ӘОЖ 81.512.122(045)
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ӘҢГІМЕЛЕРІ – ТӘРБИЕ КӨЗІ
Ізбен Е. Ш.
Түпқараған ауданының білім жүйесін дамыту орталығының әдіскері,
Форт-Шевченко қ., Маңғыстау облысы
Аңдатпа.
Мақалада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, Әбіш Кекілбайұлының
шығармаларының тәрбиелік мән-маңызы сипатталады. Автордың ел мен халық тағдырының
ғажайып тамыршысы болып келе жатқаны мысалдармен дәлелденеді.
Түйінді сөздер:
қаламгер, философиялық ой-толғамдар, даралық қолтаңба,
шығармадағы тәрбиелік мән.
Сайын дала төсінде дүркіреп,келелі ойдың иесі, көркемсөз шебері, өлкемнің ардақты
ұлы – Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығын атап өтудеміз. Бұл мерейтой – күллі қазақ елінің
мәдениеті мен өнерінің, әлем әдебиетінің. Ұлт руханиятының ұланғайыр мерекесі.Әбіш
ағаны құрметтеу, мерейтоын тойлау – барша Маңғыстаулықтардың өздерін шығармалары
арқылы әлемге танытқан талантты ұлдарының алдындағы орындаған парызы. Әбіш ағаның
өзі толғаған ой-толғамдарының бірі – «Бағалай білмегенге бақ тұрмайды, қуана білмегенге
құт қонбайды». Сондықтан жақсысын ұлықтағанға, дара таланттың елі үшін жасаған игі
істерін бағалағанға не жетсін! Әбіш ағаның шығармаларымен қазақ тілі мен әдебиетінің
мұғалімі болған соң біршама таныспын, бірақ өзгелер сияқты баға бере алмаймын. Десем де
аға туралы газет –журналдарда берілген лебіздер мен бағаларды, пікірлерді, мақалаларды
құныға оқимын.
«Сырт көз -сыншы» дегені рас, Әбіш ағаның шығармаларына сын көзбен қараған ұлт
сыншыларының оның бойындағы небір асыл қасиеттерді қалай дөр басып танығанына
таңдана оқыдым.Бірде қолыма өлкеге белгілі көрнекті сәулетші, әрі ақын, «Абай әлеміне
саяхат» клубының жобасын жасаған Тоқтамыс Сайын Назарбекұлының осыдан 20 жыл
бұрын Әбіш ағаның 60 жылдық мерейтойы қарсаңында шығарған «Менің Әбішім» атты
естелік кітапшасы түсті. Оқи отырып, балалық шақтан бірге өскен, бір-бірінен 1 жас 27 күн
жас алшақтығы бар екі талант иесінің бір-біріне деген ағалық-інілік, кісілік сезімін,
құрметін,сыйластығын аңғардым. Естелікті оқи отырып,Әбіш ағаның мектептегі «Сапалы
оқу» атты қабырға газетіне жазған сын өлеңінен-ақ, оның сол арқылы талай оқушыға әсер
етіп,талай тұстастарының жүрегінде тәрбиешісіндей орын алғанын еріксіз мойындайсың.
/2.13-бет/
Ал Әбіш ағаның жазушылық қызметінің бағасын сөз зергері, атақты жазушы
Зейнолла Қабдолов Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойы кезіндегі Кекілбаев жасаған
баяндамаға берген екен: «Мұхтар Әуезов қазақ әдебиеті деген арғымақтың алтын жалы
болса, Әбіш Кекілбаев – сол арғымақтың күміс кекілі». Осы кезде Сайын аға былайша еске
түсіреді: «Япырым-ай, мына сөзді отырғандар түгел естіді ме екен? Естісе, түсінді ме екен?
Түсінсе, тереңіне бойлай алар ма екен?»- деген қауіппен, облыс, Республика, шет ел
адамдары қатынасқан ұлы жиын алдында жаңағыдай баға алған досым үшін марқайып
қалған едім»./2.41-бет/
Бұдан асқан баға бар ма?
234
Кезінде ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтың дәрістерінен нәр алған Әбіш Кекілбаев –
ғасырлар тереңінен келе жатырған сол ғұламалардың заңды жалғасы сияқты.Сол ғұламаның
өз топырағымыздан шыққаны қандай қуаныш!
Ал ағаның шығармаларының қай-қайсысын алып оқысақ та нәрлі де сұлу сөздері
сиқырлап алғандай тереңіне сүңги бересің. Маң даламды бауырлап жатқан бағзы
ескерткіштерімнің қойны-қонышынан сыр ақтарғанда сырлы сөздерінен көз алдыңда әдемі
сурет кино лентасындай жылжып жүре береді.
Осындай кездерде Ұлы Гетенің «....Ең бастысы,әлдебір нәрсені өте-мөте жақсы,терең
білу және оны айналаңдағылардың бір де бірі тап өзіңдей етіп орындай алмайтындай
дәрежеде атқара білу шарт» деген тұжырымы еріксіз еске түсіреді. / 3.153-154- бет/
Кемел ойдың иесі –Әбіш ағаның шығармаларын терең түсінуге талпынғандарғы сол
кездегі облыс әкімі, қазіргі мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың алғысөзімен
жарияланған жазушы Әбілхайыр Спанның «Заңғар» деп аталатын роман-эссесін оқыңыз дер
едім. / 1. 3-бет/
Жазушының қай шығармасын оқысаңыз да әрқашанда автордың ел мен халық
тағдырының ғажайып тамыршысы болып келе жатқанына көзіңіз анық жетеді. Жазушы
шығармаларының көбіне оқиға орны ретінде өзі туған жері – Онды өңірін негіз еткен.
Себебі, жазушы, ең алдымен өзінің туған жерінің, елінің, халқының абыройы мен
арожданының жаршысы, күрескері.Осы орайда Әбіш ағаның жеделдес ағасы Лебен
Чәдуақасұлына: «Алматыда қанша тұрсам да, тегі жерсінбегенімнен болу керек, бұған
келгенде қаламым кібіртіктей береді. Ал енді Ондыға ойыссам болды бар-ау, әрбір шиінің өзі
сүмбідей сұлу сөз болып құйылады» деген сыр ұшығы еске түседі. /1.144-бет/
Туған жерге деген шексіз махаббат пен перзенттік құрмет пен парызды бұдан басқа
қалай білдіруге болады?
Қазіргі кезеңде келер ұрпақтың тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды
уақыттың өзі талап етеді.Ұрпағын ойламайтын халық жоқ.Онсыз өсіп-өну, ілгерілеу
болмайды.Сондықтан ұлттық құндылықтарымызды заманға сай өрнектеп, жаңғырту арқылы
жас ұрпақ санасына құя беру керек.Осы орайда Әбіш шығармаларының берер ұлттық,
халықтық тәрбиесі ерекше дер едім.
Әбіш
аға
шығармаларының
барлығы-
патриоттықтың,
шыншылдықтың,
батылдықтың,шыдамдылықтың, қазақы салт-сананың, ең бастысы – адамгершіліктің үлкен
үлгісі.Себебі әрбір шығармасы – бір-бір тәрбиелік шараға сұранып тұрғандай. Ал кейбір
сөздерінен үлкен шешендікті,тапқырлықты, дәлдікті, ұтырлы жауапты танисың.
С.Назарбекұлының естелік кітабында депутаттыққа үміткерлікке Баянауыл маңынан түскен
Ә.Кекілбаев сол елдің бір ақсақалының «Шырағым, өз еліңнен,жеріңнен неге дауысқа
түспедің?» деген сұрағына: «Тұлпарыңды танығың келсе, арғымақ қосқан жерге бар. Құлын
кезіңде көрмедім деп қайтара қоймас бағыңды, жігіттігіңді сынағың келсе, азамат өсірген
елге бар, әкесімен табақтас болмадым деп сындыра қоймас сағыңды» деген, мен өз бағымды
сынауға арғымақ қосып, азамат өсірген елге келіп тұрмын» деп жауап берді»,- деп келтіреді.
/ 2.74-бет/
Әбіштің ең алғашқы тырнақалды туындысы, газетте жарияланған «екпінді егін екпей
ме?» мақаласынан-ақ қаршадай бала бойындағыбатылдық пен қайсарлық көрінеді.Әрі оқушы
жазған, әрі кесек те сүбелі тақырыпты сөз еткен мұндай мақаланың баспасөз бетінде
жариялануы Маңғыстау тарихында тұңғыш жай еді. Ал «Автомобиль» повесі елге тұңғыш
келген автомобильдің жүргізушісі Жақан бейнесімен тартымды.Автор бұл шығармасын
өзінің ауылдасы, екі жас үлкендігі бар, ауылда алғаш машина руліне отырған жиен ағасы
Қобылан Зорановқа арнайды.Шығарма бала санасына таныс, бәрі де қызығатын мамандық-
жүргізушілік мамандығының тұңғыш ауыл санасына енуі туралы, бұл мамандықты жазушы
Жақан кейіакері арқылы «сөйлетеді».Осы шығармадағы ауыл адамдары арасындағы бір-
біріне деген бауырмалдық пен адамгершілік мәселесі мақаланы оқыған жанның қай-
қайсысын да бей-жай қалдырмасы анық.Бүгінгідей ақшаға жақындау кейбір
замандастарымымыздың қолы жеткен сәл жетістікке желігіп, туғанын ұмытып кетіп
235
жатқандайын заманында, түсіне білсе,Жақанға қамқор болатын көксұр Елеместің бейнесі
бірнеше адамды ойға қалдырар еді.
Ал Әбіш аға шығармаларындағы аналар бейнесі бір төбе. «Құсқанаты» хикаясындағы
жалғызының тілеуі үстінде қартаятын «салп етек, шұбалаң жаулық қара кемпір», «Бір шоқ
жидедегі» ошағына төсін сауып, қырқынан шықпаған баласын жесір қалған қайын-сіңлісі
Зейнептің бауырына салып беретін жеңгесі – Жаңылдар арқылы тек қазақ әйелдеріне тән
бейне айқын көрінеді. «Арғы-бергі әдебиетте қазақ әйелдерінің қасиеті қаншама айтылып,
дәріптелсе де, тап Әбіш ағаның шығармасындай биікке көтерілгені сирек болар. Бар
халықтың да әйелдері жақсы, бауырмал. Дегенмен, кесек қимыл, асқан бауырмалдық тек
қазақ әйелдеріне ғана тән» - деп жерлес жазушымыз Әбілхайыр Спан Әбіш сомдаған әйелдер
бейнесіне айрықша баға береді. / 1.265-бет/
Әбіш ағаның студент кезінде жазған тырнақалды туындысы – «Аш бөрі» әңгімесі.Бұл
туындыда жазушы жас а болса жағрапиялық дәлдікті қатаң сақтап, атақты сазгер, күйшінің
өмірінен мол мәлімет беріп қана қоймай, оның «Алатау», «Сарыарқа» сияқты күйлерінің дәл
аталған өңірде дүниеге келгенін қапысыз дәлелдесе, «Шыңырау» повесі – дарқан даладағы
жаны жомарт, жақсылыққа жаны құмар жандардың есепсіз еңбегінің көрінісі.Повесте
жазушы сирек кездесетін ауыр кәсіптің адамдары – құдықшылар әулетінің тағдырын алға
тартады.Ал осы әңгіменің атының өзі бір зерттеу-мақаланың обьектісі десе болғандай. Бұл
туралы Әбіш шығармаларын зерттеумен айналысып жүрген Жанбибі Дүйсенбаева:
«Маңғыстауда құдық, құдықшылық кәсіпке байланысты, суға қатысты сөздердің өзі бір
үлкен энциклопедияға жүк боларлық» дейді. /4.20-бет/
Жазушы әңгімелерінен оның дарқан даланы тамылжыта суреттейтін кемел
суреткерлігін танисың.Мектепте болсын немесе тәрбие орындарында жазушының кез-келген
шығармасын мысалға келиіріп, табиғаттың әсем суретін, пейзажын суреттеген туындысын
мақтанышпен айта аласың.
Жалпы жазушының прозасы қоғамда болатын неше түрлі өмір құбылыстарына
байсалды ой-парасат көзімен қарауға шақырады.Хылқтаң өткені мен бүгінгісінің ажырамас
бірлігін терең түснуге көмектеседі.Мұндай әңгіме-шығармаларының бүгінгі таңда қоғам
үдерісіне берер тәлім-тәрбиелік мәні ерекше болмақ.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болатындай», ойымды түйіндесем: Жазушы
ағаның атамекені –Қазақстан, қазақтың дархан даласы болса, атакүлдігі – Маңғыстау. 1960
жылдардың басында Қазақстанға келген бір мейман бұл ел туралы алған әсерін қойын
дәптеріне «Әуезов.Байқоңыр.Маңғыстау» деген үш сөзбен түсірген екен. / 1.269-бет/
Сондай құрметке ие Маңғыстаудың Әбіш Кекілбаевтай дана шыққаны біз үшін
мақтаныш, қуаныш.Жазушының шығармаларын оқыту, оның тәрбиелік-танымдық мәнін
ұғындыруға ең қолайлы орын- әрине, мектептер мен арнаулы,жоғары оқу
орындары.Сондықтан облысымыздың арнайы бір аудандары мен арнайы мектептерінде ғана
жүретін «Әбіштану» сабағы Қазақстанның барлық мектептерінің оқу бағдарламасына
енгізілсе деймін. Әбіш шығармаларынан тәрбиелік шаралар көптеп ұйымдастырылса,
«Ә.Кекілбаев атындағы жүлде» тағайындалса деген ұсынысым бар. Жазушы шығармаларын
оқыту арқылы қоғам дамуына үлес қосатын ұрпақ тәрбиелей алсақ – Әбіш ағаның үлкен
армандарының орындалғанының бұл бір көрінісі дер едім.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Әбілхайыр Спан «Заңғар» роман-эссе.Алматы. «Нұрлы әлем» баспасы 2008 жыл.
2.Тоқтамыс Сайын Назарбекұлы. «Менің Әбішім». Естелік. Алматы. «Қанағат -ҚС»
баспасы. 1999 жыл
3.Сайлаубек Жұмабек. «Халық тағдырының тамыршысы». «Таңшопан» журналы.№1.
2007 жыл. Қаңтар
4.Жанбибі Дүйсенбаева. «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарих тағылымы».
«Арыс» баспасы, 2007 жыл.
236
Достарыңызбен бөлісу: |