II КЛАСТА БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН БАЙЫТУ ЖҮМЫСЫН ЖҮРГІЗУ МЕТОДЫ Биылғы шығып отырған бастауыш мектеп программасында қазақ тілінен оқушылардың сөйлеу тілін байыту (бұрын тіл ширату дейтін) жұмысы туралы бұрынғыдай айрықша бөлім берілген жоқ. Өйткені оқу сабағы мен грамматика сабағына байланыссыз айрықша оқушылардың сөйлеу тілін байыту жүмысы болуы да мүмкін ейес.
Балалардың сөйлеу тілін байыту жұмысы оқу сабағымен грамматика сабағына байланысты жүргізіліп отырылуы керек.
II класта оқушылардың сөйлеу тілін байыту жұмысының
мынадай түрлері болады:
1) Мағынаны түсініп оқып, оны дұрыстап қайталап айтып
беруін жетіддіру;
Оқушылардың сөздік сапасын молайту;
Сөйлем құратып үйрету
Оқығаны, көргені, естігені жайында дұрыстап, байланысты
етіп қайтара ауызша айтып және жазып беруге үйрету;