Қазақ тілінің програмы. Алтыншы жыл
а) Сөйлем жүйесі, тыныс белгілері және сөйлеу, жазу дағдылары - 60 сағат).
Кіріспе. Дұрыс сөйлеудің шарттары: 1) әр сөз өз мағынасында
жұмсалсын; 2) әр сөз өз орнында тұрсын; 3) сөз арасы дұрыс
байланыстырылсын.
Сөйлем (өткенді пысықтау). Сөйлем туралы жалпы ұғым.
Сөйлемнің анықтамасы. Құрмалас сөйлем мен жай сөйлем
арасындағы айырмашылық туралы алғашқы ұғым. Сөйлемнің
тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш,
толықтауыш). Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлем.
Бастауыш. Бастауыштың сөйлемдегі маңызы, анықтамасы.
Бастауыш болатын сөздер. Бастауыштың сұраулары.
Достарыңызбен бөлісу: |