Б. Б. Ахметов Редакциялық алқа



Pdf көрінісі
бет31/69
Дата13.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#125769
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69
Байланысты:
zhinak-kongress

 
 


112 
 
ӘОЖ 908 (045) 
 
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ САЯСИ- ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІ 
 
Өтесова Г.Е. 
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті 
 
Аңдатпа.
 Мақалада заманымыздың заңғар жазушысы Маңғыстаудың төл перзенті аса 
көрнекті  қоғам  және  мәдениет  қайраткері,  Қазақстанның  халық  жазушысы  Әбіш 
Кекілбаевтың саяси-әлеуметтік қызметі сөз болады. 
Түйінді сөздер: 
Маңғыстау, саясат, тәуелсіздік, қызмет, мемлекет 
  
Қойнауы  қазынаға  толы  қазақтың  қазақтың  қасиетті  жері    Маңғыстау  топырағында  
талай  танымал  тұлғалар  дүниеге  келсе  солардың  бірі  биыл  туғанына  80-жыл  толғалы 
отырған  халықаралық деңгейде кең танылған аса көрнекті, мемлекет, қоғам және мәдениет 
қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы  Әбіш Кекілбаев.  
Әбіш  Кекілбаев  Маңғыстаудың  кішкентай  Оңды  деген  ауылында      1939  жылы  6 
желтоқсанда      дүниеге  келді.  1957жылы  Таушықтағы  мектептің  1сыныбына  барып,  1948-
1954жылдары  Оңды  орталау,  ал  1956-57  жылдары  Ұштағандағы  орта  мектепте  оқиды. 
Әдебиетке құштар ол мектепті аяқтаған соң Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология 
факультетіне  оқуға  түсіп  университе  қабырғасын  жүргенде  университеттің  әдебиет 
бірлестігін басқарады. 
Университетті  аяқтаған  соң  1962-1965  жылдары  Лениншіл  жас  газетінде  бөлім 
меңгерушісі    болып  қызмет  атқарады.1964-1968жылдары  Қазақ  КСР  мәдениет 
министрлігінде  репертуарлық  -редакциялық  коллегия  мүшесі  қызметін  атқарады.1968-
1970жылдары  Кеңес  Армиясы  қатарында  болды.  1970-1975  жылдары  Қазақфильм 
киностудиясында  бас  редактор  болған  жылдары  қазақ  мәдениетіне  қыруар  еңбек  сіңірді. 
Театр  сахналарында  көптеген  жаңа  пьесалар  қойылып  жаңа  фильмдер  бүкілодақтық, 
дүниежүзілік    киноэкрандарға  жолдама  алды.  1975жылы  Қазақстан  Компартиясы  Орталық 
Комитетіне  қызметке  шақырылып    бастапқыда  мәдениет  бөліміндегі  әдебиет  секциясының 
нұсқаушысы  болып  кейін  осы  секцияның    меңгерушісі  болады.1984жылы  Дінмұхамед 
Ахметұлы  Қонаев  Әбіш  Кекілбаевті  мәдениет  министрінің  орынбасары  қызметіне 
тағайдайды.  
Ол  өзіне  сеніп  тапсырылған  Орталық  мемлекеттік  тарихи  мұражайы  құрылысын  
жоспарлы  мерзімде  аяқтап    жаңа  ғимраттың  құрылысына  қажетті    құрылыс  материалдары 
мен  технологияларды  іздеп    Қазақстан  мен  Ресейдің  біраз  жерлерінде  болады.  Сондайақ  
Алматыдағы қазігі Нұрғиса Тілендиев атындағы  Орталық концерт залын да іске қосты. Ол 
өзіне  тапсырылған  сенімді  ақтап  қазақтың  жер  су  атауларын  қазақшалап,  мұражайлардың 
салуына үлес қосты.[1.1] Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жөнделуі,басқа да оң 
істердің  шешімін  табуына  мұрындық  бола  білді.  Осы  мәдениет  министрінің  орынбасары 
қызметінде    1986  жылға  дейін  болып    осы  жылы  Қазақстан  жазушылар  одағы 
басқармасынын 2 хатшы қызметіне ауысып бұл қызметте 1988жылға дейін  болады. 
1988-1989жылдары    Қазақ  КСР  тарихи  және  мәдени  ескерткіштерді  қорғау  қоғамы 
Орталық  кеңесінің  төралқа  төрағасы  қызметінде  болады.  Осы  жылдары  біздің  дәуірімізге 
дейінгі  XII-Xжәне    IIIмыңжылдықтың    400-ге  жуық  ескерткіштерінің  қазба  жұмыстары 
арқылы  табылғандығы  Арал  маңы,  Алтайдағы  Усть  Нарым  ,Батыс  Қазақстандағы  Ырғыз 
және  тағы  басқа  ескерткіштердің    бет  бейнесін  ашуға,  Ежелгі  Тараз  жеріндегі  Жамбыл 
облысындағы  Ақтөбе  су  қоймасын,Сайрам  зиярат  орындарын  қалпына  келтіруге  де  сүбелі 
үлесін қосты. 1989жылғы Жаңаөзендегі  оқиғасына қатысты  келеңсіз жайлардың барлығын 
бұлтарпас  дәлелдермен  ашып  көрсетіп  одақтық  мұнай  министрлігіне  хат  жолдап 
республикалық баспасөзде мақала жазып теледидарда сөз сөйледі.   


113 
 
1990жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі болады.  
1990жылы желтоқсанда ел тәуелсіздігі жарияланды. 
Тәуелсіздігімізді сырттың алакөздігінен, 
іштің алауыздығынан аман сақтап қалу – біздің тарих алдындағы ең басты парызымыз
   дей 
отырып      Елбасының    беделі  қай    мемлекет  үшін  де  ұлттық  игілік  екенін  айтып  өтті.  
1991жылы  желтоқсанда    тәуелсіздік  алған  елімізде    алғаш  президент  сайлуымыз  өтіп   
президентіміздің халқымызға  ант беру рәсімінен кейін сөйлеген жүрекжарды сөздері  Әбіш 
Кекілбаев  өміріндегі  жаңа    саяси  қадамының    басы    болатын.    Осы  жылдан  бастап  Әбіш 
Кекілбаевтың  саяси  қайраткерлік  мәртебесі  мәуелі  кезеңге  көтерілді.  Қазақ  қоғамына    ең 
алдымен  ақын,  жазушы  ретінде  танылған  Әбіш  Кекілбаев  дарыны  бөлек,сөзі  ерек  жазушы 
бола  тұра  Қазақстанның  тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  сенімді 
қосшысы  ретінде  жас  тәуелсіз  мемлекеттің  саясатына  араласты.  Себебі  азаттықтың 
арайында, тәй- тәй басқан Тәуелсіздіктің әр қадамына сүйсінетін,елдің тізгінін қолына алған 
Елбасына тірек болатын азаматтар қажет еді. Шығармашылық адамының мемлекет басқару 
ісіне,  билікке  араласуы  төтенше  құбылыс  емес.        Еліміз  тәуелсіздік    алған  алғашқы 
жылдарда  ана тіліміз және жер су атаулары,ұлттық тарих және әлеуметтік мәселелерге көп 
көңіл бөлсе 1991жылдан бастап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Мәдениет, 
тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы болып сайланады. 
Өзінің кіндік қаны тамған Маңғыстауды Әбіш Кекілбайұлының  «өзі тарих пен табиғаттың 
бірге  толғаған  тамаша    дастаны»  деп  сипаттаса,  ол  қай  жерде  қандай  қызметте  жүрмесін 
киелі  мекені  туған  жері  Маңғыстауды  есінен  шығарған  емес.  Ол  әрдайым  халықтың  жәй 
күйімен,тыныс  тіршілігімен  таныса  отырып,бұрынғы  өткен  ата  бабаларымыздан  қалған 
өлшеусіз  рухани  тарихи  байлықтың  сақталу,жалғасу  жәйіне  де  айырықша  назар  аударып 
отырды. 
  1992жылы    Қазақ  КСР    жоғары  Кеңесінің    ұлт  саясаты,  мәдениет  пен  тілді  дамыту 
жөніндегі  комитетінің    көшпелі  мәжілісін  Маңғыстауда  өткізу  туралы  шешім  қабылдайды. 
1992жылдың    6-12  қыркүйегі  арасында  Маңғыстау  облысында  Қазақ  КСР    Жоғарғы 
Кеңесінің  мәдениет  тарихи  ескерткіштерді    қорғау  жөніндегі  комитеттің  көшпелі  мәжілісі 
өтіп комитеттің төрағасы болған Әбіш Кекілбаев пен  бұл жиналысқа республиканың 60-тан 
аса өнер ,мәдениет қайраткерлері, депутаттар, бірқатар министрлер қатысады.[2.2] 
Бұндағы  мақсаты  -    ұрпақтар  үшін  тарихи  мәдени  мұраларды  сақтау  ,  рухани  қайта 
түлеуге  қамқорлық  жасау,  бұл  игілікті істерді  Маңғыстаудан  бастау  және  осы  өлкені  бүкіл 
Қазақстанның  зиялы  қауымына  жан  –  жақты  таныстыру  еді.    Осы  комитеттің  көшпелі 
мәжілісінде  Маңғыстаудың  көне  тарихы,  Қарлыбас  қорымы,  өлген  адамды  өртеп  көмген 
Сақақұдық, тағыбасқа көне ескерткіштердің қай ғасырларда пайда болғандығы, ол кездердегі 
тіршілік-  өмір  салты,жаугершілік,  қоғамдық  құрылыс,  олардың  әлем  елдерімен 
сабақтастығы, байланыстылығы туралы баяндама жасайды.   
Ол сондайақ  облыстың Маңғыстау аталып қайта құрылуына атсалысуы,қалаға Ақтау 
атын қайтару, Ақтау теңіз портын салу, тағы басқа  өлкеміздің  өміріндегі маңызды істеріне 
араласып отырды. Ол   Маңғыстау энциклопедиясының алғаш жарыққа шығуына да аянбай 
ат  салысты.[3.1]  Ел  тарихында  алғаш  өмірге  келген  ұлттық  теңге  шығару,оған 
Маңғыстаудың  көне  мәдени  тарихи  ескеркіштерін  енгізу  ісіне  де  өз  үлесін  қосты. 
Ә.Кекілбаев    туған  өлкеге  келген  сайын  не  бір  кездесу  өткізбей,не  бір  газеттерде  сұхбат 
бермей кеткен  емес.  
Ол  Қазақстан  Республикасының  алғашқы  конституциясын  жасаушылардың  бірі 
болды.  Қазақстанның  мемлекеттік  рәміздерінің  Жоғарғы  Кеңес  сессияларында 
қабылдануында  да  қыруар  еңбек  етті.  Әсіресе  елтаңбаның  қабылдануы  Ә.Кекілбаевтың 
жүйелі  бұлтартпас  дәлелдерінен  кейін  ғана  жүзеге  асты.  1992-1993  жылдары  «Егемен  
Қазақстан  »газетінде бас редактор  қызметін атқарса 1993 жылы лингвистердің пікірлерінен 
туған талқылаудан кейін  бас редактор ретінде  «Егеменді Қазақстан»  газеті атауы  «Егемен 
Қазақстан» болып өзгертеді. 
 Мемлекетік тіл ана тіліміздің жөніндегі сан алуан таластарда да орынды пікір айтып 
орыс  тілінің  орны  жөніндегі  конституция  бабының  Парламентте  қайтадан  қаралу  қажеттігі 


114 
 
жоқтығын  дәлдей  білді.  Ә.Кекілбаев    1994  жылдың  сәуірінде  Қазақстанның  тұңғыш  рет 
көппартиялық кәсіби парламенті- Жоғарғы кеңестің төрағасы болып сайланды. 
Егемен  елдің  Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,мемлекеттік  тіл,мемлекеттік  шекара    секілді  
аса  маңызды  ұғымдар  қоғамдық  талқыға  түскен  тұста    мәселелердің  парасат  пен  әділдік 
пайдасына  шешудің  ең  тиімді  жолдарын  таба  білді.Сондықтан  да,  Елбасы  Нұрсұлтан 
Әбішұлы  Назарбаев  Әбіш  Кекілбаевқа  1995жылы      «Бейбітшілік  пен  татулық»  сыйлығын 
тапсырды.  Мемлекет  басшысы:  «Бұл  абырой  биігіне  Сіз    табиғат-  ана  молынан  сыйлаған 
ақыл  парасатыңыздың  қажымас  қайратыңыздың,  дара  дарыныңыздың  арқасында  жетіп 
отырсыз.  Сөз  танитын  адамды  тәнді  етпей  қоймайтын  кітаптарыңыздағы    ордалы  ойлар, 
терең  толғаныстар  сіздің  мемлекеттік  қоғамдық  қызметіңізде  жаңаша  жалғасып,  жарқырай 
көрінгені- халықтың ортақ игілігі» деген еді.  
Бұл үлкен сыйлық оның тәуелсіз қазақ елінің әралуан міндеттері мен проблемаларын 
философиялық  тұрғыдан  жан  жақты  сөз  еткені,көтерген  мақалары  үшін  берілген  болатын. 
[4.1]Әбіш  Кекілбаевтың  қаламынан  туындаған  шығармалар  әдебиетіміздің  ортақ  игілігі 
болса оның мемлекеттегі, жалпы қоғамдағы әр іс әрекеті халықтың ортақ игілігіне айналып 
отырғаны  ақиқат.   Республикамызда    мемлекетік хатшы  деген    лауазым    1996  жылы  пайда 
болса  бұл  лауазымды  1996жылдың  наурызында  елбасымыз  ҚР  «Мемлекетік  хатшының  
дәрежесі    мен  уәкілеттілігі  туралы»  қаулысы  негізінде  бекіткен    болатын.  Осы  қызметте 
алғашқыда  Ахметжан  Есімов    отырса  оның  басқа  қызметке  ауысуына  байланысты    1996 
жылдың  30  қазанынан  бастап    Әбіш  Кекілбаев  отырып  бұл  қызметте  2002  жылдың 
қаңтарына  дейін  болады.  Әбіш  Кекілбаев  Мемлекеттік  хатшы  болып  тағайындалғанда 
Брюссельден  Шыңғыс  Айтматов  «Әбіш  інім.Тарих  біліп  істегендей.  Бұл  қызметке  келуің  -
ұлттың  табысы.  Өмірің  өркендесің,еңбегің  -халық  үшін,қаламың-  рух  үшін,ақылың  -заман 
үшін деп батасын берді.[5.1]  
Мемлекеттің хатшылық қызметте болған кезде  оның бастамасымен «Ұлттық татулық 
пен  саяси  қуғын  өсүргін  құрбандарын  еске  алу»,  «  Халық  бірлігі  мен  ұлттық  тарих»,  
«Ұрпақтар сабақтастығы  жылдары ресубликамызда» кең көлемде аталып қыруар жұмыстар 
жасалды.  Қазақ  елінің  рухани  мұралары  және  төл  тарихымызға  үңілу,  еліміздің  тарихын 
құрметтеу сезімінің қалыптасты.Әбіш Кекілбаев 2002-2010 жылдарда Парламент Сенатының 
депутаты,  Халықаралық  істер,  қорғаныс  және  қауіпсіздік  комитетінің  мүшесі  болды.1995 
жылы  Әбіш  Кекілбаев  Егемен  Қазақстан  газетіне  берген  бір  сұхбатында  былы  дейді  . 
Адамдар  мен  халықтардың  арасындағы  жарастыққа  қызмет  ету  менің    суреткерлік  те, 
азаматтық  та  парызым...Мен  әдебиетші  болмасам,саясатқа  келмес  ем.  Суреткер  болмасам, 
күрескерде болмас ем. Бұрын суреткер ретінде толғандырған мәселелер мені азамат ретінде 
де толғандырып жүрген мәселер еді. Қиял арқылы шешіп келген мәселелерге нақты өмірде 
тікелей  атсалысуға  мүмкіндік  туып  тұрса,  одан  қалайша  бой  тартамын?Оның  үстіне,қай 
кезде  де  қаламгерлік  еңбекті  қоғамдық  қызметпен  ұштастырып  жүрген  адаммын.Саясатқа 
келгенімен келгеніме өкінбеймін деген екен [6.1] 
Әбіш  Кекілбаев  әдебиет  майданында  жауынгерліктен  қолбасшылыққа  көтерілген 
қазақ тарихын  о шеті мен бұ шетін терең сүңги зерттеген  кеменің капитаны десем, ешкім 
дау  айтпас.  Сондай  ақ  біз  көрген  тірі  философтардың  ішіндегі  қоғамның  даму  үрдісін, 
кешегісі  мен  бүгінін  біліп  қана  қоймай,өз  ойшылдығымен  қоғамның  келешегіне  жаңа 
ғылыми-  тәжірибелік  тұжырым  жасай  алатын,қатарынан  ілгері  келе  жатырған,қазақ 
халхының маңдайына біткен дара тұлғалардың бірі де бірегейі[7.2] 
Әбіш 
Кекілбаев 
қоғамдық 
іске,саясатқа 
жетіктігімен,өскелеңдігімен,өзіндік 
көзқарасымен  ерекшеленіп  келді.  Ол  өмірінің  қай  кезінде  де  әдебиетшілдігімен 
саясаткерлігін  ардақтай  тең  ұстаған.  Егер  саясат  деген  өнер  болса,Әбіш  соның  кемел 
өнерпазы.Кешегі жылдардағы ,еліміз егемендік алар кездегі қым қиғаш жағдайлар,көп ұлтты 
республикадағы  халықтың  саны  жағынан    жартысынан  да  жетпейтін  қазақ  халқының 
басындағы ұлттық , тіл мен діл мүддесіне қатысты қасарысқан психология жібімей,көзі ашық 
деген  жандардың  өзі  тар  жол  мен  ақ  жолды  айыра  алмай  шатасып  тұрған  шақта  Елбасы 


115 
 
қасынан табылып, табиғат берген жомарт парасатын ел игілігіне аянбай жұмсаған қазақтың 
біртуар тұлғаларының бірі болды. 
Қазақстанның  дамуына  өзіндік  үлес  қосқанын  елбасы    өте  жоғары  бағалап  осы 
еңбектері  үшін Әбіш Кекілбаев 2004 жылы 15 желтоқсанда   «Қазақстан Республикасының 
Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев»  орденімен    марапатталды.2009  жылы    70  жасқа 
шыққа мерей тойында  Президентіміз Мемлекетке  сіңірген  еңбегі,  мәдениет  пен әдебиетті 
дамытуға қосқан қоғамдық қызметі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді.  
Әбіш  Кекілбаев    өз  орнын,яғни  шынайы  азаматтық  келбетін,  қайраткерлік 
тұлғасын,жазушылық  қабілетін  ешкімнің  әсерелеуінсіз  ақ  баршаға  мойындатқан,  барынша 
дәлелдеген жан. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.  Әбіш  Кекілбайұлы-қаламгер,қайраткер,саясаткер  .Құрастырған  Ж.Бошалақов. 
Алматы. Анатілі баспасы жшс 2009 
2.  Маңғыстау газеті // 2009ж 27 тамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет