Қыстырма сөздер. Олардың тыныс белгілері. Қыстырма
сөздердің сөйлем мүшелері қатарына кіре алмайтындығы.
Қыстырмалардың айтылатын орны. Қыстырманың екі түрі: жеке
қыстырма, үйірлі қыстырма. Айтушының өз ойын білдіру ретінде,
айтылып отырған ойды бұрынғы оймен байланыстыру ретінде,
айтылған ойдың тәртібін көрсету ретінде қыстырманың маңызы.
Қыстырма болатын сөздер.
В. Кітап пен газеттен пайдалану жолы - 20 сағат.
Оқыған материалдарынан темаға (тақырыпқа) лайық келетін жерлерін теріп алу жолдары. Оқығанын жүйелеп айта білу, жазып мазмұндай білу.
Оқығандарына жоспар жасай білу. Қабырға газетін шығару жолы. Мақаланы жоспарлап алып жазу.
Сөйлеу, жазу.
Күн бұрын жасаған тезисі бойынша өзінің істеген ісі, қоғам жұмыстары туралы есепті баяндама жасай алу.
Өз бетімен шығарма жазу. Оған алдын-ала материал, сөз жинап, жоспар жасап алу. Шығарма жазғанда көркем сөз техникасын пайдалана білу (теңеу, салыстыру, әсірелеу, меңзеу т.б.).
Іс қағаздарын жазу техникасын жетілдіру.
Өз бетімен сөздік жасап, оны пайдалана білу жолы.
Достарыңызбен бөлісу: |