Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Ерте туа пайда болған мерез



Pdf көрінісі
бет437/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Ерте туа пайда болған мерез.
Ерте туа пайда болған 
мерезді емшек жасындағы мерез және ерте жастағылардың 
мерезі деп бөледі.
Емшек жасындағы туа пайда болған мерез бір қатар мүшелер 
мен жүйелерді зақымдайтындықтан, әртүрлі көрініс беруі мүмкін. 
Ауруды бірден туғаннан соң немесе алғашқы 2 ай ішінде 
анықтайды. Кейде бала мерез белгілерімен туу мүмкін. Тері, 
кілегей қабықтар, ішкі мүшелер, жүйке жүйесі, сүйектер 
зақымдалуы мүмкін. Бөртпелерде көп мөлшерде бозғылт 
трепонемалар болып, қатынстығы жоғары болады. Соңғы 
жылдары 
емшек 
жасындағы 
балалардың 
клиникалық 
симптоматикасы азайып, ауру жасырың, тері және кілегей 
қабықтарының зақымдалуынсыз, тек ішкі мүшелерді ғана 
зақымдайды. Бұл әйелдердің интеркуррентті инфекцияларға алған 
антибиотиктеріне байланысты түсіндіріледі. 
Соңғы жылдары диффузды инфильтрация және папулезді 
элементтер азайса да, мерездік көпіршіктер орын алып келе 
жатыр. Мерездік көпіршіктер алақанда, табанда, қол мен аяқтың 
бүгілмелі бетінде, сирек денеде манифестацияланады. Кейде 
элементтер терінің барлық бетінде орналасуы мүмкін. Құрамы 
серозды-іріңді, бірақ геморрагиялық та болуы мүмкін. Көпіршік 
құрамында 
бозғылт 
трепонемалар 
көп 
болғандықтан,
қатынастығы жоғары болады. Көпіршікті ашқаннан кейін, 
суланулар түзіліп, айналасында көпіршіктердің қабығының және 
эрозиялардың болуымен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет