Оқу материалын байыптап түсіндіру сапас ы: оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау.
Егер оқушы:
1) Грамматикалық тақырыпты дұрыс тәртібімен түсіндірсе;
грамматикалық ұғымдар мен терминдерді дәл етіп анықтаса,
ережелерді дұрыс айтып берсе; өзінің айтқандарын тек оқу
құралындағы ғана мысалдармен емес, өзі ойлап құрастырған
мысалдармен де дәлелдесе;
Сөйлем мен сөздерді жаңылыспай, көзі жетіп, дұрыс талдаса;
Мұғалімнің берген қосымша сұрауларына дұрыс жауап берсе;
Мұғалімнің тапсырмасы бойынша жаттығу жұмыстарын еркін
орындаса; (берілген сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру, белгілі
бір жұрнақ арқылы бір түбірден туынды сөздер жасау); «5»-
қойылады.
1) Грамматикалық теманы дұрыс, тәртібімен айтып берсе, грамматикалық ұғымдарды, терминдерді дұрыс анықтаса; ережелерді дәл айтып бергенімен, кітаптағы мысалдан тыс өзі
мысал ойлап таба алмаса;
Грамматикалық талдауларда бірен-саран хаталары болғанымен, мұғалім ескерткенде, өзі түзете алса;
Сөйлемдер құрастыру, талданып отырған темаға лайық сөздер
табу ретінде мұғалімнің берген тапсырмаларын дұрыс орындап шықса (бірен-саран хатасы болса да) «4» - қойылады.
Грамматикалық материалды негізінде білгенімен, соны дәл етіп
формулалап айтып бере алмаса;
Грамматикалық талдауда бірен-саран үлкен хаталар де жіберіп
қойса;
өздігінен мысалдар ойлап таба алмаса: «3» - қойылады.
Грамматикалық материалдың мазмұнын шала білсе, материалды
тиісті жүйесімен айтып бере алмаса, басын айтып келе жатып
бөгеліп қалатын, тастап кететін болса;
Анықтамаларды, ережелерді жаңылыс түсіндірсе;
Теориялық материалды практикада қолдана алмаса;
Грамматикалық талдауда үлкен хаталар жіберсе: «2» - қойылады.
Егер оқушы өтілген материалдың ешбіреуін дұрыс айтып бере алмаса: «1» - қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |