Реферат Тақырыбы: Ядроны итеру техникасы Орындаған: Тұрсын Аяжан Серікқажқызы Тексерген: Кеңес Ерсін Асқарұлы



Дата07.02.2022
өлшемі267,41 Kb.
#95722
түріРеферат
Байланысты:
Ядро
Лекция 15-4, Лекция 15-4, Лекция 15-3

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің “Zhansugurov College”
Реферат
Тақырыбы: Ядроны итеру техникасы

Орындаған: Тұрсын Аяжан Серікқажқызы
Тексерген:Кеңес Ерсін Асқарұлы

Ядро итеруде сақтық жан-жақты қарастыруды талап етеді. 


Басты міндет спортшыларды зиян келтіретін соққыдан сақтау. 
Ядро итеру әдісінің негізі - тез және денені бірте-бірте түзету. 
Үйретудің бірінші кезеңінде нығыздалған доппен орнында 
тұрып, аяқпен қолдың қозғалысын үйлестіру үшін арнайы 
жаттығулар қолданылады.

  1. Ядроны ұстау және снарядқа дұрыс күш түсірумен 
    таныстыру. 
    2. Ядроны орнында тұрып итеру. Орында тұрып ядроны 
    итеруге үйрету үшін лақтыратын жаққа қарап тұрып алға, 
    жанымен, арқамен снарядты лақтырады. 
    3. Ырғақпен екпін алу (артқа бір аяқпен секіру). 
    4.Ырғақ жасап ядроны итеру. Жас спортшылардың орнында 
    тұрып ырғақта орындау және ядроны толық итеру дағдысын 
    қалыптастыру. 

  1. Найзаны ұстаумен таныстыру және снарядқа дұрыс күш 
    түсіре білу. 
    2. Найза мен артқа қысқан қолмен лақтыруға үйрету. 
    3. Найзамен жүгіруге үйрету иық үстінде ұстап жүгіру. 60м 
    жерден жай жылдам найзамен жүгіру. 
    4. Екпін алып жүгіруден лақтыруға үйретуге кӛшу. 
    Найзамен екпін алуға доп, тас басқа домалақ бұйымдар 
    қолдануға болады. Бастапқы кезде екпінмен жүгіріп найза 
    лақтыруды қысқа аралықта жай жүгіріп, содан кейін екпін 
    аралығы ұзартылады, жылдамдық кӛбейеді. 
    Лақтыру қозғалыстарын меңгеру үшін және снарядқа күш 
    сала білуді үйрену үшін үйренуді толтырылған доптарды, 
    құммен толтырылған қаптарды және әртүрлі салмақтағы 
    ядроларды пайдалана отырып арнайы жаттығулардан бастау 
    қажет, мысалға: 
    - аяқтарды бүгіп, жазып, екі қолмен допты кеудеден жоғары 
    итеру; 
    - алдын ала аяқтарды бүгіп, бір қолмен жоғары итеру; 
    - серіктеске бетпе-бет тұрып, содан кейін қырымен тұрып 
    бір қолмен алға – жоғарыға итеру; 
    - әр түрлі қозғалыста екі қолмен допты лақтыру (тӛменнен-
    алға-жоғарыға, бастан-жоғарыға, бүйірден-алға-жоғарыға және 
    т.б.). Лақтыру қозғалыстарының негізін меңгерген соң, ядроны 
    итеру техникасын үйренуге ауыса беруге болады. 

Ядроны итеру техникасымен таныстыру. 
Ядроны итеру техникасы түсіндіру және кӛрсету 
әдістерімен іске асады.. Сонымен бірге жарыстың ережелері 
және снарядтың салмағы, формасы туралы мәліметтермен қоса 
қозғалыстардың реті қысқаша түсіндіріледі 
Техниканың кӛрсетілімі оқытушымен немесе техникамен 
шұғылданушымен, оны жақсы меңгерген тұлғамен жүзеге 
асырылады. Одан басқа кӛрнекі құралдар, кинограммалар, 
плакаттар мен бейнефильмдер қолданылады.
Ядроны тікелей итеруге оқытуды оны ұстаудан және 
қорытынды күштен –итеруден бастаған жӛн. Ядроны ұстауды 
кӛрсетіп түсіндіргеннен кейін үйренушілердің оны орындау 
дұрыстығы тексеріледі. Ядро иық алдында вертикальді күйде 
саусақтардың арасына орналастырады. 
Осы тапсырманы шешу үшін келесі жаттығуларды 
ұсынамыз: 
- қолдан қолға ядроны лақтыру; 
- ядроны кішігірім биіктікке жоғарыға лақтырып,қағып алу; 
- ядроны алға — жоғарыға және алға – тӛменге итеру; 
- ядроны түрлі құралдар арқылы итеру. 
Осы жаттығуларда ядроны итеру жартылай қырындап тұру 
күйінен итеру бағытына қарай орындалады. Сонымен бірге, 
қолдар мен денені бір уақытта тіктеп, аяқтарды бүгіп ядроны 
дұрыс ұстауды қадағалау керек.
Орында тұрып ядроны итеру техникасына оқыту. 
Орында тұрып ядроны итеруді игеру үшін лақтырудың 
бағытына бетпе-бет, содан кейін қырымен тұрып, бірақ иықпен 
белдің алдын ала оңға бұрылып бастауға болады. Осы 
жаттығулар лақтырудың бағытына арқасын беріп тұрып, 
бастапқы күйден итеруге ауысу болып табылады. Сонымен бірге 
аяқтар сәл бүгілген, сол аяқ алда, дене салмағы сәйкесінше 
тізеде бүгілген оң аяқта. Сол аяқтың табаны сәл ғана ішке 
бұрылған. Итеру сол аяқты құмға қоюдан басталады. 
Орында тұрып ядроны итеру техникасын игеру үшін 
қосымша жаттығулар болып түрлі бастапқы күйден бір және екі 
қолмен толтырылған доптарды итеру болып табылады .
Келесі жаттығу алдыңғы жаттығудың жалғасы болып 
табылады. Итеру бағытына қарай сол аяқты сермеу оң аяқтың
белсенді итеруімен біруақытта орындалады және содан кейін 
қысқа секірулер жасайды. 
Жаттығушыларда итеруді дұрыс орындау сезімін тудыру 
үшін, оны серіктестің кӛмегімен орындау керек. Ол үшін 
үйренуші сол аяғын артқа жіберіп, алға еңкейеді, Серіктес аяғын 
кӛтеріп, үйренушіні итеру бағыты бойынша тартады. Үйренуші 
тарту күшін пайдаланып, оң аяқпен қысқа секірістер орындайды 
және содан кейін аяғын ұшына қойып, жіліншікті тартады. 
.Ядроны итеру техникасын жетілдіру
Итеру техникасын жетілдіру кезінде мына тапсырмаларды 
орындау керек: 

снарядпен және тренажерларда, снарядсыз жеке 
фазаларды жетілдіру үшін арнайы жаттығулар; 
- шеңберден түрлі салмақтағы ядроларды итеру; 
- нәтижеге ядроны итеру. 
Ядроны итеру техникасын игеруді физикалық сапаларын 
дамытумен және оларды жетілдірумен параллель жүргізу керек. 
Қазіргі таңда ядроны бұрылыстан итеру әдісі 
қолданылады. Осы немесе басқа лақтыру қозғалыстарының 
нұсқасын қолдану адамның жеке қабілеттеріне байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет