ІV. «Ана тілі» мен «Есептану» програмдары туралы
материал һәм машық
Жоғары көрсетілген жолмен балалар табиғат, еңбек һәм қауым құрылысын оқып жүріп, «ана тілі» мен «есептен» де тиісті білім алады. Тіл адамзатқа бойындағы өсерін жарыққа шығару үшін керек. Айналамыздағы табиғатты тексереміз бе, адамзаттың қауым құрылысы жолын тексереміз бе, - бәрі бір біздің бұлар туралы алған біліміміз ақыры келіп, сөзге айланбақ. Қандай түрлі тексеру жасамақ болсақ та бәріне де жақсы сөйлеу, жақсы жаза білу керек. Бұның орайына қандай тексеру болса да, адамның тілін байқамақ.
Мысалы: бала көлден жұмыртқа қазып, таудан қарақат тергенін, ондағы көрген-білгенін әңгіме қылып сөйлесе, не қысқы, жазғы егін, күзгі науқан сипатын жазса, балаларды кезекті қызмет ету тізбесін жасаса, не болмаса, тарих кітабынан шет мемлекеттердің түрмесін сипаттаған үлгілі әңгімелер оқыса, бәрінде де баланың тілі ұстарып, сөзі байып, жазылып, жаттығып отырмақ.
Бұл айтылғанның бір жағынан, ана тілінен берілген дәріс болсақ, бір жағынан, жаратылыс тану дәрісі болып отырмақ. Сөйтіп «ана тілі» мектептің басқа негізгі пәндерімен жіпсіз байланысып һәмән жүғысып отырмақ.
Ең ақыры бала ойын ойнап жүріп те ана тілінен мақталмақ.
Осы айтылғандарға қарап: ендеше «ана тілінен» арнап жеке програм жасаудың, ол үшін мектепте белгілі сағаттар берілудің не керегі бар? деушілердің болуы да мүмкін. Оған жауап мынау:
а) Мұғалім балалардың ойын ойнап, әңгіме айтып, бойындағы әсерін
жазып, екі кітап оқып, жүрген уағымен пайдаланып, олардың ...
жазуға тіл ережелеріне жаттығуына бас-көз болуы керек. Соны һәмән
тексеріп жүруі керек. Ондай тексеру жасап балалардың алған білімін
сынап жүру үшін мектепте белгілі сағат берілмей болмайды.
б) Ана тілін басқа пәндермен бірге қатар оқу жеткілікті болып
табылмайды. Кейде тілдің неше түрлі ережелеріне әбден жаттығып
төселу үшін меншікті сағаты болуы керек. (Мысалы: 1-ші сынға
жүріп, оқу құралын толық меңгеріп жетпеген кезде балаларды
кітапқа қаратып, оқыту сағаттары болуы мүмкін, емле ережелеріне
төселту үшін кітаптардан һәр түрлі сөздер көшіртуі мүмкін).
(Материал тақырыптың атында берілген жинақтан, Қазақтың Ұлттық кітапханасының «Сирек кітаптар» бөлімінен алынды).
Достарыңызбен бөлісу: |