Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Организмнің жалпы жағдайының суреттемесі



Pdf көрінісі
бет66/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

 
Организмнің жалпы жағдайының суреттемесі. 
Денсаулықтың жалпы жағдайы психикалық және физикалық 
статусына, сыртқы келбетінің жасына сәйкестігіне қарай 
бағаланады. 
Тексеріс жалпы ережеге сай жүргізілетіндіктен, қысқаша 
тоқталамыз. Шеткі лимфа түйіндерінің өлшемін, тығыздығын, 
қозғалмалылығын, ауырсыну-ауырсынбауын тексереді. Бұлшықет 
-сүйек жүйесін қарап, бұлшықет тонусын анықтайды. Мұрын, 
мұрын-жұтқыншақты қарап, перкуторлы және аускультативті 
зерттей отырып, тыныс мүшелері жағдайын анықтайды. Қан 
айналым мүшелерінің қызметі бұзылысына шағымдарын сұрап, 
жүрек шектерін анықтап, оның тонын тыңдап, артериялық қан 
қысымын өлшеп, пульсін анықтайды. Содан соң ас қорыту 
жолдары қызметі жағынан шағымдар сұрастырып, ауыз қуысын 
қарап, ішін (бауыр, талақ) пальпациялайды. Зәр шығару жүйесін 
зерттеу кезінде Пастернацкий симптомын анықтайды, зәр шығару 
жиілігі, зәр түрі, жыныс мүшелері дамуы, етеккірдің келу 
кезеңділігі мен сипатына көңіл аударады. Эндокринді статус пен 
нерв-психикалық 
сферасының 
жағдайын 
эмоциональді 
қозғыштық, жұмысқа қабілеттігі, ұйқы, бас-ми нервінің қызметі, 
терілік және сіңірлік рефлекстер) анықтайды. 
Дерматологиялық статус.
Тері зақымдалуын зерттеуге 
терінің, кілегей қабығының, тері туындыларының сау тіндерін 
қарау көмектеседі. Теріні шашыраңқы күндізгі жарықта немесе 
жақсы электр жарығымен қарау керек. Тері мен кілегей қабықтың 
түсін, сау терінің созылмалылығы мен серпімділігін, бұлшықет 
пен тері асты шел май қабатының тургорын, сондай–ақ тер және 
май бездерінің, шаш пен тырнақтың жағдайын, пигментация, 
тыртық, невусты түзілістің бар-жоқтығын және т.б. анықтау 
керек. Тері түсінің өзгеруі организм жүйесі мен мүшелердің 
қызметі бұзылуымен (мысалы, аддисон ауруы, токсикалық 


меланодермия тері қоңыр түсті, Боткин ауруында – сары, іркіліс 
кезінде – көгерген) байланысты болуы мүмкін. 
Терінің созылмалылығы мен серпімділігін анықтау үшін оны 
шымшып, қыртысқа жинайды; ал төмен жатқан тінмен жабысу 
бар-жоқтығын анықтау үшін теріні жылжытып көреді. 
Дермографизмнің 
де 
маңызы 
зор. 
Ол 
терінің 
тамырқозғалтқыш иннервациясының жағдайын көрсететін, 
механикалық 
тітіркендіргішке 
терінің 
нервтік-тамырлық 
реакциясы. 
Қалыпты жағдайда тері бетін үшкір емес затпен сызып 
өткенде пайда болатын қызыл сызық ізсіз 2-3 минутта жоғалып 
кетеді. Қызыл дермографизм экзема, псориазда, ал ақ – 
эксфолиативті дерматитте, тұрақты ақ не аралас, тез аққа 
айналатын дермографизм атопиялық дерматитте, уртикарлы 
(жуан, ісінген қызыл түсті, сәл механикалық әсерден де пайда 
болып 40-60 мин сақталатын) түрі – есекжемде кездеседі. 
Бұлшықет-талшықты рефлекс теріні салқын затпен сәл 
тітіркендіргенде шақырылады. Қалыпты жағдайда, ол 5-10 сек 
сақталып, ізсіз жоғалады. Бұл рефлекстің шақырылмауы 
ихтиозбен науқастарға тән симпатикалық иннервацияның 
бұзылуын көрсетеді. Рефлекстің ұзақ айқындылығы орталық және 
шеткі нерв жүйесінің функциональді бұзылысын көрсететін 
атопиялық дерматитке тән. 
Алапеске, сирингомиелияға, патомимияға күмән туса, терінің 
жанасу, ауырсыну, температуралық сезімталдығын зерттеудің көп 
жағдайда диагностикалық мәні зор.
Тері мен кілегей қабықтың зақымдалуын 
(status localis)
белгілі-бір схема бойынша сатылап сипаттау керек. Алдымен, 
мақсатты түрде бөртпенің қабынулық не қабынусыз табиғатын 
көрсету керек. Тері және венерологиялық аурулардың көптеген 
көріністері қабынумен байланысты. Содан соң бөртпені жедел 
қабынулық (қабынудың экссудативті компоненті басымдығымен 
жүретін) 
немесе 
жедел 
қабынулық 
емес 
(қабынудың 
пролиферациялық компоненті басымдығымен жүретін) топтарына 
жіктейді. Әрі қарай бөртпенің көбірек жинақталған жерін 
сипаттаумен 
орналасқан 
орны 
көрсетіледі. 
Көптеген 


дерматоздардың орналасатын таңдамалы орны болады, бірақ бұл 
белгі диагностикада тек жанама мәнге ие. Мысалы, қабыршақты 
теміреткіде, терінің папулонекроздық туберкулезінде бөртпелер 
аяқ-қолдың жазғыш бетінде, туберкулездік жегі, эритематоз, 
безеулік бөртпелер – бетте; микробты және варикозды экзема, 
түйінді эритема, Базеннің тығыз эритемасында, трофикалық және 
созылмалы пиококкты жараларда, т.б. – балтыр терісінде; 
күлдіреуік, жаралы туберкулезде, т.б. – ауыз қуысында 
орналасады. Одан әрі зақымдалу көлемін анықтаймыз: шектелген, 
жайылған, шашыраңқы, симметриялық, асимметриялық және 
эритродермия түріндегі универсалды. 
Содан кейін біріншілік және екіншілік морфологиялық 
элементтерді ажыратып, ерекшілігін сипаттайды: түсі, шекарасы, 
пішіні, конфигурациясы, беткейі, консистенциясы, бір-біріне 
қатыстылығы. Морфологиялық элементтің шекарасы анық және 
бұлыңғыр, айқын және айқын емес болуы ықтимал. Элемент 
пішініне сипаттама бере отырып, мысалы папуланы сипаттағанда, 
олардың жалпақ, конус тәрізді не жартышеңбер тәрізді, т.б. 
екендігін атап өту керек. Элементтің қоршалуы дөңгелек, 
сопақша, полигональді немесе полициклдық, ұсақ- не ірі 
фестонды, т.б. болады. Консистенциясына қарай ағаштекті-тығыз, 
тығыз-эластикалық, жұмсақ, қамыр тәрізді болуы мүмкін. 
Элемент беткейі тегіс, бұдыр болуы мүмкін. Олар бір-бірінен 
бөлек орналасқан не қосылған болады; бірінші жағдайда 
бөртпенің фокустық орналасуы айтылады. Егер бөртпе шеңбер, 
жартылай шеңбер, сопақ, доғаға ұқсас болса, онда бұл бөртпенің 
дұрыс топтасуын көрсетеді. Бұрыс топтасқан бөртпелер белгілі-
бір жерде орналасқанымен қандай да бір геометриялық фигура 
түзбейді. Нерв бағаны жолымен (белдеме теміреткіде), қан 
тамыры бойымен тараған бөртпелер жүйеленген болып табылады. 
Егер бөртпе ешқандай тәртіпсіз орналасса, морфологиялық 
элементтің қатарына жатқызу заңдылығы жоқ. 
Біріншілік және екіншілік морфологиялық элементтер мен 
олардың клиникалық ерекшеліктері дерматологиялық диагноздың 
негізі болып саналады. Алайда, кейде арнайы клиникалық және 
лабораториялық зерттеу әдістеріне де жүгінуге тура келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет