2-0,3 см пустуласы болатын, сау
теріден
ажыратылатын
фолликулярлы
папулалар
болып
табылады. Іріңді экссудат өте тез кеуіп сарғыш-қызыл түсті қабық
түзеді, ол түскеннен кейін теріге аздап басылған пигменттелген
тыртық қалады. Акнеиформды сифилид көбіне мерездің екіншілік
кезеңінің басқа да көріністерімен қосарланады.
Ажырату диагностикасы . Безеулік сифилидтерді қарапайым
безеумен, папулонекротикалық туберкулезбен және йодтты
немесе бромды безеулермен жүргізу қажет. Қарапайым безеулер
безеулік сифилидтен жедел қабынумен, ауырсынумен, айқын
себореямен және комедондармен, науқастардың жасымен,
бөртпелердің қайталануымен және созылмалы ағымымен
ажыратылады. Папулонекротикалық тері туберкулезі терінің
жазғыш беттерінде орналасады, ұзақ уақыт жазылмайды,
элементтер торпидті түрде дамиды, орталығында некроз болатын