Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет91/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

IV- VII кластарда мазмұндама жұмысын бағалау
Мазмұндама тексі оқытудың білімдік, тәрбиелік міндеттеріне сай, мазмұны мен тілі оқушыларға түсінікті болуы тиіс; Мазмұндамаға әдебиет бағдарламасында көрсетілген көркем шығармаларды да, бағдарламадан тыс текстер де алынады.
Мазмұндама текстері байланыстырып сөйлей білу және мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту мақсатына сай келуі тиіс.
Мазмұндама текстерін мына көлемде (шамамен) алуға болады:
V класс үшін — 100-150 сөз;
VI класс үшін — 150-200 сөзге дейін;
VII класс үшін - 200-250 сөз;
VIII класс үшін — 250-350 сөзге дейін;
IX класс үшін — 350-450 сөзден аспауы тиіс.
Мазмұндаманы бағалағанда мына нормаларды басшылыққа алу керек: «5» деген баға:

  • текст толық және желісі сақталып баяндалған, мазмұны дұрыс үғынылған, нақты материалды баяндауда қате және дәлсіздік жоқ;

  • тілі бай, синтаксистік жағынан дұрыс, ойы айқын, дәл, сауаттылығы диктант нормаларына сай мазмұндамаға қойылады.

«4» деген баға:

  • мазмұны дұрыс ашылған, оқиғаның желісі сақталған;

  • тілі жатық, бірақ сөйлем құруы мен сөз қолданысында бір-екі олақтығы бар;

  • сөз тандап қолдануы мен сөйлем құрастыруында үш қана қатесі бар, емле қатесі үшеуден, тыныс белгісі қатесі ушеуден аспаған немесе бір емле қатесі және төрт тыныс белгісі қатесі бар
    мазмұндамаға қойылады.

«3» деген баға:

  • мазмұны негізінен, дұрыс берілген, бірақ уақиғаны баяндауында 1-2 дәлсіздік бар, немесе уақиға желісінен аздап ауытқушылық бар;

  • сөздерді талғап алуында немесе сөйлемдерді құрауында төрттен аспайтын қатесі бар, емле қатесі бестен, тыныс белгісі қатесі алтыдан немесе үш емле қатесі және сегіз тыныс белгісі қатесі бар
    мазмұндамаға қойылады.

«2» деген баға:

  • мазмұны жеткілікті түрде толық берілмеген, текстен көптеген ауытқушылық бар, нақты материалды баяндау желісінде елеулі
    кемшіліктер бар;

  • сөздерді тандап қолдануы мен сөйлем құрастыруында алты қатесі бар;

- емле мен тыныс белгісі қателері он төртке жеткен мазмұндамаға қойылады.
«1» деген баға:
- мазмұнын баяндап бере алмаған, сөздерді тандап қолдануы мен сөйлемдерді құрастырып жазуында алтыдан артық қатесі бар,
орфографиялық және пунктуациялық қателері 14-тен асып кеткен мазмұндамаға қойылады.
Ескерту:
Егерде мазмұндама орфографиялық жағынан сауатсыз жазылған болса, онда мұндай мазмұндамаға тәуір баға қоюға болмайды. Егер мазмұндама сауатты жазылғанымен, мазмұнын бере алмаса, тілі жатық болмаса, мұндай мазмұндамаға да қанағаттанарлық баға қоюға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет