Клиникалық
көрінісі
гумманың
орналасқан
жеріне
байланысты болып келеді. Тілдің зақымдалуы бөлек гумма
(түйінді глоссит), сирек диффузды склерозирлеуші глоссит
түрінде болуы мүмкін. Бұл формалары қосарлануы мүмкін.
Алдымен тілдің ішінде (қалыңдығында) негізінен плазматикалық
клеткалармен диффузды инфильтрация пайда болады, тіл аздап
ұлғаяды, бірақ бұл жағдайда ешқандай түйіндер түзілмейді. Тіл
тығыз, көптеген аумақтарында кілегей қабығы қалыңдаған
болады. Кейін инфильтрат тілді тартып тұратын тыртықты тінмен
алмастып, нәтижесінде ауыр трофикалық бұзылыстар пайда
болып, тіл кішірейіп, одан сайын тығыздалып, беті кедір-
бұдырланып, емізікшелері тегістеледі. Тілдің арқасында
ауырсынатын жарылулар, трофикалық жаралар, олардың шеттері
кейде қатерлі ісікке айналуы мүмкін. Диффузды склерозирлеуші
глосситтің фонында бөлек гуммалар (аралас глоссит) түзілуі
мүмкін.
Қатты таңдайда
гумма ортаңғы сызықта орналасады.
Мұндағы кілегей қабық жұқа болғандыықтан, таңдайдың
сүйегімен байланысып, гуммозды процесс өте тез сүйек қабымен
пен сүйекке өтуі мүмкін. Гумманың инфильтраты тез ыдырап,
сүйек ашылып, некрозданып, секвестрленіп, ауыз бен мұрынның
ортасында жол пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |