ережелерінің бірі – бастапқыда әлсіз концентрациялы дәрілік
заттан бастап, бірте-бірте көтеріп, белсенді әсер ететін препаратқа
көшу. Десек те, бірден белсенді әсер ететін жергілікті емді қажет
ететін тері аурулары бар, мысалы, кейбір инфекциялық
дерматоздар (трихомикоздар, қотыр, т.б.).
Қабынудың жедел және жеделдеу сатысында негізінен дәрілік
заттардың беткей әсер ететін (ерітінді, қоймалжыңдар, опа, паста)
түрлерін қолдану керек. Созылмалы
және терең процесстер
жағдайында тереңірек енетін дәрілік түрлері (май, компресс және
т.б.) қолданылуы қажет. Алайда қабыну процессінің жедел
сатысында глюкокортикоидты майлар қолданыла береді.
Жалпы ереже: неғұрлым қабыну процесі жедел болған сайын,
соғұрлым қабынуға қарсы әрілік заттар мен олардың дәрілік түрі
де беткей әсер етуі керек. Ерітінді, опа, қоймалжыңдар пастаға
қарағанда беткейірек, ал паста майлар
мен компреске қарағанда
беткейірек
әсер
етеді.
Дәрілік
заттың
құрамындағы
концентрациясын білу де маңызды. Әсер ету тереңдігін
жоғарылау ретімен былай орналастыруға болады: опа, ерітінді,
қоймалжың, паста, май, компресс, желім, бұластыр, лак.
Кейбір жағдайларда жергілікті ем
тек бір мақсатта ғана
қолданылуы мүмкін: мысалы, терінің беткей саңырауқұлақтық
және паразитарлық зақымдануларында дезинфекциялық заттарды
тағайындау.
Сыртқа қолданатын дәрілік затты зақымдалған теріге жақпас
бұрын сол ошақты ірің,
қабыршақ, қабық, көпіршік жарылуы
қалдығынан тазартып алуымыз керек. Алайда қабыршақ, қабық,
майдың қалдықтарын күшпен жұлып алуға болмайды. Мұндай
бөліктеріне қалың қылып кунбағыс
немесе басқа да өсімдік
майын жағып, 15-20 минуттан кейін ошақты қайта өңдейді немесе
ұзақ уақытқа майлы таңғыш саламыз. Ластанған жаралар мен
эрозияларды 3%-дық сутегі тотығы ерітіндісімен өңдейді.
Пиодермия мен басқа да инфекциялық дерматоздарда ошақтың
айналасындағы теріні камфорлы, 2%-қ салицил немесе 2%-қ бор
спиртімен сүртеді.
Кейбір дәрілік заттар жанаспалы
аллергиялық дерматиттің
себебі болуы мүмкін, мысалы, антибиотиктер, йод тұндырмасы,
қара май және т.б. Өте сирек жағдайда көп жылдар бойы қара май
жағылған теріде ісік туындауы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: