рухани байлық.
Зиялы жас буын – мемлекет үшін, ұлт үшін адал перзент болуы тиіс.
Итальяндық ойшыл Антони Грамши зиялыларды қарапайым халықтың ортасынан
шыққан көзі ашық азаматтар мен сауатты білімдар, кәсіби маман деңгейіне көтерілгендер
деп екі топқа бөлсе, орыс ұлтының зиялысы Достоевский оларды табаны жерге тиіп
тұрғандар мен тимей тұрғандар деп саралайды. Ендеше, табаны жерге тиіп тұрған, ұлттық
ділі бар, ұлттық рухына арқа сүйеп, ұлтын сүйетін сауатты да саналы жастар қатары көбейсін
десек, «Әу баста не болғанын білмесек, бүгін оңбай қателесуіміз, ал ертең атымен айдалаға
лағып кетуіміз ғажап емес. Ондай қатердің үрейлі бір белгісі – қазір көп сөз болып отырған
кітап оқу дағдарысы. Жұрттың кітап оқуға немқұрайды қарауы – ең алдымен оқу тарихын
ұмытудан басталып жатқандай.. Ал бұл бағзы бабалардың адал еңбегін аяқасты еткендік, өз
болашағымызға өзіміз қалай болса, солай қарағандық болып шығады» [1, 4] деген
Ә.Кекілбаев пікіріне сүйене отырып, адамзат мәдениетінің дамуы әлімсақтан-ақ оқу, жазу
өнерімен тығыз байланысты болғандығын мықты ескергеніміз жөн.
189
Жас буынға ғана емес, жалпы адамзат атаулыға жаңалық арқылы жақсылық үйрету
тәсілдері сөзден ғана тұрмаса керек. Жан-жақты саналы бағыт, сара жол, сапалы тәрбие, түзу
қадамға сілтейтін қаншама көрнекілік сипаттағы құралдар бар.
Адамзат ұрпағын жалғайтын, келешек тағдырын батыл сеніммен ілгері апаратын
жастар тәрбиесіне қазіргі таңда заманауи талапқа сай тәрбиелік ошақтар қажет-ақ.
Жастарымыздың кітап оқымайтындығы, жат қылықтарға бой алдырғаны, жат ағымдар
ықпалына кете бастағандығы, ойын түйіп, пікірін жинақтап, қорыта әңгіме айта
алмайтындығы секілді толып жатқан «әттеген-ай» мәселелері кез-келген жерде алға
тартылып жатады. Жасы үлкендер арасында «біз жас кезімізде бәлен едік-ау, түген едік-ау»
деп қынжыла отырып жиі айтылатын әңгімелердің куәсі болып жүрген жастар әбден мезі
болып, еті үйреніп кеткендігі сонша, жекелеген жиындарда «Бүгін неге сол қалпыңызды
сақтамадыңыз? Жасы ұлғайғанмен көңіл қартаймайды, іс-әрекет, тәрбие қартаймайды» деп
күңкілдесе пікірін айтып жататындығы жасырын емес. Жаны бар сөз. Алдымен үлгі болатын
өзіміз – ата буын, аға буын ғой.
Светқали Нұржанның «Шыңғыс ханмен шайқас» поэмасындағы:
«Отырарды ойрандаған, өртеп кітапханасын
Хас қанішер Хан Шыңғыстың өшірейік қарасын!»
Осы ұранды тамызық қып отша шалқып лапылдар –
Киізтұмсық ғалымдар мен мүйізтұмсық ақындар!
Кітапхана табылса егер – оқи қояр жан құсап,
Екіленіп есіреді «тағындағы» әңгі «шах»!
деген керемет өлең жолдарындағы кейіпкерлер қазіргі таңдағы ең өзекті кітап оқу
мәселесіне келгенде арзан ақылмен аузын ауыртып жүргендер прототипі. Ақын қызыл сөздің
шылауында су татыған жылымық сапырма ақылмен лағып, өркениет әлеміне өзінше
өміршеңдік әкелмекші өпіремдеу, өкініші күштірек, кесірлікке құрылған есерсоқ ессіз
есептің иелерін юмормен іледі. Өлең жолдарындағы нақты тарихи оқиға фактісін
айғақтайтын сенімді деталь мағыналығымен құнды. Өздерін ақтап алғысы келген
тоғышарлардың тұжырымы арқылы әлеуметтік ахуалды әшкерелеген, «тәрбиесіз берілген
білімнің адамзаттың қас жауы екендігін» тағы бір айғақтақтаған мықты дәлел. Ә.Кекілбаев
та: «кітапқұмарлық шек пен шекараны білмейді екен. Расына келсек, кітапқа немқұрайдылық
та тап солай. Оның да шек шекарасы болмайды. Тек біл миллиард жарлы-жақыбай ғана кітап
оқудан құралақан емес көрінеді. Талай дамыған және дамып келе жатқан елдердегі
миллиондаған сауатты кісі қолына кітап пен журналды тым сирек алады екен. Ал студенттер
мен мектеп шәкірттерінің көпшілігі көз майын тек оқулықтарына немесе болашақ
мамандықтарының жай-жапсарына жұмсайды екен. Қысқасы, кітапқа қалай қарайтынына
қарап, кім-кімнің де болашағын алдын ала біле беруге болатыны даусыз» деп, [1, 31-32]
сауатты жан көп-ау, бірақ сана мен сауатты рухани бітіммен үйлестіре алмағандардың қанша
оқыса да кітап бетін құр парақтаумен бірдей саналатын әрекеті жалқыға ғана емес, жалпыға
ортақ трагедия екендігіне оқырманының көзін жеткізе пайымды пікір қорытады.
Қазіргі таңда ақпарат алудың ең оңай, ең жеңіл, ең тиімді, ұтымды, уақыт үнемдейтін,
әйтеуір артықшылығы көп делінетін интернет желісі көмегіне сүйену десек, Ә.Кекілбаев осы
мәселені де назардан тыс қалдырмай, дәйекті деректермен: «...кітап оқу дағдарысы – біз
сияқты аяусыз қатал экономикалық тұралауды жуық арада ғана бастан кешкен «жауыр»
қоғамдарда ғана емес, көптен бері қоры отайып, қоңы сөгіліп көрмеген іргелі қоғамдарда да
айта қаларлықтай мөлшерде орын алып отырған келеңсіздік. Ендеше, оның біздің бүгінгі
ұлттық кеңістігімізден де тысқары әлемді қамтитын жаһандық себептері да аз болмаса керек.
Оған бұл әңгіменің соңғы отыз-қырық жылды түгел қамтып келе жатқандығы да дәлел бола
алады. Бұндай індеттің күшейгені сонша, өз дін, өз идеологиясын қалыптастырды. «жазба
әдебиет дәурені өтті, ауыз әдебиет дәурені қайта келді», «Гутенберг (баспа өнімдері)
галактикасын Маклюзи (аудиовизуалдық құралдар) галактикасын жұтып қояды» дейтін
сәуегейлер де табылды. Сол тұста АҚШ-тың «Дженерал Эллектрик» компаниясы тәжірибе
жасап, бір адамға бір мазмұнды хабарды текст, радиохабарлама, телебейне арқылы жеткізіп,
190
әсерін жеке-жеке тексереді. Сонда адамның ми қабылдағыштарының қызметін тексеретін
аппарат телебейне көрсетілген кезде атымен жайбарақат тұрса, радиохабар тұсында аздаған
тітіреністі көрсетіп, ал тексті өз көзімен оқып танысу кезінде оның шкалалары үздіксіз
қозғалыс үстінде болыпты» [1, 31] деп кітап оқу ерекшелігі адамның дүниетаным
көкжиегінің жарқырай көрініп, өресі биіктей түсуіне айрықша ықпалды екендігін атап
көрсетеді. Бұған қоса мәтін, радиохабарлама, телебейне арқылы жасалған тәжірибе арқылы
нақты дәлелдерді ұсына білген. Аталмыш ақпарат құралдары бірін-бірі толықтыратын күшке
ие болғанымен, қалай болған күнде де кітап арқылы әлем тану көзқарасы күн тәртібінен
түспейтіндігін нақтылаған озық ойлы ойшылдың толымды толғамдарымен қалың
көпшіліктің толық келісері анық.
Тарихымыздан дәулеті тасып, сәулеті аспандаған қаншама ел осынша берекеге рухани
байлығының арқасында ие болып, даңқы жайылғандығын дәлелдейтін деректер бар. Ендеше,
сол елді тарих бетінде атын қалдырмай жойып жіберудің тиімді тәсілі ілім-біліміне қол салу
болғандығынан тұжырымдар дәйектеген абыз: «Бір мемлекеттің екінші мемлекеттің
тарихына қиянат жасайтынын былай қойғанда бір билікші әулеттің екінші әулеттің тарихи
мұраларына өш келетінін адамзат талай рет бастан кешкен. Б.ж.с.д. VII ғасырда эламдықтар
Месопотамиядағы ежелгі білім көзі болып табылатын Ур-Намму Зикуратин көзапара жойып
жіберді. Осыдан жиырма үш ғасыр бұрын Қытай императоры Цин Ши-Хуанди
мәжусилермен алысқан болып, өзінен бұрынғы кітаптардың бәрін өртетті. Біздің VII ғасырда
арабтар атақты Александрия кітапханасын талқандады. ХVI ғасырда католик иерархтары
майя мұрағаттарын құрттырды. ХІІ-ХIV ғасырдағы католик иезуиттері ежелгі қолжазбалар
мен антикалық әдебиетті құртып шығады. Ежелгі иезуиттер кітаппен алысса, кейінгі
иезуиттер жазуды өзгерту арқылы қоғамды тарихи жадынан айырып отыруды әдетке
айналдырды. Қытай билікші династияларының осындай озбырлығына, басқаны қойып,
конфуций мен даосизм мұраларының өздері аз ұшыраған жоқ. Тарихта болған төрт жүзден
астам жазу түрі көбіне-көп бейбіт түрде емес, сондай күштеп өзгертуден азайды. Жазу мен
оқуға монополия династиялық билік кезінде негізгі саяси күрес әдісі болды» [1, 19-20] деп
жазуды, жазба мұраларды сақтап қалу өркениеттер өзектестігі мен ұрпақтар
сабақтастығының басты кепіліне айнала бастағандығынан хабардар етеді.
Кітап оқу арқылы келетін рухани байлығыңды арттыратын әдемі әлемнің есігіне енуді
біріміз түсініп, біріміз түсінбей жатамыз. Кейде бас қатырғымыз келмейтініміз де жасырын
емес.
Кітап оқу қай кезең талабында да кенже қалмауға тиісті. Кітап оқу арқылы келетін
адами қасиеттердің қадірін түсіне, түйсіне білуіміз керек.
Осы орайда әдебиеттанушы ғалым А.Кемелбаеваның «Сөз хикмет» еңбегінде: «Кітап
– ұлы мағынаға ие, ол өркениеттің өзі мен көзі. Кітап – өте күрделі образ, оның құдіреті
шексіз...Ұлы данышпандық кітапсыз тұл.
Кітапхана адамзатты қараңғы дүниенің қапасынан жарыққа, нұрлы әлемге алып
шыққан рухани күштің символына айналды. Дүние жүзін мекендеген ұлттардың тағдырына
осы бір кітапханалардың қасиеті мен әсері өз билігін жүргізбей қоймаған. Әсіресе, көктен
түскен төрт кітапқа кенелген халықтардың ризығы ерекше екенін қазір толық ұғынсақ керек»
[2, 100] деген пікірін айта отырып, Ұлы Абайдың данышпандық деңгейге жетуіне алтын
көпір – кітаптың рөлі мықты болғандығына терең мән бергендігін атап өткен орынды.
Қымбат рухани қазынамыздың алтын кілті – кітап десек, адами құндылықтың асыл
өзегін, әдеп-ибаны, ұятты, жанның әдемілігін, дүниенің ғажап сырларын ұқтырар ілім тек
осы кітапта екендігін мойындағанымыз жөн.
Сонымен, жастар арасындағы рухани құлдыраудан сақтандыру себептерінің бір
қатарында: Рухани көз – кітап екендігін жадымыздан шығармау, даңғаза құр мақтаннан
аулақ болу екендігін естен шығармасақ.
191
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Кекілбаев Ә. Өркениет өзегі. Ақтау, Ш.Есенов атындағы КМТИУ, 2010 ж. 35б.
2. Кемелбаева А. Сөз хикмет. – Алматы; Дәстүр, 2016. -382 б.
Достарыңызбен бөлісу: |