Эктиматозды пустулезді сифилид
пустулезді сифилидтің
ауыр қатерлі түрі болып табылады және ауру жұққаннан соң 5-6
айдан соң дамиды. Эктиманың басты ерекшелігіне оның тереңге
де, көлдеңенінен де ыдырауға бейімділігі жатады. Ортасында
жылдам пустула пайда болатын шектелген қою қызыл
инфильтрат дамиды, артынша ол тығыз құрғап, ішке кіріңкіреген,
қою сұрғыл, қараға жақын, мыс тәріздес – қызыл түсті
инфильтратпен
қоршалған
қабыққа
айналады.
Эктима
перифериялық өсу нәтижесінде 3 см немесе одан да үлкен
диаметрге дейін жетеді. Қабықты алып тастағаннан кейін түбі
тегіс және шеттері салбыраған терең емес жара қалады, олар
іріңді бөлінісі бар сұрғылт-сары түсті некротикалық массалармен
қапталған болып табылады. Жара тығыз, шектелген, қою қызыл
түсті
инфильтірленген
білікшемен
қоршалған.
Эктима
жазылғаннан кейін пигменттелген тыртық қалады. Біруақытта 6-
10 элемент пайда болады, жиі жіліншіктің алдынғы бетіне,
сиректеу бет пен денеге шығады.
Достарыңызбен бөлісу: