Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗУ ЖҰМЫСЫНА БАҒА ҚОЮ



бет77/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗУ ЖҰМЫСЫНА БАҒА ҚОЮ
(1938 жылғы)
Осы күнге дейін көп мұғалімдер оқушылардың жұмысына баға қоймай, құры қараумен келеді, ол дұрыс емес. Мұғалім өз тапсыруымен оқушыларға жаздырған барлық жазу жұмысын өне бойы қарап, тексеріп, жаңа оған баға қойып отыруы керек. Баға оқушыларды дұрыс жазуға үйретеді. Қойылған бағадан жазу жұмысының қай түрде бара жатқанын мұғалім де, оқушы да біліп отырады.
Баға отлично болса, оқушылар өне бойы отлично болуын көздейді. Бір себептермен балалар жазуына жаман немесе орта деген бағаны алса, дереу жақсы немесе отлично алуға ұмтылады.
Балалардың өздігімен істеген жазу жұмысын тексеріп баға қойып отыру оқушылардың білім дәрежесін тиянақты тәртіпке салуды жаңа жоғарылатылады. Баға қойып отыру, үйде жазу жұмысын дәл, таптүйнақтай етіп орындауына дем береді. Жазу жұмыстарында қойылған баға мұғалімге де, әрбір оқушыны танытады, оқушылардың зейінінің даму дәрежесін жаңа жалпы шамасын білдіреді. Бағадан мұғалім оқушылардың ұқыптылық қалпы мен дағды қалпын, сонымен қатар, жазу жұмысының қарқынын, жазудан білгенін тәжірибеге асыра алушылығының барысын көріп отырады.
Мұғалім жазу жұмысын үздіксіз- өне бойы тексерген жаңа оған баға қойып отырса, ол оқушыларды жазу жұмысына қызықтырып, жазуға жаттықтырып отырғаны болады. Мұғалімнің мұндай оқушылар жұмысын өне бойы тыңғылықты түрде тексеріп, қадағалап, баға қойып отыруы балалардың мектепке кірген күнінен басталып, мектепті бітіріп шыққанына шейін жүргізіліп отырылуы керек. ... ...
Оқушылардың жазған жазуларын тексеріп, бағалағанда бірсыпыра мүғалімдер: I) «Өте жақсы», «жақсы, орта, жаман, өте жаман».
II) «Өте ерекше», «ерекше», «жақсы», «орта», «жаман», «өте жаман».
«Өте жақсы», «жақсы», «шамалы», «жаман», «тіпті жаман».
«тіпті жақсы», «жақсы», «орташа», «жаман», «тіпті жаман».
V) «жақсы», «қанағаттанарлық», «нашар», - деп баға қояды екен.
Барлық мектеп оқушыларына қойылатын баға бір ізде болуы керек.
БК/б/П- ның Орталық комитеті мен СССР Совнаркомы 1935 жылғы 3-сентябрьдегі «Бастауыш, орталау, жаңа орта мектептердің ішкі тәртібі мен оқу жұмысын ұйымдастыру туралы» қаулысында мектептерде оқушылардың сабақ үлгеруіне баға қойылып отырсын, жаңа да баға «өте жаман», «жаман», «орта», «жақсы», «отлично» -бесеу болсын деп ашық көрсеткен болатын. Сондықтан оқушылардың жазу жұмысын тексеріп, бағалағанда мұғалім осы қаулыдағы көрсетілген баға түрлерін ғана қолдануы керек.
(Материал «Ауыл мұғалімі» журналының 1938 жылғы N14, Б 14-40 алынды)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет