Сабақтың тақырыбы: Line және Circle графикалық әдістері. Сабақтың мақсаты: Білімділігі



Дата08.09.2017
өлшемі94,82 Kb.
#31112
Сабақтың тақырыбы: Line және Circle графикалық әдістері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Line және Circle әдiстерімен танысып, кесiндiлердiң құрастыруы, тiк төртбұрыштар және шеңбер құру үшiн оларды қолдануға үйрену.

Білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту.



Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру.

Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, карточкалар, тест сұрақтары т.б.

Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) үй жұмысын тексеру

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды

Ұйымдастыру:

Оқушылармен амандасу. Оларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Кезекші тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.


Үй жұмысын тексеру:

Тест арқылы өткен тақырыптарды сұрау. Барлығы 10 сұрақ.

  Формаға түрлі типті бейнелік файлдардан суреттер шығаратын компонент?

image
shape


picturebox
line

Формаға түрлі геометриялық фигураларды шығаратын компонент?

shape
OLE
timer
 circle

Формаға уақыт өлшеуіш шығаратын компонент?

timer
OLE
data
shape

Объектке шерткенде пайда болатын оқиға?

lost focus
click
got focus
load

Форма тақырыбын жазу

font 
caption
name
text

Pset (10,10),vbred нені сызады?

сызық
 нүкте
доға
шеңбер

Scale әдісі не үшін қолданылады?

масштаб орнату
шеңбер салу
түсін орнату
нүкте салу

Формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент

line 
data
shape 
pset

Графикалық компоненттерге не жатады?

Image
Circle
Timer
Scale

Timer компонентінің негізгі қасиеті

Interval
Picture
Enabled
Name

Жаңа сабақ

Line әдiсі (Form) Экрандық форма және (PictureBox) Графикалық өріс объектілерге қолданылады.

Бұл әдiс сызықтарды, боялған және боялмаған төртбұрыштарды орнатады.

Әдiстiң синтаксисi мынадай:

[Объект атауы.] Line (x1,y1) - (x2,y2) [,түсі [,Флаг]].

Объекттiң аты болмауы да мүмкін.



(x1,y1) – (x2,y2)  бірінші және екінші нүктелердің координаталары.

Түс – бояу түсі. Флаг – бұл не В символы, не BF символы. Егер флаг В болса, онда төртбұрыш салынады, ал егер BF – боялған төртбұрыш салынады.

Line әдісінде төртбұрыштың түріне (егер флаг В болса) мынадай қасиеттер әсер етеді: жақтау түсі (ForeColor қасиеті), толтыру стилі (FillStyle қасиеті), бояу түсі (FillColor қасиеті).


Circle графикалық әдісі (Form ) Экрандық форма және (PictureBox ) Графикалық өріс объектілерге қолданылады.

Әдiстiң синтаксисi мынадай:



[Объект атауы.] Circle (x,y), Радиус [,Түсі [,Бұрыш1, Бұрыш2 [ ,сығылу коэффициенті ] ] ]


Объекттің аты болмауы да мүмкін.

 (x,y) – бұл шеңбер ортасының координаталары.

Радиус – шеңбер немесе эллипстың радиусы, Түсі – бояу түсі.

Бұрыш1 және Бұрыш2 – бұл доғаның немесе сектордың бастапқы және соңғы бұрыштары. Бұрыштар радианмен өлшенеді, ал олардың мәндері 0-ден 2π-ға дейін болады. Нөлдiк бұрыш көлденең өске сәйкес келедi оңға бағытталған. Доға бұрыш1-ден бұрыш2-ге дейін сағат тiлiне қарсы салынады. Мысалы: Circle (100,100), 100,  ,0.5,2.6

Егер бұрыштардың алдында «- » белгісі болса онда сектор салынады. Мысалы: Circle (100,100), 100,  ,-0.8,-2.4

 Қысу коэффициенті –бұл оң сандар, көбiрек немесе кiшiрек бiрлiк. Егер коэффициент <1, онда эллипс горизонталь ось бойынша созылады, егер коэффициент >1, онда эллипс вертикаль ось бойынша созылады. Егер коэффициент болмаса, онда шеңбер сызылады.

Мысалы: Circle (100,100), 100, , , , 0.3



Сабақты бекіту тапсырмалары:

  1. «Смайлик»

Басқару элементтер, қасиеттер:

Басқару элемент

Қасиеті

Мәні

Picturebox

Name

P1




Backcolor

әртүрлі




DrawWidth

3

Commandbutton

Caption

Start




Style

Graphical




Backcolor

Қызғылт сары

Private Sub Command1_Click()

P1.Scale (-10, 10)-(10, -10)

P1.Circle (0, 0), 6, vbYellow

P1.Circle (-3, 2), 1

P1.Circle (3, 2), 1

P1.Circle (1, 0), 1.5, , 1.6, 4.7

P1.Circle (0, -4), 2, , 0.5, 2.6



End Sub

Тапсырма 1: Жоғарыдағы мысалға қарап, күлкі смайлигін жасау.


  1. Сандар

Басқару элемент

Қасиеті

Мәні

Picturebox

Name

P1




DrawWidth

3

Commandbutton

Caption

Start




Style

Graphical




Backcolor

жасыл

Private Sub Command1_Click()

P1.Scale (-10, 10)-(10, -10)

P1.Circle (4, 5.5), 2.7, vbRed, 4.7, 2.6

P1.Circle (4, 0.2), 2.7, vbRed, 3.5, 1.6

End Sub


Тапсырма 2: Жоғарыдағы мысалға қарап, 5 санын жасау.

Үйге тапсырма: Графикалық әдістер.

Сабақты қорытындылау:

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау.



Бағалау.

Оқушыларға баға қою.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет