Б. Б. Ахметов Редакциялық алқа



Pdf көрінісі
бет25/69
Дата13.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#125769
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69
Байланысты:
zhinak-kongress

 
ӘОЖ 81.512.122(045) 
 
«ҮРКЕР» РОМАНЫНЫҢ ЛЕКСИКА-ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 
СОМАТИКАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР 
 
Дүйсенова Қ.Е. 
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технолгиялар және инжиниринг 
университеті 
  
Аңдатпа
.  Мақалада  Ә.Кекілбаевтың  «Үркер»  романының  лексика-фразеологиялық 
ерекшеліктеріне  тілдік  талдау  жасалған.  Жазушының  өзіндік  қолданыстарын  тілімізде 
қалыптасқан  негізгі  тіркестермен  салыстыру  жұмысы  да  орындалған.  Әбіш  Кекілбаевтың 
«Үркер»  романындағы    дәстүрлі  тұрақты  тіркестердің  төрт  түрлі  жолмен  өзгертіліп 
қолданылғаны  нақты  мысалдармен  көрсетілген.  Сонымен  қатар  романдағы  cоматикалық 
фразеологизмдердің қолданысына бірнеше мысалдар берілген. 
Түйінді сөздер: 
«Үркер» романы, фразеологизм, cоматикалық фразеологизм, сөздік. 
 
«Әдебиет  –  ұлттың  жаны.  Ұлттық  сана,  тағдыр,  жан  жүйесі  –  көркем  өнердің  басты 
тақырыбы»  -  дейді  Алаш  қайраткері  Жүсіпбек  Аймауытұлы.  Сол  ұлттық  рух  пен 
дүниетаным, кейіпкердің ішкі жан толғанысы молынан көрініс тапқан әдебиеттегі шоқтығы 
биік шығарма – Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы. Тығырық, елшілік, арбасу, айқас атты 
төрт  бөлімнен  тұратын  романда  кіші  жүз  руларының  Ресей  империясына  қосылған  кездегі 
тарихи жағдай суреттеледі. Үркер романы – қазақ елі басынан өткерген аса ауыр кезеңдерді, 
яғни  XVII-XVIII  ғасырларда  орын  алған  ірі-ірі  оқиғаларды  тарихи  деректер  негізінде 
баяндаған  шежірелі  туынды.  Романның  тарихи  құндылығы  мен  әдебиеттегі  орны  талас 
тудырмайды. Сонымен қатар тілдік тұрғыдан да көркемдік дәрежесі  жоғары, тілі  айрықша, 
орамды  шығарма.    Романының  лексика-фразеологиялық  ерекшеліктері  тіл  мамандарының 
ерекше  қызығушылығын  тудырып  отыр.
 
Ғалым  Бесенбай  Ардақ  Бақытұлы  2008  жылы 
жарық  көрген  «Әбіш  Кекілбаев  шығармаларындағы  окказионалдық  қолданыстар»  атты 


85 
 
авторефератында  Ә.Кекілбаев  шығармаларындағы  тұрақты  тіркестердің  окказионал 
варианттылығын қарастырылады.
 
Әбіш  Кекілбаевтың  «Үркер»  романының  лексика-фразеологиялық  ерекшеліктерін 
зерделеу  барысында  дәстүрлі  тұрақты  тіркестер  төмендегідей  тәсілдер  арқылы  өзгертіліп 
қолданылғаны анықталды: 
1.Компоненттерін өзгертіп айтуға байланысты: 

 
Шүмектей  шапшыған қызыл қан қолдарын жуып жатыр [1,13] (шүмектеп құйды  –
қатты  жауды,  сорғалата  жауды  [2,768]).  Жазушы  қан  майдандағы  адам  шығынының 
шексіздігін осылайша көрсетеді. 

 
Онда тағы да бір зобалаң қоздады дей бер [1, 271] (зобалаң туды: басына қауіп төнді, 
қауіпті  күн  туды  [2,269]).  Жазушы  қоздады  етістігі  арқылы  қауіптің  жаңа  басталып  келе 
жатақанын  суреттейді. 

 
Ата  сақалы  ауызынан  шыққанша  руын  білмейтін  бұл  қандай  маубас  [1,19]  (ата 
сақалы ауызына біткен – ер жетіп кемеліне жеткен, егде тартқан, ұлғайған. [2,72]).  

 
«Қап  бәлем  қолыма  түстіңдер  ме?  Сауда  дос  болғыларың  келсе,  әуелі  ақ  патшаға 
мойын  ұсыныңдар!»-деп  қодыраңдайтын  болса,  онда  мысықтабандап  кері  шегініп, 
«көрмегенім сен болсын» деп, сау басқа сақина салып алмай тұрғанда, аяқ-қолды тартып ала 
қою керек еді [1, 151]   Мұнда сау басына сақина тіледі: өз-өзіне қиындық істеді, ауру, азап 
сұрап алды [2,607]. 
2. Қосалқы компонеттермен кеңейтілген фразеолгизмдер. 
-  Жездеңе  айт,  ұрыншылап  келген  күйеудей  тұмшаланып  жатып  алғаны  несі?  [1,8] 
Тұрақты тіркестің қолданыстағы нұсқасы: ұрын келді, ұрын барды ,ұрын жіберді. 
3. Бір жолын түсіріп қолданған фразеолгизм. 
Ақыр заман боларда жер астынан шығатын жеті басты аждаһа осы шағар.Ирелеңдеп 
келіп  қалды[1,10].  Тұрақты  тіркестің  қолданыстағы  толық  нұсқасы:  жер  астынан    жік 
шықты,екі құлағы тік шықты:табан астына бәле шыты [2,257] 
4.  Бір  компонентін  жаңартып,  екінші  сыңар  қосып  жұмсау  арқылы  пайда  болған 
фразеолгизмдер. 
Басында  ноқта,  тірсегінде  тұсау  жоқ  бостандық  [1,14].  Жазушы  бұл  сөйлемдегі 
тұрақты  тіркестердің  мағынасын  жаңартып,  сөз  бостандығының  бейнесін  ашу  мақсатында 
қолданған.  Басынан  жүген  сыпырды:  еркіне  қоя  берді;  басына  ноқта  киді:  еркіндіктен 
айырылды,  бала-шаға  бағып,  шаруа  күйттеп  кетті.  Тілдегі  бар  тіркестердің  мағынасын 
негізге ала отырып, сөйлемнің мағынасын нақты әрі әсерлі жеткізу мақсатында жазушы жаңа 
тіркес  жасауға ұмтылады. 
 Ғалым  Ғұбайдуллин  Сәндібек  «Әбіш  Кекілбаев  прозасының  тілі»  атты  кандидатық 
диссертацияның 
авторефератында 
«Әбіш 
Кекілбаев 
прозалық 
шығармаларында 
фразеологизмдерді  дайын  күйінді  де,  авторлық  өңдеу  де  де  үйлесімді  пайдалана  білді»  деп 
баға  береді.  Тек  «Үркер»  романынан  шартты  түрде  алынған  алғашқы  25  бетінде  автор 
тұрақты  тіркестердің  дайын  күйінде  50-ін,  өзіндік  өңдеумен  22-сін  қолданған.  Бұл 
қолданыстарда    фразеологизмдер  зат  пен  құбылыстың  атауы  ретінде,  іс-әрекетке  бейнелі, 
мәнерлі реңк беру мақсатында да қызмет атқарған.  
Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романындағы фразеолгизмдердің бейнелік құрылымы әр 
түрлі,  олардың  арасында  тұрақты  эпитет  (бас  сауға  ,қуыс  өзек,  шыбын  жан)  тұрақты 
теңеулер  де  (қарадай  қағылу,  жұлдыздай  ағу,  шоқтай  жайнау)  поэтикалық  паралеллизм  де 
(пышағы бар сүйгенін жейді, пышағы жоқ тигенін жейді) кезедеседі. 
Жазушы  Ә.Кекілбаевтың  «Үркер»  романында  соматикалық  фразеологизмдер  жиі 
ұшырасады. Соматикалық фразеологизмдердің пайда болуының негізгі көзі мыналар болып 
табылады:  1. Адамның  іс-  қимылдары  мен  мимикалық  қимылы;  2. Адам  ағзасының 
фразеологиялық  сезімдері  мен  рефлекстері  псхифизикалық  қозулары;  3.   Жануарлардың 
қимылы; 4. Қазіргі заманғы дәстүрлер, салттар, ритуалдар, діни және ырымшыл көзқарас [3]. 
Ә.Кекілбаевтың 
«Үркер» 
романындағы 
cоматикалық 
фразеологизмдердің 
қолданысына төменде бірнеше мысалдар берілген: 


86 
 
1) Башқұрттар өздігінен қодыраңдап жүрген жоқ, бір шапқанда қарғанда бес шапқанға 
қарағанда, қолтықтарынан дым біркеушілер бар деседі [1,7].  
Қолтығынан демеді - сүйемеледі, көтермеледі
 [2,346].  
 
2) Қол қусырып мүсәпірсіп алдына барғасын, қанша дегенмен, аты әйел ғой, патша да 
қайдағы-жайдағы өткен кеткенді есіне түсірген шығар [1,7]. 
Қол қусырып.
 Бағынды, еріксіз көнді [2,345].   
3)
 Ішкен-жегенімізді мұрнымыздан сығып алатын болар [1,7]. 
Ішкен-жегенімізді мұрнынан шығарды. 1.Асықтырды. 2.Жегенін сығып алды  
[2,582].  
 
4)  Қапшаған  қашардың  уызынан  дәметіп,  мықтыға  арқа  сүйеп  тайтаңдаған 
башқұрттардың талапайына төзе берер жәйіміз жоқ деді [1,7]. 
Арқа сүйеді. Сүйініш қылды, тірек етті.
 [ҚТФС;47-б]. 
Қазақ  халқының  таным-түсінігінде  «біреуге  арқа  сүйеу»  деген  алдындағы  адамдарға 
сену,  сол  адамдардан  көмек  күту  деген  мағынамен  астасып  жатыр.  Көбінесе  бауырлар 
арасындағы  кенже  баланың  үлкен  ағаға  арқа  сүйеуі.  Бұл  жерде  башқұрттардың  басқа 
халқытарға  сенуін айтып тұр. 
5)
 Шіркіннің дәмесін қарай көр! Үш қазақтың екеуін теріс айналдырып, біреуін зорға 
иліктіріп  жүріп,  ормандағы  орыстың  арыстандай  ақырған  азулы  патшаның  ауызын  алмақ 
дәмесін көрмейсің бе? [1,34].  
Ауызын  алды.  1.Ауызбастырық  берді,  пара  берді,  ауызын  майлады.  2.Сөзін  алды.
 
[2,66]. 
6)
  Өткеннің  бәрі  қыз  күнінде  ата-ананың  көзін  ала  беріп  көрген  бармақ  басты,  көз 
қысты ләззаттарындай діңкілерін құртып бағады да, бүгінгілері беймаза  күйеудің беймезгіл 
мекіренгеніндей сұмпайы көрінеді де тұрады. (34-бет) 
Көзін ала бере. Көрсетпей,назары басқа жаққа ауғанда.
 [1,261]. 
бармақ басты,көз қысты. Жең ұшынан жалғасты.
 [2,94]. 
7)
 Шіркін, мынау ай асты тіршілікте өз жұртыңа не керек екенін бес саусағыңдай біліп 
тұрып, оны жүзеге асыруға тәуекелің де, ақылың да, қажыр-қайратың да жетіп тұрып, бірақ 
ол  ниетіңді  жүзеге  асыруға  алдымен  сол  емешегіңді  үзген  еліңнің  өзі  дес  бермей,  бетіңнен 
қақпайлап, көкірегіңнен кері итеріп, сыртың бұтін, ішің түтін күн кешкеннен асқан тауқымет 
бар дейсің бе! 
[1,75].
  
Бес саусақтай білді. Жатқа білді, жетік білді
 [2,113]. 
Бетін қайырды. Қарқынын бастын; алған бетінен тайдырды; жолына тосқауыл болды; 
жігерін құм қылды; қолын қақты; меселін қайтарды [2,118].  
Сырты бүтін, іші түтін. Көңілі жарым; іші құса.
 [2, 481].  
8)
  Бір-біріне  тұмсық  тірестіре  жалғасып  жатқан  осы  бір  үш  биік  –  көл-көсір  ұлы 
түздің  маңдайына  біткен  үш  сеңгір  биік  бір-біріне  сонадайдан  омырауын  ашып,  құшағын 
жайып, ентелей ұмтылысқан 
[1,59].
 
Омырауын ашып. Бейіл білдірді, кел деп қарсы алды.
 [2,416]. 
Құшағын жайып.Шын ықыласпен түсіп,кең пейілмен қарсы алды 
[2,368]. 
9)
  Жан-жақтан  анталай  қараған  ашкөз  дұшпаннан  бейқам  жатпай,  белді  буып  бекем 
отырудың жай-жапсарын толғаса бастады 
[2,71].
 
Белді бекем байлады. Бір нәрсені істеуге шындап кірісіті, тәуекел етті
 [2,110]. 
10)
  Пәлен  ғасыр  бойына  желкелеріне  мініп  келген  көшпенділердің  бір-біріне  айдап 
салып ірит-соқ қып қояды 
[1,73].
 
Желкесіне мінді. Мойнына мініп алды; біреудің еңбегін сорды; үстемдік етті.
 [2,196]. 
11)
  Сонда  өткен-кеткен  жолаушының  көзін  арбай  кететін  қырық  бұлтаң  түз  тағысы 
мен  біреудің  әлпештеп  алақанына  салып  отырған  қырмызыдай  құлпырған  жас  келінінің 
арасында қандай байланыс қандай ұқсастық болмақшы? 
[1,45].
 
Алақанына  салды.  Әлпештеп  өсірді;  мәпелеп бағып-қақты;  сый-сияпат,  қадір-құрмет 
жасады.
 [2,31].
 
12)  Сонау  биіктен  қашырта  қараған  қиық  көздіңжүзіне  түсіп  кеткенін 
байқасаң,ішіндегіні көріп қойғандай,дереу көзіңді тайдырып әкететінсің 
[1,45].
 


87 
 
Көзі түсті. Назары ауды
 [2,265]. 
13) Қашан сондай бір елшілік орысқа бара жатып,ойраттарға қолды болып келгенше 
солай бола береді 
[1,48].
 
Қолды болды. Із-түзсіз жоғалды;ұрланды
 [2;343].
 
14) Өзгелер өзінен дәметпесе, бұған қол ұшын берер қайрандары шамалы 
[1,48].
 
Қол ұшын берді. Қолғабыс етті, көмек көрсетті, жәрдемдесті.
 [2,346].
 
15) Көз ұшында құлтылдап бара жақан шұбар аттың жеткізетін түрі жоқ 
[1,45].
 
Көз ұшында. Алыста, жырақта, көз жетер-жетпес жерде.
 [2,259].
 
16) Қытай базары өздеріне ұқсап отырықшы дәпке бүйректері бұрып тұратын күнгей 
мен шығыс маңғұлдарын көргенде көптен күткен ағайындары келгендей екі етек боп елпек 
қағып, батыс маңғұлдарын көздері  шалса болды, анадайдан-ақ тұмсықтарын көкке көтеріп, 
кекірейіп шыға кедетін көрінеді 
[1,73].
 
Бүйрегі бұрды. Жаны ашыды; жақын тартты; болысты; іш тартты. 
17)
  Сол  маңқа  немелердің  жұлынын  үзіп,  жотасын  опырар  күн  туса,  қыл  жалаулы 
маңғұлдың жұлдызы тағы да зырқырап көктен бірақ шықты дей бер! 
[1,85].
 
Жұлыны үзілді. 1.Өлді,дүниеден өтті. 2.Тірегі құлады,таянышы жоқ болды 
[2,210]. 
18) 
 Мына хабар Әбілқайырдың қабырғасына қатты батты 
[1,122].
 
Қабырғасына батты. Жанына батты; қатты қыйналды;ойысты 
[2,302].
 
19)  Көзге  түсер,  келім-кетімі  көп  болар  оңтайлы  орындарға  кызыл  кеңірдек  боп 
таласатын 
[1,61].
 
Қызыл кеңірдектесті. Таласып, дауласты, керілдесті, жанжалдасып керісті
 [2,371].
 
20)  Кәрі  билердің  арғы  көмейлерін  айтпай  ұғып  қойған  жас  нояндар  құрықтарынан 
шығып кеткелі тұрған кешегі майбөксе жылы-жұмсақ ауылдарға: «Қап, бәлем, сендерді ме!» 
- деп тістерін қарш-қарш қайраулы 
[1,95].
 
Тісін қайрады. Ыза болды, кектенді.
 [2,210].
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Кекілбаев  Ә.  Он  томдық  шығармалар  жинағы,  3  том,  «Үркер»    Алматы  Өлке 
баспасы 1999 ж. 
2.
 
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Аалматы: Ғылым, 1977. – 
712 б. 
3.
 
Өтебаева Ш., Садыбекова Б.А. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі соматикалық 
фразеологизмдер //Білім. – №6(54) 2010 ж. – 33-36 б.б. 
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» Алматы, «Дайк-Пресс», 2008 ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет