Мерездік лейкодерма
(пигментті
сифилид) аурудың 4-6 айында, сирек
1-ші
жылдың соңында дамиды.
Лейкодерма
негізінен
екіншілік
қайталамалы мерездің симптомы
болып
табылады.
Көбіне
ол
мойынның
артқы
және
бүйір
беттерінде болады (Венера алқасы),
сирек-қолтық
асты
шұңқырдың
алдыңғы қабырғасында, кеуденің
жоғарғы бөлігінде, арқада, іште, аяқ-
қолда, бел аймағында кездеседі.
Әйелдерде жиірек кездеседі, кейде
мерездік таздың болуымен және
мерездің
екіншілік
кезеңінің
басқа
да
көріністерімен
қосарланады.
Зақымдалу ошағында гиперпигментацияланған тері фонында
диаметрі 0,5-1,5 см болатын дөңгелек ақшыл дақтар анықталады.
Дақтардың саны біртіндеп көбейеді, пигментирленген аймақтар
мен дақтардың арасында айқын айырмашылық білінеді. Кейде
дақтардың көптігі сондай, олар өзара пигментирленген жіңішке
сызықпен бөлініп тұрады. Лейкодерма бүйір жарықтандыру
кезінде айқын көрінеді. Мерездік лейкодерма қабыршақтанбайды
және субъективті сезімдер болмайды. Лейкодерма 6-12 айдан
кейін, кейде 2-4 жылдан соң кетеді, жеткілікті ем болғанның
өзінде. Сирек емес жағдайда лейкодерма мерездік таздың
болуымен қосарланады.
Достарыңызбен бөлісу: |