Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы


Таң ақ таңлақ болып сарғайып, талауранып атып қалған екен. (С.Сейфулин Шығ. 4-том, 1962, 149). 12



бет97/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

11. Таң ақ таңлақ болып сарғайып, талауранып атып қалған екен. (С.Сейфулин Шығ. 4-том, 1962, 149).
12. Ғазиза шыққан уақытта таң жаңа белдеуленіп атып келе
жатыр еді. (Әуезов М., Шығ. 1-том 979, 186).

  1. Таң қыландап келе жатқаннан жүгін арта бастаған ауыл жаздың күні жақын белден жаңа қызарып шығып келе жатқанда, ескі жұрттан жөнелген. (Бұл да сонда, 263).

  2. Бөгелген сайын таң шапақтап алып, айнала айқын қөрініп келеді. (Әуезов М., «Абай жолы», 1, 1961, 234).

Тілді жете меңгерген адам «ат желді», «ат шапты» деп жай айта салмайтыны белгілі. Ат жүрісінің, желісінің, шабасының түрі де сан алуан. Біз соның ішінен М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан ғана мысалдар оқимыз.

  1. Алыс-жақыннан келген қалың топтардың бәрі-бөрі де әзірше осылай бәйгелерін жұтындырып, көлбек қақтырып келіп жатыр (269).

  1. Аздан соң ғана ауылдан шыға бергенде, сары ат топ алдына түсіп, ойқастап, қайта-қайта жер сүзіп, көбінше, қырынан бүлкектеп отырды. (5, 154).

  1. Тайпалған қатты жорға өзге жүргіншінің бәрін cap желдіріп келеді.(135).

  2. Қолдың алды Құнанбайлар қатты жүріп, сау желіп келеді. (90)..

  3. Міне, қазір Майқанның Ташкент аллейіне қарай әлі де қатты тайпалатып, соқтырып келе жатқан торжорғасының осындай өмірбаяны барды. (6, 193).

  4. Артында қалып, майырға ерген лаушыдай қашағаны текіректейміз (12).

  5. Жерқылаң мінген, қылаңнан киген екі жігіт кешкі салқынмен есіп
    жүріп кеткенде, кер бетеге, боз көденің арасынан зорға көрінгендей. (279).

  6. Оншақты жорғалардың ең алдыңғы тобында аппақ боз жорғамен «үзеңгі қағысып», торжорғаға да безілдетіп келеді екен. (6, 203).

  7. Байтаста үн жоқ , өз бетімен зымғап барады. (9).

  8. Құнанбай жақын маңдағы рулардан басқа, Қыдыр мен Шұңай,
    Доғалаң сияқты тауларды мекен еткен Тоғалақ, Әнет, Бәкенді де шақыртып, қос-қос атпен шапқыншылар ұшыртқан. (213).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет