Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Мерездік көпіршектер – туа пайда болған ауыр мерездің



Pdf көрінісі
бет438/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Мерездік көпіршектер – туа пайда болған ауыр мерездің 
дәлелдемелі белгісі.
Ажырату диагностиканы стафиллококкты 
инфекция әсерінен пайда болған жаңа туған нәрестелердің 
пемфигиодымен жүргізеді. Диагнозы бозғылт трепонемаларды 
анықтағанда және серологиялық реакциялар нәтижесінде қояды. 
Мерез кезінде емшек жасындағы балаларда Гохзингер 
инфильтрациясын және мерездік тұмауды анықтайды. 


Гохзингер терінің диффузды тығыздалуы туа пайда болған 
мерездің нақтылы белгісі болып келеді де
, жүре пайда болған 
мерезде кездеспейді. Бұл белгі туғаннан кейін бірден пайда 
болмай, кейін өмірінің 8–10 аптасында көрініс береді. Сифилид 
әдетте алақанда, табанда, бөкседе, ерін аймағында, төменгі иекте 
орналасуы мүмкін. Процесс диффузды немесе ошақты 
эритеманың пайда болуымен сипатталады. Кейін бұл жерде 
инфильтрация дамып, сонын әсерінен тері қатпарлары тегістеліп, 
терісі тығыз, эластикалық емес болады. Еріндері қалыңдап, ісініп, 
сарғыш-сарғылт түсті, еріннің жиегі мен кілегей қабығы керілген 
болып келеді. Әдетте, зақымдалған беткей мацерацияланған, 
суланбайтын, оның бетінде көп мөлшерде бозғылт трепонемалар 
анықталады. Бала жылағанда, механикалық жарақатта, еріннің
қарқынды керілуінде, қызыл жиегіне таралатын беткей және 
терең сызаттар (жарылулар) пайда болады. Жарылулар әдетте,
ерінге перпендикулярлы орналасып, қансырап, тез қабықпен 
жабылады. Емделмесе де 2-3 ай өткен соң Гохзингер диффузды 
инфильтрациясы жазылады, ал терең жарылулар орнында, әсіресе 
ауыз бұрышында, радиарлы (Робинсон–Фурнье тыртығы) 
тыртықтары қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет