Жедел аппендицит (ЖА) тұрғандардың қатарында 4–6% кездеседі.
Хирургиялық стационарға жатқызылған барлық пациенттердің 20-50% ЖА құрайды.
Әдебиеттік мәліметтер бойынша - диагностикалық қателіктер 12-31% жағдайда кездеседі
Жеткіншектер мен егде жастағы науқастарда қателіктер жиі болып тұрады - 51 %(жеткіншектерде), үлкендерде (20—30%).
Операциядан кейінгі асқынулар 0,25%- 32,6%
Летальность – 0,04%
Атипті клиникалық көріністің асқынуы аурудың уақыты мен қаралу мерзіміне байланыты болғандықтан,
Диагностикасы мен емі өзекті мәселе болып табылады.
Құрт тәрізді өсіндінің анатомиясы.
Caecum-нің медиальды артқы бетінен,жіңішке ішек құятын жерінен 2,5-3,5см төменде құрт тәрізді өсінді, Appendix vermiformis, шығады. Құрт тәрізді өсіндінің ұзындығы мен орналасу қалпы көп өзгеріп отырады, орташа ұзындығы 8,6см тең, алайда 2% жағдайда ол 3см ге дейін қысқарады. Құрт тәрізді өсіндінің болмауы өте сирек кездеседі, оның орналасуы соқыр ішікпен тығыз байланысты болады. Өсік алдыңғы жақта құрсақтың алдыңғы-бүйір қабырғасы мен сыртта мықын сүйегі қырының, іште m.iliacus-тың арасында орналасады. Медиальды жағдайда құрт тәрізді өскін солға қарай яғни соқыр ішектен ішке қарай бағытталады.