Б. Б. Ахметов Редакциялық алқа



Pdf көрінісі
бет13/69
Дата13.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#125769
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69
Байланысты:
zhinak-kongress

ӘОЖ: 908(045) 
 
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ӨЛКЕТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ 
 
Байжанова М.С. 
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технолгиялар және инжиниринг 
университеті 
 
Аңдатпа
.  Әбіш Кекілбаев  —  өрелі  мақсаттарға қол  созып, биік мұраттарға бет  алған 
үлкен  творчестволық  сапар  үстінде  жазушы.  Әбіш  Кекілбаев  өзінің  айтар  ой,  көтерер 
мәселесі  материал  аңыз  әңгімелерді  таңдауы,  біздің  пайымдауымызша,  халықтың  арман  – 
ойы, үмітімен тілегі ұялаған, халықтың тарихи тәжірибелері жинақталған, оның өн бойында 
сол белгілі халықтың ғасырлар бойы қадірлеп, қастерлеп келген рухы жатыр деп біледі. Сол 
арқылы Уақыт байланысы мен Ұрпақ сабақтастығын орнықтыруды қалайды. 
Түйінді сөздер:
 Қаламқас, Маната, Манаша, Күйген, Аппақұшқан, Маңғыстау 
 
Әбіш  Кекілбаев  шығармашылығының  Қазақстан  географиясының  оқытуда  алатын 
орны  зор.  Жазушы  шеберлігі  Қазақстанның  батысынан  шығысына  дейінгі  табиғатты 
суреттеуде  дүниетаным  біліктілігінің  биіктігін  көрсетеді.  Әбіш  Кекілбаев  адам  баласын  ой 
мен сезім деп, жүрек пен тән деп екі жармай жаратылыстың гармониялық бірлігінің тамыры 
екенін дәл айтады. 
Әбіш  Кекілбев  философиясы  -  адам  арасындағы,  өмірдегі,  табиғаттағы  жарастықпен 
келісімдіктің жаршысы. 
Оның  туған  ауылына,  туған  жерге  арналған  шығармаларын  шын  тебіреністен  шын 
шабыттан қуанышпен сағыныштан туған. Әр бір қазақ үшін Әбіш Кекілбаев еңбегінің үлкен 
тәрбиелік мәні бар. 
Әбіш Кекілбев Қазақстан жерін шығарма тілінде сипаттаған географ жазушы. 
Маңғыстау!  Тұла  бойы  тұнған  құпия-сыр  елі,  362  әулие  мекені.  Оңың  пұшпағы,  әр 
тасы ертегі, әр төбесі мен сайы аңыз. Оны мекен еткен адамдар да аңыз. Оның жері қандай, 
жер бетіндегі атаулары қандай! 
Шайыр, Мерет,  Тамшалы, Өрмелі,  Босаға, Сынды, Қаламқас, Шерқала… осылардың 
бойында қаншама сыр бар. 
Маңғыстау сирек қонысты, табиғаты қатаң, географиялық тұрғыда оқшау орналасқан 
аймақ. 
Әбіш  Кекілбаев  «Маңғыстау  дариясы-халқының  көкірегінде»  деген  мақаласында,  — 
Маңғыстауға  құдай  бәрін  берген-астына  да,  үстіне  де.  Маңғыстау  дегенде  Құдайдың 
сараңдығы  ұстаған  бір  жері  бар.  Ол-біздің  жерге  өзен  бермеген.  Жұртқа  Әмудария, 
Сырдарияның  барін  бергенде  Маңғыстауға  манашының  Ащыағарынан  басқа  ештеме 
қимаған. Бірақ Құдай әділ болған соң ғана Құдай болып тұр ғой деп ойлаймын. Сол жерінің 
бетіне бермеген дарияны осындағы халықтың көкірегіне берген-деген. 
Маңғыстау  географиялық  картасында  ойып  орын  алған,  белгілі  бір  жерде  телінген 
ертегі-аңыздар жеткілікті. Олар: Қарағантүпе-Мерт, Тамшалы, Молда тас, Таушық-Сарытас 
өңірінде  ноғайлы  аңыздармен  қатар  айдаһар  мен  үлкен  жылан  туралы  аңыздар,  Керелдегі 
Қаламқас ару аңызы, тіпті ең соңы Құлбарақ пен Балуанияз батырлар туралы аңыздар. 
Әбіш Кекілбаев Маңғыстаудағы геогрфиялық нақтылыққа ие болған аңыз ертегілерді 
былай топтастырған: 
Жер  су  атауларының  мәнін  түсіндіретін  аңыз ертегілер:  Қаламқас,  Маната,  Манаша, 
Күйген, Аппақұшқан т.б. 
Гоеграфиялық обьектілердің, тау, төбе, т.б сипатын түсіндіретін аңыздар: Кендірлідегі 
Темір  баба  аңызы.  Ерсарының  қайрағы  және  Ерсарыға  қатысты  әңгімелер.  Мерет  сұлу 
аңызы. 


43 
 
Нақты мифтік топонимдер: айдаһар мен жыландар ауланды, өлтірілді деліетін Батыс 
Қаратаудың төңірегіндегі сай үңгірлер. 
Зираттар мен құдықтарға байланысты аңыздар, бұл ертегі-аңыздардың ең көп бөлігін 
құрайды. 
Маңғыстауда  өмір  сүрген  дені  Х-Х1ғ.ғ  суфистік  дін  уағызшылары  болған  мұсылман 
әулиешілері туралы және кейінгі қазақтың киелі кісілері туралы аңыздар 
Әбіш  Кекілбаевтың  шығармасында  кездесетін  топонимдердің  аттары  мынадай: 
Қандыарал,  Шыңғырлау,  Торыат,  Сүмбетемір,  Қарабұлақ,  Ақшағыл,  Елік,  Құбатау, 
Қарақобда, Елек, Қызыл-құм, Бөтен тау, Балқан, Хантөркіл, Шөл тау, Айғырбүгілді, Маңғыр, 
Жыланды,  Егізлақ,  Қаратүлей,  Есенқазақ,  Түйелі  Жиренқопа,  Бестөбе.  т.б.  топонимдердің 
денін Маңғыстаудың топографиялық картасынан тауып алуға болады. 
Әбіш  Кекілбаев  60  жасында  Ақтаудағы  сөзінде  —«Дүниенің  кеңдігін  ұқтыра 
алатындай.  Жерімнің,  азаматтың  абзалдығын  ұқтыра  алатындай  Елімнің  барына  мақтанып 
отырмын.  Сіздер  арқылы  күллі  Қазақ  Елінің,  қара  орын  Маңғыстауым  арқылы  күллі  Қазақ 
Жерінен айналып отырмын. 
Көрер  жарығымның  көзі,  шығар  тауымның  асыл  тұғыры-қазақ  даласының  әр  тасы-
қағбам, әр бұтасы — сәждам екендігіне ешкім күмәндана қоймас» -деген. 
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларында  «Қырымның 40 батыры»-дала көшпенділерінің 
дүниетаным  әлемінде  Манас,  Алпамыс,  Козы  Көрпеш  Баян  сұлу,  Қорқыт,  Көроглы  сияқты 
алып  жырлар  қатарында  тұр.  Бірақ  оны  насихаттау  өте  төмен.  Қырымның  40  батырын 
Маңғыстау  жеріне  «орнықтырудың»  бір  жолы,  Маңғыстау  мен  Үстірттің  мәдени 
ескерткіштер  мұражай  қорына  ұқсас  немесе  қоғамдық  ұйым  құрып,  әр  түрлі  тақырыптық 
материял  жинақтап,  ұлттық,  мемлекеттік  деңгейде  «Қырымның  40  батыры»  атты  парк 
ұйымдастыру.  40  батырдың  есімдерінің  табиғи  құбылысқа  (Жаңбыршы-жаңбыр), 
географиялық  обьектілердің  атауларына  (Қарапдөң,  Ағыс-Телағыс,  Көгіс-Көгез,  Құттықия) 
т.б сәйкес келуі. 
Әбіш  Кекілбаев  өрелі  мақсаттарға  қол  созып,  биік  мұраттарға  бет  алған  үлкен 
творчестволық сапар үстіндегі жазушы. 
Әбіш  Кекілбаев  өзінің  айтар  ой,  көтерер  мәселесіне  материял  етіп  аңыз  аңгімелер 
таңдауы,  біздің  пайымдауымызша  халықтың  арман  ойы  үміті  мен  тілегі  ұялаған  халықтың 
тарихи  тажірибелері  жинақталған,  оның  өн  бойында  сол  белгілі  халықтың,  ғасырлар  бойы 
қадірлап қастерлеп келген рухы жатыр деп біледі. Сол арқылы Уақыт байланысымен Ұрпақ 
сабақтастығын орнықтыруды қалайды.  
Шөл  даладағы,  оның  ішіндегі  Маңғыстаудағы,  бірден-бір  су  көздері-құдықтар. 
Адамдар  сияқты  мал  да  жыл  бойы  тек  құдық  суын  ішеді.  Құдықтар  солтүстікте  тайыз, 
оңтүстікте  тереңдеу.  2  сажыннан  артық  құдықтар  шыңырау  деп  аталады.  Маңғыстау 
тауларының  оңтүстігіне  таман  тереңдігі  30-40  сажындық  шыңыраулар  бар.  «Маңғыстау 
таулары  деп  отырғанымыз  Солтүстік  Үстірттің  қазіргі  Атырау,  Ақтөбе  облыстарының 
шекарасындағы Оймауыт, Желтау туралы. Экспедиция сапары сол жерлерді қамтыған. 
-Маңғыстау  тауларында  аз  сулы  таңқы  бұлақтар  бар.  Көктемде  тостаған  тәрізді 
шұңғыл саздауыт жер табанына еріген қар суы жиналады ал, бұл уақытша көлшіктер «қақ» 
немесе «тақыр» деп аталатын мал ішетін суат болады… Барлық құдықтар мен шыңыраулар 
кермек не ащы сулы. Суы тұщы құдықтар мен шыңыраулар сирек. 
-Шыңырау.  Тереңдігі  30-40  сажын,  таспен  шегенделген,  аузы  тас  немесе  топырақ 
үйіліп  қоршаған  терең  құдықтар.  Шыңырау  жанында  10  шелек  су  сиятындай  тұтас  тастан 
ойылған  астау  бар.  Шыңыраудан  су  5-10  шелектік  меспен  алынады.  Ол  ашық  жағынан 
дөңгелек  не  төртбұрышты,  не  тіктөртбұрыш,  не  сәл  қисықтау  болып  матастырылған. 
Матасқан  жеріндегі  шығыршыққа  ұзындығы  жарты  құлаш  таяқ  бекітіліп  ұшына  ұзындығы 
30-40  см.  жіп  байланған.  Ол  жіптің  екінші  ұшы  ұзын  арқанға  жалғаулы  Арқанның  келесі 
ұшы суды тар шыңыраудан тартып шығаратын түйенің беліне байлаулы. Шыңырау айрықша 
сұраныспен қазылады және қазу 100 ірі қой тұрады. Шыңырау қазатын, оған астау қоятын-
белгілі шеберлер. Оларды байлар жалдайды. Құдықтары таңқы тайыз солтүстік жағалауларда 


44 
 
әр  алуан  бірнеше  құдықтан  қазады.  Олар  бүкіл  ауылдың  ортақ  пайдалануында.  Көшпелі 
адайлар-құдық  қазудың  шеберлері.  Олар  жұмыстарының  таза,  ұқыптылығымен  таң 
қалдырады.  Құдықтың  үстіңгі-бет  аумағы  0,5  құлашқа  жетеқабыл,  үлкенінде  1,25  құлаш 
тереңдігі  2,5.  3.4.5.  құлаш,  қабырғалары  тегіс  және  тік.  Құдық  аузы  0,5  құлаш  биік  үйінді 
қоршаумен  қоршалған.  Сыйымдылығы  3,4  шелектік,  астау  қоршаулы.  Құдықтан  суды 
қоршау үстіндегі  адам  тартып шығарады да, екінші  адамға береді  ел, ол астауға құяды. Әр 
адай  темір  күрек  асып  жүреді.  Оны  беліне  қыстырып  жүретіні  себепті  онысын  өзге 
қазақтардай  күрек  деп  емес,  белдеме  дейді.  Ертеде  әр  қазақ  өзімен  бірге  шақпақ,  пышақ, 
шылбыр алып жүрген. 
Әбіш  Кекілбаевтың  шығармаларындағы  географиялық  ұғым  беретін  сөздер:  Аджы, 
Адым 
Ағын –ағып жатқан су көзінің ауызекі тілдегі атауы. 
а) Жер асты ағыны, ә) Ұры ағындар, б) Қос түтек ағын, в) Ақ түтек ағын, 
г) Суыт ағын, д) Сарқырама ағын. 
Айдамал-  түбірі  малды  айдау  дегеннен  шыққан.  Елді  мекеннен,  қыстаудан 
жырағырақ,  малды  айдаңқырап  барып  суартын  су  көзіне  қатысты  айтылады.  Жергілікті 
жерде кең қолданыста әдеби тілімізде алғаш қолданып айналымызға енгізген — Ә.Кекілбаев. 
Ақсақ күнара:Ақыр, Арна 
Алғи – Маңғыстау мен Атырау қазақтарының, көбіне Адайлардың өлең-жырларында, 
аңыздарында Х-ХХғ.ғ бедерінде қолданылған аңыздық жер атауы 
Осы мақала барысында ізденістерге терең ат салысып, талапкер жас ұрпаққа  «Туған 
ел-жердің  ертеңіне  қалтқысыз  қызмет  етейік!»-деген  жалынды  өтініш  ұран  тастағымыз 
келеді. 
Әбіш  Кекілбаев  -  өрелі  мақсаттарға  қол  созып,  биік  мұраттарға  бет  алған  үлкен 
творчестволық  сапар  үстінде  жазушы.  Әбіш  Кекілбаев  өзінің  айтар  ой,  көтерер  мәселесі 
материал  аңыз  әңгімелерді  таңдауы,  біздің  пайымдауымызша,  халықтың  арман  –  ойы, 
үмітімен тілегі  ұялаған, халықтың тарихи тәжірибелері  жинақталған, оның өн бойында сол 
белгілі  халықтың  ғасырлар  бойы  қадірлеп,  қастерлеп  келген  рухы  жатыр  деп  біледі.  Сол 
арқылы Уақыт байланысы мен Ұрпақ сабақтастығын орнықтыруды қалайды. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.Темірбек Медетбек «Кемел дарын» «Лениншіл жас» газеті 1989 жыл 11 қазан 
2.Әбіш Кекілбаев 7 том 1999жыл 
3.Болат Оңғарбаев «Парасат пен Саясат» «Бірлік» газеті 1995жыл қараша 
4.
https://www.tarbie.kz/30181
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет