V-VIII КЛАСС ПРОГРАММАЛАРЫ ЖӨНІНДЕ
Сегіз жылдық мектептердің оқу жоспарының жобасында ана тіліне V класста аптасына 4 сағат, VI клаcсста 3 сағат, VII класта 2 сағат, VIII класста 2 сағат қаралып отыр. Онда қаралып отырған 33 оқу аптасына ана тіліне V класста 136 сағат, VI класста 102 сағат, VII класста 68 сағат, VTII класста 68 сағат арналмақ (әдебиет сағаты өз алдына).
Бұл кластардағы программа материалдары оқу жоспарында көрсетілген сағаттарға сай мөлшерленіп берілді. Сондықтан әрбір класта бөлінген сағат мөлшері, біріншіден, программалық материалдардың аумағын белгілеуге шек болса, екінші жағынан, оқу материалдары да әрі бөлінген сағатқа лайық, әрі программалық талаптарға сай іріктеліп алынды.
Осы уақытқа шейінгі тәжірибемізде оқулықтар программаға сүйенбей: керісінше программа оқулыққа сүйеніп жасалып келгені белгілі. Ал бұдан былай тізгін программаға беріліп, оқулықтар программаға сәйкес жасалуын қатты ескеруіміз керек.
Программаны жетілдіру жайы сөз етілгенде соңғы жылдары мұғалімдер түсінік хатты кеңейту, онда фонетикалық, грамматикалық талдаудың үлгілерін беру, сөздік жұмысын жүргізудің нақты жолдарын көрсету, қайталау мен пысықтауға берілетін сағаттың әрбір тақырыптан кейін берілуі, ауыстылардың еріндік, езулік болып бөлінуін көрсетпей-ақ қою, етіс категориясы оқушыларға ауыр тиіп, жургендіктен, программадан алып тастау, қосарланған айқындауышты алып тастау, «Лексика» тарауын (V класс ұғымына ауыр болғандықтан) VII класта өту, төл сөзді VII кластан VI класқа көшіру, «Фонетика» тарауына, көмекші етістікке сағатты көбейту, салалас, сабақтас сөйлемдердің жасалу жолдарын ықшамдап беру сияқты тілектері мен ұсыныстарын жасаған болатын-ды. Бұл айтылған пікірлер, ұсыныстар, тілектер V-VTII кластарға арналған программаның жобасында мүмкіндігінше ескерілді.
I-IV класс программасына берілген түсінік хат сияқты V-VIII класс программаларына да түсінік хят жаңадан жазылды. Онда ана тілін үйренудің маңызы, әрбір тарауда өтудегі міндеттер, әрбір тақырыптың басқа тақырыппен байланысы, теориялық материалдың практикалық жұмыстармен ұштасуы, жазба жұмыстардың түрлері, грамматикалық талдаудың мәні, сөздік жұмысын жүргізу, класс-кластарда өтілетін материалдардың ұштастығы, орфогафиялық және пунктуациялық сауаттылықты күшейту жолдары, әрбір класқа белгіленген сағатты аптаға, тоқсанға бөлу мәселелері баяндалды.
Программалық материалды сағатқа бөлу мәселесі тәжірибеге сүйенгенде ғана дұрыс шешілмек. Бұл жөнінде мұғалімдеріміз өз тәжірибелері мен пікірлерін ортаға салар деген үміт зор. Сондықтан әрбір класқа белгіленген материалдың мөлшері де сарапқа, салынуға тиіс. Жоба бойынша V класс бастауыш мектепте өтілген материалдарды пысықтаудан бастайды да, есімді өтумен аяқтайды. VI класс етістіктен бастап, тұрлаусыз мүшелерді үйренумен тамамдалады. VІI класта сөйлемнің айқындауыш мүшелерінен басталып, сабақтас құрмалас сөйлемдерді өтумен бітеді. VIII класта көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді оқытумен басталады да, іс қағаздарының негізгі үлгілерімен аяқталады. Әрбір класқа белгіленген материалдардың аумағын осы көрсетілген күйінде мақұлдана ма, немесе бір кластан екінші класқа материал ауыстырылуы керек пе? Бұл жөнінде мұғалімдеріміз ақыл-кеңестерін айтқандары мақұл. Осымен байланысты, болашақ оқулықтардың көлемдері, құрамдары қандай болуы керек екендігі жайында да пікір айтылса дұрыс болар еді.
Мектепке жақсы программа жасап беруіміз керек. Ал, оның жақсы болып шығуы мұғалімдеріміздің құнды пікір, ұсыныс, тілектер айтып, бұл іске белсене ат салысуына байланысты.
(«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. 1958 жыл. Ю.Б.15-19)
Достарыңызбен бөлісу: |