Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет100/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

Орта мектепте стилистикадан берілетін
білімнің жүйесі, көлемі мен мазмұны


Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде қолданылып жүрген қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің программасында стилистиканы мектепте оқытудың мазмұны мен көлемі мектеп оқушыларына сай айқындалмаған. Өйткені, 1969-1970 оқу жылындағы қазақ тілі программасында «Стилистика» тарауы VIII класс көлемінде ғана көрсетіліп, оның өзінде тек лексикалық стилистиканы, тілдегі көркемдік пен мәнерлілік құралдарын оқыту көзделеді. Оқушыларға тіл сильдері туралы тек мәлімет беру ғана қарастырылды. Ал 1980-81 оқу жылында тіл стильдері туралы мәлімет IV кластан бастап әр класта белгілі бір түрмен таныстыру, тіл дамытуға байланысты қарастырылды да, VIII кластағы «Стилистика» тарауын оқыту қысқартылды. Бұл жылдардағы мектеп программасындағы практикалық стилистиканы қандай жүйемен оқып, тіл стильдері туралы оқушыларға қандай білім мен дағды беру мәселесі толық шешілмеді.
Ал, 1987 жылы мектеп реформасына байланысты жасалған программада стилистикадан мәлімет беру «Тіл. мәдениеті», «Тіл ұстарту» бөлімдеріне міндеттелінді. Бірақ оның көлемі мен мазмұны нақты анықталмады.
Бұл жағдай қазіргі қолданылып жүрген қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтарында да көрініс тапқан.
Атап айтқанда, 1979-80 оқу жылындағы программаға сай жасалынған қазақ тілі оқулықтарында тек VIII класта ғана «Стилистика» тарауынан білім мен дағды беруге байланысты материалдар енгізілді. Яғни, грамматикалық стилистика және тіл стильдері туралы анықтамалар, олардың өзіндік ерекшеліктері, тілдік қүралдары туралы материалдар берілді. Ал VIII класта бұрынғы стилистикаға байланысты материалдар алынып тасталынды. Тіл стильдерінен мәлімет беру тек тіл ұсарту сабақтарына ғана жүктеліп, әр класс көлемінде таратылды. Оқулықтарда стилистикадан, тіл стильдерінен оқушыларға білім мен дағды беретін анықтамалар, материалдар берілмеді. Тіпті, грамматикалық материалдарға байланысты практикалық стилистиканы оқыту туралы мәселелер де қаралмады. Жаңа программа бойынша жасалынған оқулықтарда да стилистикадан, стиль түрлерінен теориялық білім беруге арналған анықтамалар жоқ.
Программа мен оқулықтарға байланысты жалпы орта білім беретін мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқушыларға стилистика мен тіл стильдері туралы практикалық білім мен дағды беретін жаттығулар мен материалдар жүйесі жасалынған жоқ. Қазіргі қолданылып жүрген оқулықтар мен казақ тілі пәніне арналған дидактикалық материалдарда, жаттығулар мен тапсырмаларда оқулықтағы теориялық грамматика материадцармен байланыстыра қазақ тілінің стилистикасынан дағдылар беру мақсат етілмеді. Сондықтан мұғалімдердің озат тәжірибелері мен зерттеу
қортындыларына сүйеніп, стилистика мен тіл стильдері туралы білім орта мектепте мына жүйеде берілуін ұсынамыз:
Функциональдық стилистика жөнінде мәліметтерді V кластан бастап-ақ жүйелі жүргізуге болады. Осыған орай, мектепте стилистиканы оқытуды үш саламен жүргізу керек:

  1. V-VI класта функциональды стилистика туралы алғашқы
    түсінік беру. Бүл кезеңде: ауызекі сөйлеу стилі мен кітаби
    жазба стильдерінің ерекшеліктерін тани білу, лексика сөз
    құрамы, морфология және синтаксис материалдары
    бойынша әдеби тіл стильдерінің тіддік .ерекшеліктері мен
    олардың тілдік құрамдары туралы алғашқы мәліметтер беру
    қарастырылады. Ең негізгі мәселе - оқушылардың тіл
    байлығын арттыру, ол арқылы сөздердің актив, пассив
    болып бөлінетіндігін, яғни ол сөздердің күнделікті қарым-
    қатынаста қолданылуында бір-бірінен ерекшеленетін үйрету
    болып табылады. Бүл кезенде оқушыларға стиль түрлерінің,
    әсіресе, ауызекі сөйлеу мен кітаби жазба текстерінің тілдік
    құралдарындағы айырмашылықтарды таныту керек.

  2. VII кластарда стиль түрлерінің, әсіресе, кітаби жазба стиль
    түрлерінің ерекшеліктерін, тілдік құралдарды пайдаланудағы
    айырмашылықтарын таныту көзделеді.

Бүл кезенде оқытылып отырған грамматикалық материалдардың стилистикалық қолданылуы, реңдері үйретіледі. Соған орай, тіліміздегі синонимдік құбылыстар, тілдің экспрессивті-эмоциональды мәндерінің жасалу тәсілдері, тілдегі ауыспалы мағынаның жасалу тәсілдері мен мақсаттары, тілдің көркемдегіш және бейнелегіш құралдары, т.б. туралы білім және дағды беріледі.
3. .ІХ класта стилистика, функциональды стилистика туралы
білімдері қорытылып, бір жүйеге келтіру бағытында
жүмыстар жүгізіледі.
Бұл кезенде оқушылар стилистика тіл білімінің бір саласы екендігі жөнінде, функциональды стильдер мен практикалық стилистика туралы жүйелі білім мен дағды алады. Стильдерді іс жүзінде қолдана білу мен дағды беру мақсат етіледі.
Стилистикадан білім жүйесі, мектептердегі стилистикадан берілетін білім, дағды беру компоненттері (мақсат, мазмұн, әдіс-тәсілдер, жаттығу түрлері, т.б.) тұтас процесс деп үғынылады. Өйткені, мектепте стилистикадан білім беру негізінен әрбір сабақтың бір бөлімі ретінде қарастырылады. Стилистикада білім мен дағды берудің мына сияқты сатылары бар.
1) Стилистикалық қарапайым ұғымдармен таныстыру, алғашқы стилистикалық іскерлік пен дағдыларды дамыту; 2) Стилистикадан жүйелі түрде теориялық, практикалық білім мен дағды беру; 3)Тілдің стилистикалық құралдары мен тіл стильдері туралы білім мен дағдысын қайталау, терендету, жинақтау; 5) Практикалық қолдана білуге баулу.
3. Белгілі бір тақырыпта диалог құра білу, онда ауызекі сөйлеу стилінің ерекшеліктерін пайдалана білу.
4. Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік құралдарын пайдалана отырып, соған байланысты мысалдар келтіре алу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет