«Иә» жасыл дөңгелекті, «жоқ» қызыл дөңгелекті, «қиналамын жауап беруге»- сарыны көтеру.
Су- аққыш, түссіз, мөлдір, сүйық зат. /иә/
Бензин қатты, борпылдақ, иілгіш, иісі жоқ зат. /жоқ/
Топырақ жылтыр, сынғыш, тәтті. /жоқ/
Парта –қатты дене. /иә/
Сым иілгіш. /иә/
Құрт-қоспа. /иә/
Шырын -таза зат. /жоқ
Жаппай сұрау
1 сұрақ: Осы ойында қандай тірек сөздерін еске түсірдік? (зат, дене, заттың қасиеті, таза зат, қоспа).
2 сұрақ: Заттың қандай қасиеттерін атадым? Заттардың қандай қасиеттерін білесіздер? (түрі, түсі, иісі, дәмі, тығыздығы, борпылдақтығы, жұмсақтылығы, қаттылығы, иілгіштігі, сынғыштығы, ерігіштігі, аққыштығы, мөлдірлігі)
Бүгінгі сабақта осы заттардың қасиеті өзгерте ме, жоқ па? Жаңа зат пайда бола ма? -деген сұраққа жауап іздейміз.
Бес сұрақ, 5 жауап» әдісі: жеке жұмыс. 2 нұсқаға бөлу. Өз жұмысын өзі тексеру. 1 нұсқа- инфографикамен жұмыс 2 нұсқа- пиктограммамен жұмыс
Женттің құрамы? / тары, құмшекер және май/
Жент таза зат па, әлде қоспа ма? /қоспа/
Жент жасау үдерісін айтып бер. / тарыны қазанға қуырады, келіге салып түйеді, алынған ұнтақты елеуіштен өткізеді, ұнтақталған тарыға қант және сары май қосып араластырады- нәтижесінде жент алынады./
Женттің құрамындағы заттар араласқанда олардың қасиеттері өзгере ме? / өзгерді, қатты тары ұнтақталды, сары май мен қант еріді./
Заттың басқа затқа айналуы мүмкін бе? /Иә -жент алынды/.