Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет68/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

I-IV класс программалары жөнінде


Бұл кластарда өтетін ана тілі пәні грамматика мен емле сабағы және оқу сабағы болып екі салаға бөлінетіні мәлім. Ал программаның алғашқы саласын қарағанда мына жағдайлар ескерілді. Ескі программада концентризм басым еді. Мысалы, программа бойынша оқушылар I-IV класта өтетін сөздерді мағынасына қарай топтастыруды үйренсе, II кластың екінші жартысынан бастап сөздердің құрамын оқып, сөздің түбірі мен қосымшаларының арасында болатын үндестік заңы жайында мәлімет алатын.
Ал III-IV- кластарда грамматиканы жүйелі түрде өту көзделіп, фонетикадан бастап, сөз құрамын өтіп, сөз таптарына түсіп, етістікпен бітетін. Ал IV класта қайтадан зат есімнен бастап сөз таптары түгел онда оқылатын, сөйлем мүшелері, хабарлы, лепті, сұраулы сөйлемдер оқылып, құрмалас сөйлем туралы ұғым, төл сөз, оның тыныс белгілері жайында мағлұмат берілетін.
Сөйтіп, оқушы II класта оқыған III класта, III класта өткенін IV класта тағы да қайталап отыратын. Осылай, концентризм жолымен бір материалдың өзін үнемі қайталай беру оқушыларды мезі қылатын; әрі осылай орынсыз қайталау жаттығу жұмысына берілетін уақыттың көбін алып қоятын. Жаңа программаның жобасында осындай басы артық концентризмді жою шарасы көзделді.
Ескі программада - оқушылардың ерекшелігі, практикалық керектіліктері ескерілмей, материал ауырлатылып беріліп келген еді. Мысалы, II класта оқушылар түбірдің соңғы дыбысы с, з, болып, оған ш дыбысынан басталатын қосымша жалғанса, с,з,ш болып айтылатынын, бірақ жазуда мұның ескерілмейтіндігін біліп алуға тиіс еді. Бұл ережеге сай келетін сөздер II класс оқушыларының сөздігінде өте аз кездесетіндіктен, оны оқытудан тіпті нәтиже шықпайтын. Сол сияқты, III класта әр сөз табына байланысты олардың жұрнақтары, IV класта әр сөйлем мүшесінің қай сөз таптарында жасалатындығы жайында мағлұмат беру көзделетін. Әрине, мұндай мағлұмат төменгі класс балаларына тіпті ауыр еді.
Сонымен бірге, бұрынғы программа тек тақырыптардың атын атап, оның көлемін, аумағын, анықтап көрсете бермейтін, соның салдарынан авторлар материалды өз еркінше, өз қалауынша енгізіп, оқулықты ауырлатып жіберетін. Ал жаңа программаның жобасында осы жағдайлар ескеріліп, әр тақырып аталып қана қоймай, оның көлемі, мазмұны анықталып, көрсетіліп берілді, әрі ауыр материал жеңілдетілді. Сонымен қатар оқушылардың сауатты болып шығуына қажетті материалдар қамтылды. Оны класс-класқа дұрыс бөліп, оқушыларды жеңілден - ауырға біртіндеп жетектеп отырып, дағдыландыру жағы қарастырылды.
Енді жаңа программа бойынша I класста оқушылар сөздердің мағынасына қарай топтауды оқымайтын болады, оның орнына балалар әріптердің емлесін жете біліп шығатын болады. Олардан босаған уақыт қиын әріптердің емлесіне оқуға жұмсалып, соларды білдіруге арналады. я, ю, и, у әріптерінің емлесін, қос сөздердің жазылуын, сөздерді мағынасына қарай топтауды оқушылар ІІ класста оқиды. ІІІ-ІV класс программалары бойынша үндестік заңы бөлек тақырып ретінде өтілмейді. Олар біріккен сөзбен, қосымшалармен байланысты оқылады. Грамматикадан дұрыс жазуға қажетті сөздерді байланыстыруға керекті ең басты мағлұматтар ғана аталады және әр тақырыптан қандай материалдарды өту керектігі көрсетіледі. Мысалы, етістіктің шағын оқушылар тек сұрағына қарай ғана ажыратады, олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалатынын оқымайды. Осы сияқты, зат есім, сын есім тудыратын жұрнақтардан тек емле жағынан қиын тиетін жұрнақтар ғана (бұрын жұрнақтардың саны өте көп болатын) аталады. Осы тәрізді есімшеден оқушылар тек -қан, -ған жұрнағы арқылы жасалатын формалармен ғана танысады.
Жаңа программаның жобасында тіл дамыту жұмыстарына бөлінген сағаттардың саны көбейтілді.
Оқу сабақтары программасында оқу техникасын дұрыс меңгеріп шығу үшін тіліміздің орфоэпиясына, сөздердің морфологиялық құрамына байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды, осыған сәйкес, программаға тиісті өзгерістер енгізілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет