«... Шығыс Азиядағы бір өзенді қытайлар Хуанхэ – Сары өзен, тибеттіктер Мачу – Қызыл өзен, маңғұлдар Хара-Мұрэн – Қара өзен деп атайды. Ал енді оны Хатын-Гол – Ханша-дария десеңіз бәрі де түсіне қояды. Неге олай?» [6,1].
Автордың айтпағы – осы Ханша Дария аңызы... Яғни басты тұлға – аңызға кейіпкер
болған. Шығыстағы ұлы өзеннің атын иеленген таңғұт ханымы, Азия ханшасы...
Қызыл-жасыл дүниенің көз арбайтын қызығынан Ұлы билеуші шет қала алмаса
керек-ті. Оған шамасы жете қоймайды. Сондықтан да болар бәріне иелік етсем деген ойы
үстемдік алады. Суреткер кейіпкерінің осы пиғылына ден қойып, психологиялық
детальдарды шығарма бастауында ұсынады.
Жеңімпаз билеушінің өмірінің еңкейген шағы екенін суреткер күз сұрқай шағымен,
соған үндескөңіл күйімен аңғартады:
«Күз таңының сұйқылт суық нұры шатырдың ішіне енді-енді жайыла бастағанда ол ұйқыдан оянды. Бүгінде таңертең төсектен тұрғанда таңдайынан дәмі кетпей тамсанып отыратын баяғы балқаймақ ұйқы жоғалған. Жан- жағындағы сатыр-сұтыр ат дүсірін де естімей, ердің басына қамшыңды тіреп, маңдайыңды соған қойып, сәл мызғысаң, қыз қойнынан өргендей көңілің бүрлеп сала беретін қунақылық та ұмыт болыпты» [6,1].
Осы желі бойында билеушінің қолындағы асыл тасты қымбат жүзіктерге қарап
отырып, өткен оқиғаларды есіне алуы да тегін емес. Қайрат қайтқан, рух шөккен тұста
өткеннің жанын сергітер елестерін еске оралту да бір оқиғаға мегзегендей.
«...асыл жүзік салынған он саусағын түнде ұйықтап жатқанда біреу қырқып әкеткен жоқ па деген кісіше, әрқайсысын жеке-жеке салалап көреді» [6, 2].
Он саусағындағы асыл жүзік – жеңістің, жеңімпаздықтың бәрі өзңне тін екенін
ишаралағанмен, шексі биліктің белгісі емес. Сүлейменнің жүзігінің өзінде «бәрі өткінші»
деген жазу бар еді дейді бізге жеткен аңыздарда...
Бұхарды шапқанда өзінің алдында иілмеген тәкаппар әйелдің саусағын шауып алған
қызыл шоқтай лағыл жүзік, Отырарды шапқанда кәрі ұстаның қолынан алған сіркелі күміс
сақина, Самарқанды шапқанда мінәжат еткен қалпын бұзбаған мұсыслманның қолынан
алынған меруерт сақина..... Билеуші өзіне бас имеген, қарсылық көрсеткен өр руқты
жандардың саусақтарынан алынған жүзіктерді жинағанымен, олар мәңгілік билікті бұйырта
алмайды екен...
Одан әрі ситуациялар, сана ағымы тәсілімен берілетін таңғұттардың билеушісі
Шидүрге мен оның әйелі Гүрбелжін ханымның психологиялық бітімі сарапқа түседі. Ұлы
Билеуші мен Шидүрге, Гүрбелжін арасындағы психологиялық қақтығыстар барынша
шиеленіскен сәттер қат-қабат өріледі. Жеңімпаз билеушінің өз жеңісіне масаттанар сәті тым
шолақ. Таңғұт ханшасы Гүрбелжін жары Шидүргенің айтқанын айнытпай келтіріп, Ұлы
билеушіге ажал құштырады. Міне, асқақтықты, зұлымдықты жеңетін «қардай аппақ», рухы
кіршіксіз Гүрбелжін ханшаның ұлы ерлігі осы.
Ә.Кекілбай шығармаларындағы бейнелілік бағзы аңыз оқиғаларын көркемдік
көрігінде қорытып, түлетуімен дараланады. Аңыз астарындағы адам тағдыры, ақиқат тамыры
деген философиялық пайым Ә.Кекілбай сынды кемел суреткердің поэтикалық кеңістігінде
барынша терең, биік әрі шексіз қалыпта көзге ұрады