Сөйтіп, VІ -VІІ кластардың диктанттары былай бағаланады:
а) диктантта емле хатасы жоқ, тыныс белгісі хатасы 1-ден артпаса: «5»;
б) диктантта емле хатасы жоқ, тыныс белгісі хатасы 4-тен артпаса, немесе емле хатасы - 2-ден, тыныс белгісі хатасы - 2-ден артпаса: «4»;
в) диктантта емле хатасы 4-тен, тыныс белгісі хатасы 4-тен немесе емле хатасы 2-ден, тыныс белгісі хатасы көп болып, екеуін қосқанда 8-ден артпаса: «3» қойылады.
г) диктантта барлық хаталардың саны 12-ден арпаса, соның ішінде емле хатасы 6-7-ден артпаса: «2» қойылады.
д) диктанттағы хаталар «2» деген баға мөлшерінен артып кетсе: «1» қояды.
Осы мөлшерлерді қолдана отырып, хаталардың түріне, диктанттың орындалу сапасына қарай, мұғалімнің кейде бағаны өсіруге де, кемітуге де правосы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |