Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет400/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Пустулезді сифилид
– екіншілік мерездің сирек көрінісі және 
аурудың көбіне ауыр, қатерлі ағымын көрсетеді. Пустулезді 
сифилидтің пайда болуы қызба мен жағдайының бұзылысымен 
жүреді. Ол көбіне әлсіз адамдарда, ауырып-жүдеген науқастарда
алкоголизммен, 
туберкулезбен, 
нашақорлықпен, 
гиповитаминоздармен және т.б. аурулармен ауыратындарда 
дамиды. 
Безеу тәрізді, шешек тәрізді, импетигиозды, эктиматозды 
(мерездік эктима), рупиоидты (мерездік рупия) сияқты пустулезді 
сифилидтерді ажыратады. 
Безеу тәрізді, шешек тәрізді және импетигиозды сияқты 
беткейлік пустулезді сифилидтер екіншілік жаңа мерезбен 
ауыратын науқастарда, ал эктиматозды және рупиоидты сияқты 
терең пустулезді сифилидтер – негізінен аурудың рецидивтерінде 
дамиды. Пустулезді сифилидтер қарапайым мерездік папулалар 
болып табылады, олардың инфильтраты серозды-полинуклеарлы 
экссудаттың 
әсерінен 
ыдырайды 
да, 
оның 
орнында 
пиодермиялыққа ұқсас сарғыш-қоңыр түсті қабықша түзіледі. 
Пустулезді сифилидтердің түрлері олардың орналасуы, көлемі 
мен ыдырау дәрежесіне байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет