- Сыныбы: 10 b
- Математика пәнінің мұғалімі: Шайхиева Н.Ш.
- - Кәне, сабағымызды бір-бірімізге жақсылық тілеуден бастайық. Балалар, жүрек тұстарынды ұстандар. Қолдарыңды кеуделеріне қойындар. Қалай соғып тұрғанына құлақ түріндер: дүрс-дүрс. Жүректеріңнің орнына мейірімді күннің бір бөлшегі тұр деп елестетіңдер. Оның жылы да жарқын сәулесі денелеріңе, қолдарың мен аяқтарыңа таралуда. Көптігі сондай, бойымызға сыятын емес. Келіңдер, аздаған жылу мен жарықты бір-бірімізге сыйлайық. Ал күлімсіреу арқылы бір-бірімізге жақсылық тілейік.
- ГМ 10.7 Шеңбер хордаларының, жанамалары мен қиюшыларының қасиеттеріне байланысты күрделі есептерді шешеді ;
- Дағдылар
- Білу және түсіну
- шеңбер хордасы, қиюшылары мен жанама қасиетін біледі
- Білімін қолдану
- есептің берілгеніне сәйкес қажетті қасиетті таңдай алады
- таңдап алған қасиетті есеп шығаруға қолданады
- Activity
- Математикалық диктант:
- Шеңбер сызып, центрін белгілеңдер.
- 2) Диаметрін жүргізіп, белгілеңдер.
- 3) Хорда жүргізіп, белгілеңдер.
- 4) Радиус жүргізіп, белгілеңдер.
- Шеңбердің және оның бөліктерінің анықтамасын береді.
- Түзу мен шеңбердің орналасуы
- d – шеңбер центрінен түзуге дейінгі арақашықтық
- Анықтама: Егер шеңбер мен түзудің ортақ бір нүктесі болса,
- онда түзу шеңберге жүргізілген жанама деп аталады.
- Теорема: Шеңберге жанама жанасу нүктесіне
- жүргізілген радиусқа перпендикуляр болады.
- Берілгені: Шеңбер.(О;r), р –жанама,
- А – жанама нүктесі.
- Айталық, р түзуі ОА радиусына перпендикуляр емес деп қарастырайық. Шеңбер
- центрінен р түзуіне және радиусқа дейінгі арақашықтықты салыстырыңдар.
- ОВ перпендикуляр және ОА көлбеу.
- О нүктесінен р түзіне жүргізілген перпендикуляр ОА көлбеуінен кіші болғандықтан, шеңбердің О центрінен р түзуіне дейінгі қашықтық радиустан кіші, яғни ОВ<ОА.
- Түзу мен шеңбердің екі ортақ нүктесі болғандықтан, р түзуі шеңберге жанама болмайды. р түзуі шеңбердің радиусына перпендикуляр емес деген ұйғарым дұрыс емес. Олай болса, р түзуі радиусқа перпендикуляр. р ОА.
- Қасиет:
- Бір нүктеден шеңберге жүргізілген жанамалар тең болады және шеңбер центрі осы жанамалардың арасындағы бұрыштың биссектрисасында жатады.
- Жанама мен хорда арасындағы бұрыш – хорда тірелетін доғаның
- жартысына тең.
- Екі жанама арасындағы бұрыш – өздері тірелетін доғалардың
- айырмасының жартысына тең.
- Жанама мен қиюшы арасындағы бұрыш – жанама мен
- қиюшы жасайтын шеңбер доғаларының айырмасының
- жартысына тең.
-
- Егер В нүктесінен ВДА қиюшы және ВС жанама
- жүргізілсе, онда
- АВ*ДВ=ВС2 болады.
- №1. d – радиусы r шеңбердің центрінен р түзуіне дейінгі қашықтық болсын, Егер: а) r = 16 см, d = 12 см; ә) r = 5 см, d = 4,2 см; б) r = 7,2 см, d = 8,7 см; в) r = 5 см, d = 50 мм болса, онда р түзуі мен шеңбер қалай орналасады?
- №2. АВ түзуі центрі О нүктесі, радиусы r болатын шеңбермен В нүктесінде жанасады. Егер ОА=2 см, r = 1,5 см болса, АВ неге тең?
- №4. Центрі О нүктесі, радиусы 4,5 см болатын шеңбер және ОА = 9 см болатындай А нүктесі берілген. А нүктесі арқылы берілген шеңберге екі жанама жүргізілген. Олардың арасындағы бұрышты табыңдар.
- №5. А нүктесі арқылы АВ жанамасы (В – жанасу нүктесі) және шеңберді С және Д нүктелерінде қиятын қиюшылар жүргізілген. а) АВ = 4 см,
- АС = 2 см; б) АВ = 5 см, АД = 10 см деп алып, СД – ны табыңдар.
- P, Q, R and S are points on the
- circumference of a circle, centre, O. TU is a tangent to the circle at the point S. Angle ROS = 64˚ and angle QSU = 58˚.
- Find the size of angle:
- Why are the lines QR and OS parallel?
- Find the size of angle (a) QRO (b) QSR
- P, Q and R are points on the circumference of a circle, centre, O. Angle PRQ = 64˚. SP and SQ are tangents to the circle at the points P and Q respectively.
- Work out the size of angle
- (i) PSQ
- (ii) PQO
- (iii) POS
- (iv) QSO
- P, Q, R and S are points on the circumference of a circle. TS is the tangent to the circle at the point S. Angle RST = 35˚ and angle QRS = 101˚.
- а) Explain why QS cannot be a diameter of the circle.
- б) Find the size of angle:
- QPS (ii) SQR (iii) QPR
- ГМ 10.7 мақсаты бойынша оқушылардың қаншалықты деңгейде меңгергендігін бақылау
- №1.
- P, Q, R and S are points on the circumference of a circle, centre, O.
- PT and TR are tangents to the circle.
- OST is a straight line.
- Angle OTR = 38˚.
- Find the size of the angle:
- (i) ROT (ii) PQR (iii) SRT (iv) PSO
- Бүгінгі сабақтағы өз жұмысыңды төмендегі жауаптардың біреуін таңдау арқылы бағалаңыз.
- Сабақтың күрделілігін бағала.
- Сізге сабақ...
- - жеңіл
- - қарапайым
- - қиын
- Материалды меңгеру дәрежеңізді бағалаңыз:
- - толық меңгердім, жанаманың қасиеттерін қолдана аламын
- - толық меңгердім, бірақ жанаманың қасиеттерін қолдануда қиналамын
- - Бүгінгі сабақты жартылай түсіндім
- - Бүгінгі сабақты түсінбедім
- Үйге:
- Э.Н. Балаян, 7-9 сынып, Геометрия
- Дайын сызбадағы есептер
Достарыңызбен бөлісу: |