Диктанттың қиын-жеңілдігі мынадай моменттермен байланысты:
Мазмұнының түріне қарай (таныс, оқушыларға қызықты немесе қызықсыз);
текстің тілі мен стиліне қарай (түсінікті, көп қолданылатын, не сөйлем құрылысы ауыр);
текстегі сөздерде емле ережелері мен тыныс белгілері көп кездесуі. Диктанттарды салыстыруға оңай және бағалау ісі бірыңғай болу үшін диктантқа текст алғанда төмендегі ережелерді ескеру керек:
1. Диктант тексті мазмұн жағынан оқушыларға толық түсінікті болсын.
2. Диктант ішінде, оқушыларға түсініксіз бір сөз болмасын, синтаксис құрылысы оқушылардың ұғымына сәйкес болсын.
Тіпті олай етуге мүмкіншілік болмаған күнде, әлгіндей-түсініксіз сөздерді мұғалім айтып түсіндіреді және тақтаға жазып қояды.
V класқа берілетін диктант тексті көбіне-ақ, жай сөйлемдерден, аздап құрмалас сөйлемнің жеңіл түрлерінен құралған болу керек.
VI класта да диктант тексті көбінесе жай сөйлемдерден құралады
да, сонымен қатар, біріңғай мүшелі, оқшау сөзді сөйлемдер көбірек болуы керек.
VII класта, программа бойынша, құрмалас сөйлемдердің түрлері басымырақ болуы тиісті; дегенмен бұл сөйлемдер де ықшамдау болу керек.
Тексеру мақсатымен жүргізілетін диктанттар үшін әліптеме
түріндегі повесть үзінділерін алу керек, VII кластар үшін диалог
түріндегі сөздерді де қатыстыру керек.
Тексеру мақсатымен жүргізілетін диктанттарға қойылатын шарт:
а) сол диктантта қазіргі уақыттың өзінде оқылып отырған тақырыпқа
байланысты әрбір ережеге ең кемінде 2-3 мысал болуы керек;
б) сонымен қатар өтілген тақырыптармен де байланысты емле, тыныс
белгілері ережелеріне де жататын мысалдар болсын.