ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН БІЛІМІН БАҒАЛАУ МӨЛШЕРІ
(1946жылғы)
II. V-VII кластар.
Оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау мөлшері
Оқушылардың білімін барлау ісінде тек күнделікті сабақтан ғана сұрап коймай өткен сабақтарынан да сұралады, тиісті жолдармен текст, мысалдар талданады. Оқушылардың ауызша жауаптарын бағалағанда, төмендегі көрсеткіштерді (показательдерді) ескеру керек:
1. Оқушының білім көлемі: оқу құралында жазылған, мұғалім түсіндірген программа материалын оқушы түгел біле ме, жоқ па?
Оқушының білім сапасы: оқу материалын қаншалық ұғуы, білімінің тиянақтылығы, берген
анықтамаларының дәлдігі, оқушының жауаптарында хата жиі-
сиректігі, ол хаталардың түрі.
Оқушы өзіне берілген мәселені шешу ретінде алған білімін іске асыра алуы:грамматикалық талдау, сөйлем құрастыру, оны жазу, емле ережелерін, тыныс белгілерінің қойылуын айтып беру.
Достарыңызбен бөлісу: |