Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет90/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

V-IX кластарда жүргізілетін диктант нормалары, оларды бағалау
(1991/1992 оқу жылына)
Оқушылардың сауаттылығын есепке алып, білімін бағалау үшін оқу жылының басы мен соңында, сонымен бірге әрбір тоқсанда жүргізілетін бақылау диктанттарының сөз саны мынадай нормаларда белгіленеді:
V класс үшін — 90-100 сөз; VI класс үшін — 100-110 сөз; VII класс үшін — 110-120 сөз; VIII класс үшін — 120-140 сөз; IX класс үшін — 140-160 сөз; қажетіне қарай X класс үшін — 170-180 сөз; XI класс үшін — 190-200 сөз беріледі.
Диктант тексінде әрбір өтілген ережеге байланысты кем дегенде 2-3 орфографиялық және тыныс белгілерінің объектілері болуға тиіс. Бір диктант құрамында ұшырасатын орфографиялық және тыныс белгілерінің объектілері мынадай нормадан аспауға тиіс:
V класс үшін әр түрлі орфограмма саны - 12 және тыныс белгісі - 2-3;
VI класс үшін әр түрлі орфограмма саны - 16, тыныс белгісі - 3-4;
VII класс үшін әр түрлі орфограмма саны — 20, тыныс белгісі — 4-5;
VIII класс үшін әр түрлі орфограмма саны — 24, тыныс белгісі — 10;
IX класс үшін эр түрлі орфограмма саны — 24, тыныс белгісі — 15-тен
аспау керек.
V-IX класс оқушыларының диктанттарын бағаларда мұғалім мыналарды басшылыққа алады:
Диктанттағы орфографиялық және тыныс белгілік қателері жеке есептеледі. Баға жалпы қойылады.
«5» деген баға қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге немесе тыныс белгісінен жеңіл 1 қатесі бар диктанттарға қойылады ( )
«4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар, немесе
емледен 2, тыныс белгісінен 4 қатесі бар, немесе емледен 1, тыныс
белгісінен 5 қатесі бар диктанттарға қойылады ( )
«3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар, немесе
емледен 5, тыныс белгісінен 6 қатесі бар, немесе емледен 3, тыныс
белгісінен 8 қатесі бар диктанттарға қойылады ( )
«2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі бар, немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі бар диктанттарға қойылады ( )
«1» деген баға қате саны «2» деген бағаға көрсетілген мөлшерден асып кеткен диктантқа қойылады.
Диктантпен қосымша жүргізілетін бақылау тапсырмаларына екі баға қойылады: бірі — диктантқа, екіншісі - грамматикалық тапсырмаға. Грамматикалық, лексикалық, орфографиялық қосымша тапсырмаларды бағалауда мынадай жайттар басшылыққа алынады:
«5» деген баға толығымен дұрыс орындалған жұмысқа қойылады.
«4» деген баға тапсырманың кем дегенде 3/4 бөлігі дұрыс орындалған жұмысқа қойылады.
«3» деген баға тапсырманың кем дегенде 1/2 бөлігі дұрыс орындалған жұмысқа қойылады.
«2» деген баға тапсырманың жартысынан азы дұрыс орындалғанда қойылады.
«1» деген баға орындалмаған немесе түгелдей дұрыс орындалмаған жұмысқа қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет