Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы


Қазақ тілі оқулығы және оны пайдалану жөнінде



бет72/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

Қазақ тілі оқулығы және оны пайдалану жөнінде


К.Аханов


7 жылдық мектеп пен орта мектептің V-VI кластарына арналған
Қазақ тілі грамматикасы (I бөлім, фонетика, морфология) жеті рет
басылып, сегізінші рет аздаған түзетулермен жарық көрейін деп отыр.
Әдетте, оқулықты оқушы да, оқытушы да негізгі құрал ретінде пайдаланады. Алайда, оқулық, негізінен, мектеп оқушысына арналып жазылатын болғандықтан, онда мұғалімнің жұмысына қатысты мәселелер толық қамтыла қоймайды. Біз бұл мақаламызда авторлардың бірі ретінде оқулықтың құрылысы, ондағы тақырыптардың бір-біріне қатысы, өзара байланысы туралы сөз етеміз. Мұғалім оқулықты қалай пайдаланып, қандай мәселеге көңілді баса назар аудару керек деген сұрақтарға байланысты ойларымызды ортаға салуды мақұл көрдік.
Оқулықтың «Кіріспе» бөлімі оқушының бастауыш мектеп синтаксисінен өткен материалдарын қайталауға, тыныс белгілері жөнінде білімдерін бекітуге арналған. Программа бойынша V класта және VI кластың алғашқы тоқсандарында лексика, фонетика, морфология оқытылады да, синтаксистік материал өтілмейді. Демек, бастауыш мектеп бітірген оқушылар синтаксиске байланысты материалдарды өту үшін, араға 1, 5 жылды салады екен. Осыған орай, оқулықтың «Кіріспе» бөліміндегі тыныс белгілері туралы берілетін мәліметті оқушыларға жете түсіндіріп, оған қатысты жаттығу жұмыстарын молынан жүргізуінің өте-мөте үлкен маңызы бар.
Оқулықтың «Фонетика» бөлімі оқушыларды тіліміздің дыбыстық жүйесімен ондағы алуан түрлі фонетикалық заңдылықтардың жолымен таныстырады. Фонетиканы оқытқанда орфография мәселелеріне баса көңіл аудару керек.
... Кейбір жолдастар оқулықта дауысты дыбыстарды жуан және жіңішке; еріндік және езулік деп топтастырудың дұрыстығын мойындайды да, ал ашық және қысаң деп топтастыру мектеп оқушылары үшін қажеті шамалы деп есептейді. Біздің ойымызша, бұл - ұшқарылау пікір.
... «Фонетика» бөлімін өткенде, оны орфография және орфоэпия мәселелерімен байланыстыра оқыту керек.
... Оқулықтың «Лексика» тарауы оқушыларды тіліміздің сөз байлығымен таныстырады. Бірақ ол лексикологияның барлық мәселелерін қамтымайды, тек сөз және оның тура мағынасы мен келтірінді мағынасы, сөздің көп мағаналығы, омоним, синоним, антоним сөздер, неологизмдер мен архаизмдер, термин сөздер және күрделі лексикалық бір бүтін категория ретінде жұмсалатын тұрақты сөз тіркесі туралы мәлімет беруді мақсат етеді. Сөз өзінің негізгі тура мағынасынан басқа, қолданылу ыңғайына қарай, әлденеше келтірінді мағынада да жұмсала береді. «Лексика» тарауын өткен кезде, тіліміздің сөз байлығын тану үшін оқушыларға синонимдерді жете түсіндірудің маңызы зор. Қазақ тілі - синонимдерге бай тіл. Тілімізде сәл ғана мағыналық нәзік айырмашылықтарды аңғартатын синонимдер жиі ұшырайды. Мысалы бір түр дегенді білдіретін синонимдес сөздердің саны 20-дан асады: түр, түс, мүсін, келбет, пішін, өң, әлпет, көрік, нұсқа, тұлға, тұрпат, сиық, кейіп, ажар, кескін т.б. Синонимдердің мол болуы тілдің лексикалық қорының байлығын көрсетеді. Осыған орай, оқушылардың лексикалық қорын синоним сөздермен байытып отыру жағынан ерекше көңіл бөлінуі керек. Сонымен қатар синонимдердің стильдік қызметі де күшті екендігіне көңіл аудара оқыту керек.
... Қазіргі қазақ тілінің лексикасында термин сөздер көрнекті орын алады.... Термин сөздерді оқушыларға игерту тек тіл мұғалімінің ғана емес, барлық пән мұғалімінің міндеті болуға тиіс. Термин сөздердің орфографиясын да түсіндіріп отыру қажет. Оқулықтың «Лексика» бөлімінде тұрақты сөз тіркестері туралы мағлұмат беріліп келеді. Бұл тақырыпты өткенде, тұрақты сөз тіркесінің тұйықталып тұтасқан, әбден орнығып, қалыптасқан сөз тізбектері еқендігі, олардың бейнелі, образды келіп, көбінесе астарлы мағынада қолданылатындығы нақтылы мысалдармен түсіндірілуі тиіс...
Оқулықта «Лексикадан» соң, «Сөз құрамы» тарауы берілген. Мұны өткенде, оқушылар тіліміздегі сөздердің морфологиялық құрылымы мен құрамы туралы білім алады. Қазақ тіліндегі сөздер көбінесе бөлшектен құралады, ал сөз бөлшектерінің өзіне тән белгілі мағынасы мен қызметі болады. Мәселен, тіліміздегі негізгі түбір сөздер көптеген туынды сөздердің жасалуына ұйытқы болады: мысал, бір бас деген негізгі түбірден басшы, басшылық, бассыз, бастауыш, бастаушы т.б. сөздер өрбіген.
Сол сияқты, туынды түбір, біріккен сөздер, қос сөздер туралы мәселені сөз еткенде, екі нәрсеге ерекше назар аудару керек: бірінші, тілдегі сөздердің құрылысы, құрамы әр түрлі болып, олардың кейбіреулері негізгі түбір мен жұрнақтан, қайсы біреуі екі түбірдің бірігуінен, енді біреулері екі түбірдің қосарланып айтылуынан құралғанын аңғарту; екінші, осыған байланысты, қазақ тіліндегі сөздер туынды түбір, біріккен сөз, қос сөз болып бөлінетіндігін түсіндіру.
... «Сөз құрамы» атты бөлімнің көлемі шағын болғанымен, оны оқытуға байланысты қамтылатын мәселелердің мазмұны мол және күрделі...
Сөз таптарын оқыту да өте күрделі мәселелердің бірі. Тіліміздегі сөздер мағынасы мен қызметі жағынан және қосымшалар қабылдап түрленуі жағынан алуан түрлі болып келеді. Сөз таптарын оқытуда сөздердің грамматикалық топтарының әрқайсысына тән мағыналық, тұлғалық ерекшеліктерге, турлі қызметіне, олардың өзара ұқсас келетін жалпы жақтары мен ұқсаспайтын өзіндік жалқы жақтарына айрықша назар аудартып, саралап түсіндіру қажет...
Сөз таптарын оқытуда тіліміздегі мынадай құбылыстарға баса назар аудару қажет. Қазақ тілінің лексикасындағы кейбір аффикстер жалғану арқылы жасалған туынды сөздер, әр түрлі сөз таптарына қатысты болып, түрлі-түрлі қызмет атқарады. Оларды бір ғана сөз табына теліп қоюға болмайды. Мысалы: -ыс, -іс, -с аффиксі жалғану арқылы жасалған туынды сөздер эат есім мен етістік мағынасын білдіреді....
Сөз таптары деген бұлжымайтын, өзгермейтін категория емес. Тілдің дамуы барысында баяу да болса, әр сөз табының аясы кеңіп, толығып отырады. Тіліміздегі сөздер үнемі бір-бірімен қарым-қатынаста болып, кейбір негізгі сөздер біртіндеп көмекші сөздерге айналып отырады.
... Сөз таптарының әрқайсысының шегін ажырату - күрделі мәселе.
Тіл - қыры мен сыры мол, күрделі құбылыс. Оның сөз байлығы мен грамматикалық құрылымында, фонетикалық жүйесінде алуан түрлі құбылыстар мен заңдылықтар бар да, соған сай тіл білімінде қағидалар мен ережелер бар. Бірақ мектеп оқушыларына арналған оқулықта олардың бәрін қамту мүмкін емес екендігі белгілі. Ол - оны мақсат та етпейді. Оқулық негізгі, басты мәселелерге тоқтап, олардың әрқайсысының ерекшелігі туралы қысқаша ережелер мен ықшамдалған түсініктер беруді көздейді. Оқушының білім алатын негізгі құралы - оқулық. Мұғалімнің программалық материалды оқытуда таяныш ететіні де - оқулық. Бірақ мұғалімдер оқулық шеңберінде қалып қоймауы тиіс.
Тіл - жүйелі құбылыс. Онда қалыптасқан, орныққан заңдылықтар бар. Олар бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болып, түрлі өзгерістерге түсіп отырады. Оқулықты пайдалануда әсіресе мұғалімдеріміз осы айтылғандарды ескеріп отырса дейміз.


(Материал «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының 1959 жылғы N5-HeH алынды. -Б.53-60).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет