Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Ауыз қуысының кілегей қабығының зақымдалуы



Pdf көрінісі
бет420/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Ауыз қуысының кілегей қабығының зақымдалуы
үшіншілік 
мерезде гуммамен, диффузды гуммозды инфильтрациямен, 
төмпешікті бөртпелермен сипатталады. Ауыздың кілігей қабығы 
үшіншілік мерездің қандай да бір даму сатысын көрсетеді. 
Терідегі сияқты кілегей қабықтағы мерездік бөртпелер жұқпалы 
емес, өзі орналасқан тінді бұзбайды, сондықтан көп жағдайда 
мүшенің қызметін бұзбайды. 
Гуммозды сифилид
ауыз қуысының кез-келген жерінде 
орналасады: жиі тілде, қатты және жұмсақ таңдайда. Әдетте, бір 
ғана гумма пайда болады. Алдымен ауырсынатын түйін пайда 
болып, кейін ол үлкейіп, ашылады. Гуммозды негіз бөлініп, 
гуммозды жара пайда болады. Бұл процесс 3-4 айға созылып, 
кейде субъективті сезімдермен қосарланып жүреді. Ашылмаған 


гумма тығыз консистенциялы, беті тегіс, түйін үстіндегі кілегей 
қабық аздап қабынған, іркілген-қызыл түсті болып келеді. Негізі 
бөлінгеннен кейін гумозды жара кратертәрізді формалы, шеттері 
тығыз, ауырсынбайтын, түбі грануляциялармен жабылған болады.
Жара жайлап тартылған жұлдызшалы тыртықтың түзілуімен 
жазылады. Гумма таңдайда орналасқанда процесстің аяқталуында 
перфорация болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет