Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет88/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

VI класс
а) Текстің мазмұны ойдағыдай дұрыс, және екі ұшты сөздер жоқ, түйінді жерлерден түсіп қалғаны болмаса; б) фактылар және ой іргесі тәртібімен айтылса; в) алған сөздерінде, сөйлем құрылысында хаталар жоқ; г) емле хатасы жоқ. Тыныс белгілер хатасы — 2; д) сөзі оңды, анық болса: «5» қойылады.
а) Текстің мазмұны ешбір хатасыз, мағына бұзылатын жері де жоқ, түйінді жерлері түгел айтылған болса; б) текстен фактылар түсіндірілмей, ой іргесі тәртібімен айтылса; в) алған сөздерінде, сөйлем құрылысындағы хаталар 2-ден, емле хатасы 2-ден, тыныс белгілері хаталары 3-тен аспаса: «4» қояды.
а) Текстің мазмұны негізінен дұрыс, ой-тәртібі де дұрыс берілгенмен, кейбір дәл еместігі болса; б) алған сөздері мен сөйлем құрылысындағы хаталар саны 3-тен аспаса; в) емле және тыныс белгілері хаталары VI класта диктанттан «3» бағаланатын мөлшерден аспаса: «3» - қойылады.
а) Текстің мазмұнын беруде соның мағынасын бұзатындай 1-2 хата болса; б) алған сөздері мен сөйлем құрылысында 4-5 хата болса; в) емле және тыныс белгілері хаталары VI класта диктанттан «2» қойылатын мөлшерден аспаса: «2» қойылады.


Текстің мазмұны әрі байланыссыз, әрі бұзылып айтылса, алған сөздері мен сөйлем құрылысындағы хаталар тым көп болса, емле және тыныс белгілері хаталары «2» деп бағалану мөлшерінен артық болса: «1» - қойылады.


VII класс


а) Текстің мазмұны ойдағыдай — дұрыс, хата, екіұшты сөздер жоқ, түйінді жерлерінен қалып қойғаны тағы жоқ, фактылардың, ой іргесінің тәртібі сақталған болса; б) алған сөздері мен сөйлем құрылысында хата жоқ; в) емле хатасы жоқ, тыныс белгілері хатасы 2-ден аспаса; г) сөзі дәл және анық болса: «5» - қойылады.
а) Текстің мазмұны дәл айтылған, мағына бұзылатын бұрмалау жоқ, ой іргесі түгел берілген, фактылары мен ой іргесінің тәртібі ретті болса; б) алған сөздері мен сөйлем құрылысында 1-2 хата болса; в) емле және тыныс белгілері хатасының саны диктанттың VII класс мөлшерінен аспаса: «4» - қойылады.
а) Текстің мазмұны негізінде дұрыс берілуімен қатар, уақиғаның кейбір тарауларын айтуда дәлсіздік бар, бірақ уақиғаның жалпы тәртібі дұрыс болса; б) алған сөздері мен сөйлем құрылысындағы хаталары 2-3-тен аспаса; в) емле және тыныс белгілері хаталарының саны VII класс үшін тағайындалған нормадан аспаса: «3» - қойылады.
а) Мазмұндамада текстің мағынасын бұзарлықтай 2-3 хата болса, немесе мазмұндамадағы түйінді жерлердің ой іргесінің тәртібі бұзылса; б) алған сөздері мен сөйлем құрылысында 3-4 хата болса; в) емле мен тыныс белгілері хаталарының саны диктанттан VII класс үшін тағайындалған мөлшерден аспаса: «2»- қойылады.


а) Текстің мазмұны дұрыс берілмеген, не фактылардың байланысы, ой іргесінің тәртібі ауысып кеткен болса; б) алған сөздері мен сөйлем құрылысындағы хаталар 4-тен артық болса; в) емле, тыныс белгілері хаталарының саны «2» баға мөлшерінен асып кетсе: «1» - қойылады.
Ескерту:

  1. Жазудың мазмұны, стилі, емле мен тыныс белгілері жөніндегі
    хаталардың саны тағайындалған мөлшерден асып кетсе, бұл
    мазмұндаманың бағасын кемітеді.

  2. Егер мазмұндаманың тілі жақсы, көркем образдар дәл және
    орынды жерінде пайдаланылған болса, ондай жұмысты көтеріңкі
    бағалауға мұғалімнің правосы бар.

  3. Егер оқушының жазуы лас, қалай болса солай, танылмастық
    болып жазылған болса, ондай жұмысты мұғалім кеміте бағалауға
    ерікті.

  4. Егер мазмұндамадағы сөздер саны, ауырлығы, орташа диктант
    үшін белгіленген мөлшерден көбірек болса, ондайда емле мен
    тыныс белгілері хаталарының мөлшерін диктанттағы мөлшерден
    арттыруға болады".



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет