Іс қағаздары жайында бірер сөз. Программа бойынша әр класта іс қағаздарының белгілі бір түрлерімен таныстыру белгіленген. Біздің байқауымызша, осы бір өте қажетті істің жүзеге асуы, оқушыларға үйретілуі әлі де өз дәрежесінде емес. Оқушылар сабақ үстінде олардың үлгілерімен танысып, мақсатын білгенімен, қалай жазуды игере алмайды. Оған себеп - біріншіден, бөлінген сағат аз, екіншіден, окулықтарда әр түрінің лексика-грамматикалық ерекшеліктерін сипаттайтындай түсінік берілмейді, үлгісін ғана ұсынады. Тек VIII класс оқулығында ғана біраз хабар берілген. Оқушылар былай тұрсын, кейбір жас мүғалімдердің де іс қағаздарынан жөнді түсінігі жоқ. Өйткені, жоғары оқу орындарында болашақ мүғалімдерге іс қағаздары жайында ешбір мағлұмат берілмейді. Педпрактика кезінде іс қағаздарының үлгілерінен сабақ беруші студенттерге қиын соғады. Бұдан шығатын қорытынды - іс қағаздарының үлгілерін сабак түрінде жүргізу қажет деп тапсақ, оқулықтарда оның түсінігі өз алдына тақырып болып баяндалатын болсын, сонымен қатар, жаттығулар жинағында әр түрлі мазмұндама, түрлі вариантта жаттығу материалдары берілетін болсын. Іс қағаздары үлгілерінің ішінде IV-V класс оқушылары үшін өте-мөте қажетті түрлері-хабарландыру, күнделік, өмірбаян, хат, өтініш, IV-VII класс оқушылары үшін-протокол, рапорт, макала, міндеттеме, мінездеме: іс қагаздарының барлық түрі VIII класта жинақталып өтілетін болуы керек.
Программа материалының әр класқа бөлінуі және орналастырылуы жайында. Алдағы уақытта қазақ тілінің жүйелі курсы IV-VIII кластарда өтілетін болып белгіленіп отыр. И.Үйықбаев жолдас өзінің «Қазақ тілінің программасы туралы» деген макаласында IV-VIII кластарда әр класқа тиісті оқу материалының мөлшері шамасын жіктеп көрсетеді. Мақала авторының материалды жіктеп бөлуін негізінде дұрыс деп мақұлдай отыра, кейбір жеріне келіскіміз келмейді. Мысалы, IV класта фонетиканы тұтас өту тым ауыр болады. Бұл бөлімнің ішінен буын үндестігі мен дыбыс үндестігі, соған байланысты емле ережелері IV класта емес, V класта өтілуі орынды. Мұның өзінде IV класс материалдары былайша топталса дейміз: III класта өтілген материалдарды жалпы қайталағанда лексика, фонетика, содан соң морфологиядан сөз құрамы, сөз таптары туралы жалпы түсінік, зат есім, оның жалпы және жалқы есім болып бөлінуі, емлесі. Фонетикадан бұрын лексиканы орналастырудың мынадай тиімді жағы бар:- алдымен, бір объектінің тұтас өзін көрсетіп, содан кейін оның ұсақ бөлшектерімен, сөздің дыбыс қосындысынан тұратынын таныстыру анағұрлым жеңіл болады. Лексиканың материалдарымен оқушыларды қызықтырып, тілге, оның мол қазынасына құштарлығын арттыруға да жақсы.
V класта сөз табының бәрін өту мүмкін емес. Тіпті бәрін тұтас қамтығанның өзінде кейбір сөз таптарының ауыр тақырыптары VI класқа қалғаны жөн. VI класта синтаксис сөз тіркесінен басталып, сөйлем мүшелерімен аяқталуы керек. VII класта жай сөйлем түрлерімен басталып, төл сөз, төлеу сағат санының жететіндігін байқау керек. Егер жеткілікті болса, тіл туралы мәліметті осы класта аяқтап, VIII класта тіл пәнінен алған білімдерін практикамен ұштастыру үшін әр алуан жұмыс түрлерін жүргізу керек ...
(Материал «Қазақстан мектебі» журналының 1965 жылғы N6 санынан алынды. Б. 75.-80).
Достарыңызбен бөлісу: |