буындардағы ауырсыну (ауырсынудың түнде күшеюі мерезге
тән), дене қызуының жоғарылауы болады (37,5-38
о
С,сирек 39-
40
о
С дейін). Жиі мұндай жағдайды тұмаумен шатастырады, бұл
өз кезегінде мерез диагностикасын қиындатады. Бұл кезеңде
қанда лейкоцитоз, анемия болады. Негізінен, мерездің екінші
кезеңінің
клиникалық
белгілері
пайда
болғаннан
соң,
науқастардың бәрінде бірдей бола бермейтін продромальді
көріністер жоғалады.
Екіншілік мерезде көптүрлі морфологиялық элементтер тері
мен көзге көрінетін кілегей қабаттарда орналасады; аз мөлшерде
ішкі мүшелердегі, нерв жүйесіндегі, тірек-қимыл жүйесіндегі
және т.б. өзгерістер болады. Ем жасалмаса ауру бірнеше жылдын
ішінді қайталанады. Бөртпелердің аралығында оң серологиялық
реакциялар негізінде екіншілік жасырын мерез диагнозы
қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: