214
бақыттымын деп қомдану тасырлық, бақытсызбын деп мұңаю пақырлық шығар; Адамдар
әділ болса, өмір әрқашан әділ; Адам нәсілін жер бетіне баянды етіп тұрған бірден-бір күш –
мейірім мен рахым; Орынсыз ашқарақтық, орынсыз баққұмарлық шынайы азаматтық бақыт
үшін қандай қиянат болса, орынсыз жігерсіздік пен рухани қауқарсыздық, орынсыз көнтері
көнбістік те дәл осындай қиянат; Қатыгез, қапас тоғышарлықтың ең алдымен жүгірер қаруы
– қуадалау, қорқыту, зорлық-зомбылық; Арман – қашан да ұзақ, ғұмыр – қашан да қысқа;
Алақаны бар тіршіліктің шапалағы да бар; Пәтуасыз уақыт сабырлыны тонап, саналыны
арытады; Ұлы тұлғаны уақыт аласарта алмайды; Ізденіс пен ізгілік, мейірбандық пен
кішіпейілділік бағаланбай қалуы мүмкін емес; Кекшілдік – кешегінің тұтқынында қалу,
кешірім – жаңаға бой ұсыну; Іріткі салар алауыздықты аласта, ұйытқы боларлық
жарастықты ұлықта.
Мақаламыздың тақырыбы болып отырған заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш
Кекілбаев жөніндегі пікірлерге тоқтала кетсек, сыншы-публицист С.Қирабаев: «Жазушының
тiлiнде де, дiлiнде де мiн жоқ. Қашанда сергек, қашанда сезiмтал, бәйгенiң алдынан ғана
келетiн тұлпарларға ұқсатам мен Әбiштi. Ал, аспанға қарасам оның жұлдызын оңай
танимын. Оның жұлдызы сол Әуезов, сол Шолохов, сол Айтматов, сол Нұрпейiсов
жұлдыздарымен қатар тұр. Ол да жарық жұлдыз, мәңгi жанатын жұлдыз»,- деп ой қорытса,
ал М.Қозыбаев: «Кекілбаев дарыны мейлінше ғибратты дарын. Оның кеңістігінің өзінен
ұғымтал көкірек пен жіті көз адуын өнердің мінезін көреді»,- дейді. А.Сүлейменов: «Тарихқа
арналған шығармаларды жазудың тек композициялық құрылысы, сюжеттік мазмұны, тарихи
реалийлердің көрінісі жағынан ғана емес, тілдік-стильдік сипаты жағынан да әр алуан болып
келетіндігін және бұндай жоғары сатыға қазақ көркем әдебиетінің де жеткендігін
Ә.Кекілбаевтың шығармашылығы анық көрсетеді»,-десе, ғалым Р.Сыздықова: «ХХ
ғасырдың екінші жартысынан басталған ұлттық әдебиеттегі жаңа дәуірді еске алсақ, «Әбіш
шыңы» осылардың дәп ортасында, биікке самғап, қол жетпейтін өрде тұрғанын бүгін
әрқайсысымыз-ақ мойындаймыз»,-деген ой тұжырымдайды[3]. Әр елдің ойшыл-ғұламалары
озық идеялары өз халқының тіршілік-тынысымен, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз
байланыста туып, өсіп-өркендеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетіп отыратынын
білеміз. Осылайша, өмірдің әлеуметтік жағдайларының өзгеруімен, қоғам мен тұлға
қажеттіліктерінің дамуымен байланысты халық тәжірибесіндегі педагогикалық құндылықтар
қайта жасалып, жаңаша сипат алып отырады. Сөзімізді қорыта келе, Ә.Кекілбайұлы
мұрасындағы халықтық педагогика негіздерін жас ұрпақ тәрбиесінде отбасы, отансүйгіштік,
адамгершілік, ізгілік, тәрбие үрдістерінде толық пайдалану, оны жүйелеп, бүгінгі күннің
талабына
сәйкестендіру
қажеттілігін
тудырады.
Сондықтан,
Ә.Кекілбайұлының
шығармашылық еңбектерін мектеп оқушыларынан бастап, ЖОО-да әлеуметтік-
гуманитарлық пәндердің дәріс, тәжірибе сабақтарында, білімгерлердің өздік жұмыстарында
қамтылуы керек. Жастар мен оқушылардың азаматтық санасын қалыптастыру мақсатында
жазушының елжандылық идеяларын тереңдеп зерттеу, ғылыми-зертеу жұмыстарын жан-
жақты жүргізіп және педагогика тарихын, этнопедагогика салаларын дамытатын ақпараттық-
ресурстық орталық ашуға болады деп ойлаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан».
2.
Кекілбаев Ә. 2 томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1989.
3.
Әбіш Кекілбаев туралы сөз / Е. Дүйсенбайұлы // Ана тілі. - 2009. - 9 сәуір. - 7
бет.
Достарыңызбен бөлісу: