Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет80/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

Жазу жұмыстарын бағалау мөлшері
Диктант
Оқушылардың емле ережелерін қолдана білуі мен тыныс белгілерін дұрыс қоя білуін біліп отыру керек болады. Сондықтан олардың диктанттарын тексергенде, бір жағынан, хаталардың саны мен түрін, екінші жағынан, диктант тексінің мөлшері мен түрін де ескеру керек.
Мектепте жүргізілген диктанттардың қорытындысын салыстыру керек болады. Сондықтан, ең әуелі, диктанттар бірыңғай болуға тиіс.
Әр класқа арналған диктант тексінің сөз саны мынадай болу керек: 5-класс - 110 сөз; 6-класс - 130 сөз; 7-класс - 150 сөз. Шылау сөздер жеке-жеке сөз болып есептеледі.
Бұл нормалар әр класта сол мөлшерде бірден жазылмайды; жыл басында жаздырылатын сынау диктантындағы сөз саны өткен жылғы норма бойынша болады да, I тоқсан аяғында соған 10 сөз қосылады. II тоқсан аяғында тағы 10 сөз қосылады, қысқасы, жылдың екінші жарымы басында жоғарыда көрсетілген нормалар толық енгізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет