Xx ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көптеген өкілдерінің шығармалары өз кезінде баспасөз беттерінде, әсіресе "Айқап" журналында жарияланып немесе өз алдына жеке кітап болып басылып шығып, жарық көріп отырды



Дата11.12.2021
өлшемі19,95 Kb.
#99139
Байланысты:
Балалар әдебиеті


XX ғасырдың бас кезінде демократтық ағартушылық бағытта дамыған қазақ әдебиеті бір ғана белгілі кезеңнің жемісі емес, қайта өткен ғасырда Ыбырай, Абайлар негізін салған прогресшіл демократиялық-ағартушылық бағытта дамыған жаңашыл әдебиетіміздің заңды жалғасы, жаңа кезеңдегі көрінісі болып табылады.

XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көптеген өкілдерінің шығармалары өз кезінде баспасөз беттерінде, әсіресе “Айқап” журналында жарияланып немесе өз алдына жеке кітап болып басылып шығып, жарық көріп отырды.Мысал ретінде осы дәуір әдебиетінің көрнекті өкілдері болып табылатын С. Торайғыров, С. Дөнентаев, С. Көбеев, Т. Жомартбаев, М. Сералин, Ә. Тәңірбергенов, Б.Өтетілеуов, Ә. Ғалимов шығармаларын атауға болады. Бұл аталған ақын, жазушылардың, демократтық бағыттағы әдебиет өкілдерінің шығармаларында XIX ғасырдағы классикалық әдебиетімізде, әсіресе Ыбырай мен Абай творчествосы арқылы келіп қалыптасқан жаңашыл дәстүрлер әрі қарай дамыды.

Бұл дәуірдегі демократтық-ағартушылық бағыттағы әдебиет өкілдері өздерінің шығармаларында қазақ тұрмысындағы ескілік қалдықтарын, патша үкіметі мен қазақ феодалдарының халыққа, еңбек адамына істеп отырған озбырлықістерін батыл сынады.Әйелдердің бостандығы мен теңдігін сөз ете отырып, қалың мал тәрізді ескі салт-сананы, қожа-молдалардың бойындағы теріс істерді әшкереледі. Халықты еңбекке, оқу-өнерге, мәдениетке шақырды. Олар осы тәрізді қоғамдық, тарихи үлкен маңызы бар соны тақырыптарды кеңінен сөз ете отырып, жаңа өмірді, әділет заманын, бақытты тұрмысты болашақтан күтті, келер күнге зор үмітпен, сеніммен қарады.

Сөйтіп, XX ғасырдың бас кезіндегі, ұлы төңкеріс қарсаңындағы демократтық бағыттағы әдебиетіміз сол кезеңнің ілгерішіл сипатымен сана-сезімі ояна бастаған халқымыздың қоғам дамуы алып келе жатқан жаңалыққа барынша бой ұрып, еркіндікке ұмтылу талаптарымен тығыз байланысты болады. Қазақ халқы өзін ілгері ұмтылып іргелі, мәлениетті ел болуға, еңбекке, өнер-білімге, ғылымға шақырған демократ жазушылардың, ақындардың прогресшіл үніне қатты құлақ қойып, олармен бірге келер жаңа заманды, әділдіктің туан көтерер еркіндік заманын асыға ынтыға күтті.



XX ғасыр басындағы демократтық-ағартушылық бағытта жазған ақын, жазушылар саны жағынан да, шығармашылық сапасы жағынан да біршама баршылық.

Демократтық-ағартушылық бағыт ұстанған ақын-жазушылар қатарында М.Сералин, С.Торайғыров, С.Көбеев, С.Дөнентаев, Ə.Ғалымов, Ə.Тəңірбергенов, Б.Өтетілеуов, Н.Орманбетұлы шығармашылығы қарастырылған. Оларды Абай, Ыбырай негізін салған жаңа əдебиеттің дəстүрінде тəрбиеленгенін атап, реалистік сипатын басты орынға қояды. Ғалым кейінен Ө.Есмұрзаевпен бірігіп жазған «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары» еңбегінде жəне де «ХХ ғасыр басындағы əдебиет» оқулығында ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің əдеби бағыттарын жаңаша зерделеп, мынадай тұрғыдан жүйеледі: 1. Ағартушы ақын-жазушылар (А.Мұхамедияров, Əбубəкір Шоқанов — Кердері, М.Қалтаев, Н.Наушабаев, М.Ж.Көпеев, М.Сералин, С.Торайғыров, Ш.Жəңгіров, Жаяу Мұса Байжанов, М.Байзақов). 2. Ағартушы-демократ ақын-жазушылар (С.Көбеев, Ə.Тəңірбергенов, С.Дөнентаев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартбаев, Ə.Ғалымов). 3. Демократтық- төңкерісшіл халық жырлары. Егер де Е.Ысмайылов «ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» (1941) оқулығында ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің сыншыл реализм, демократияшыл əдебиет деген бағыттарын жүйелеуде əдебиеттануда алғаш жанрлық принципке иек артса, Б.Кенжебаев та осы ғылыми əдісті негізге ала отырып оны дамыта түсті. Осындай ортақ ғылыми ұстанымдарын айта отырып, ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің айтулы өкілдерін əдеби бағытқа жіктей қарастыруларында айырмашылықтар барын да аңғарамыз. Мысалы, Е.Ысмайылов сыншыл реализм жігінде Н.Орманбетұлы, Ғ.Қарашев, Н.Наушабаев шығармашылығын талдаса, Б.Кенжебаев «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары» еңбегінде Н.Орманбетұлын демократтық- ағартушылық бағыт, ал Н.Наушабаев, М.Ж.Көпеевтерді буржуазиялық-ұлтшылдық бағытында, өз кезегінде осы екі ақынды «ХХ ғасыр басындағы əдебиет» оқулығында ағартушы ақындар бағытында атайды. Сонымен қатар Е.Ысмайылов демократияшыл ақындар тобында М.Ж.Көпеев, С.Көбеев, С.Торайғыров, С.Дөнентаевтарды сараласа, Б.Кенжебаев бастапқы еңбегінде демократтық- ағартушылық, кейінгі оқулығында ағартушылық жəне ағартушы-демократтық бағыттарда алып талдайды. Бұдан Б.Кенжебаевтың ағартушылық жəне ағартушы-демократтық бағыттарды екі түрлі бағытта қарастырғанын көреміз. Кейінгі зерттеулерде Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев ғылыми негіздеген бұл бағыттар У.Қалижанұлы, Ө.Əбдиманұлы зерттеулерінде кеңінен талданып, діни-ағартушылық, ұлт-азатшыл деген ғылыми атаулармен толықтырылды. Бұл жерде ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетіндегі басты бағыттарды қарастырғанда, алғаш Е.Ысмайылов тарапынан байыпталған «сыншыл реализм əдебиеті» деген жүйелеу ескерілуі керек. Өйткені, Ə.Қоңыратбаев атап өткеніндей, «С.Көбеев, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, М.Сералин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев есімдерімен байланысты жаңа əдебиетіміз де түгелімен сол ағартушылық идеяның ізімен, Абай дəстүрімен дамып, сыншыл реализм əдебиеті деңгейіне көтерілді». Ол ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетіндегі басты бағыттар табиғатын көркемдік əдіс тұрғысынан да айқындауға, сол арқылы жанрлық ізденістер арнасын əдеби үрдіс заңдылығына орай қарастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, А.А.Волков, Л.А.Смирновтың «История русской литературы ХХ века. Дооктябрьский период» (1977) еңбегінде зерттеушілер осы дəуір əдебиетінің көркемдік дамуын жүйелеуде «сыншыл реализм əдебиеті» деп бұл бағытты жеке қарастырады. Тіптен тек соңғы жылдары ғана толық ақталған И.А.Бунин шығармашылығы жеке тарауда талданып: «Бунин сыншыл реализмді дамытуда, орыстың əдеби тілін еселеуде ерекше роль атқаруда», — деп бағаланды. Ал символизм, акмеизм, футуризм ағымдары реализмге қарсы ағымдар тұрғысынан қарастырылып, символизм ағымының өкілі В.Я.Брюсов шығармашылығы талданған. Ал А.Г.Соколовтың «История русской литературы конца ХІХ — начала ХХ века» (1979) еңбегінде де «сыншыл реализм əдебиеті» бағыты жүйелі қарастырылып, «90-жыл жəне 900-жылдар басында əдебиетте жетекші бағыт сыншыл реализм болып қалды», — деп осы бағыттың əдеби дамудағы маңызы кеңінен сараланады. Сонымен бірге декаденттік ағым, символизм В.Я.Брюсов, А.А.Блок туындылары мысалында қарастырылған. Қазақ əдебиеттануында М.Жұмабаев, Б.Күлеев поэзиясында көрініс тапқан символизм ағымы бастапқыда Ж.Аймауытов тарапынан ғылыми-эстетикалық жағынан талданғаны мəлім. Алайда қазақ поэзиясындағы бұл ағым табиғатын танудағы дүниетаным маркстік ілімнің қалыпты шеңберінен аса алмай, М.Жұмабаев мұрасының ақталуымен Ш.Елеукенов, А.Шəріп зерттеулерінде қарастырылған болатын.

Əдебиет тарихын ғылыми негізде дəуірлеу — оның белгілі бір ғасырларының тұтас көркемдік бағыт-бағдарын зерттеу мəселесімен сабақтас. Бұл орайда ХХ ғасырдың 40-жылдары жарық көрген оқулықтардың ғылыми сипатын еселеген өзекті мəселелер ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті тарихының нақты зерттеу нысанына алынуы. Осы жағынан келгенде Е.Ысмайыловтың 1941 жылы жарық көрген «XX ғасырдағы қазақ əдебиеті» оқулығы үлкен мəнге ие. Ғалым еңбегі қазақ əдебиетінің даму жолын көркемдік əдіс, əдеби бағыт бойынша қарастыруда тың қадам жасады. Əсіресе арнайы зерттеуге алынбай келген XX ғасыр басындағы əдебиеттің көрнекті өкілдерін талдауы олардың шығармашылығын көркемдік ерекшелігіне сай «сыншыл реализм əдебиеті» жəне «демократияшыл əдебиет» деп екіге жіктеуі назар аудартады. Атап айтқанда, көркемдік əдіс пен əдеби бағыт тұрғысынан ақын-жазушылардың шығармаларын жүйелеп, жіктеп талдауы əдебиет тарихын дəуірлеудегі озық əдіснамалық тəжірибелердің қазақ əдебиеттануындағы ұштастыра қолдану талабындағы ғылыми принциптердің өз табиғатынан таза ажырап кетпегендігін дəлелдей түседі. Е.Ысмайыловтың: «Қазақ əдебиетінде сыншыл реализм Асанқайғы, Бұқар жыраудан басталып, Шортанбайдың заманында толық қалыптасты», — деген көзқарасынан, біріншіден, жазба əдебиеттегі сыншыл реализм көрінісінің табиғатын көрсетуді діттеуін, екіншіден, қазақ əдебиеті тарихының бастауы Асанқайғыдан, яғни, XV ғасырда жатыр деген ойдың ұшқынын аңғарамыз. Ал «Қазақтың демократияшыл əдебиетінің негізі — фольклорда» дегенінен көркемдік дамудағы тарихи сабақтастықты байыптаған зерттеушілік танымы танылады.



Еңбектің «Сыншыл реализм əдебиеті» жəне «Демократияшыл əдебиет» атты екі бөлімі ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің даму үрдісін тануға мүмкіндік береді. «Сыншыл реализм əдебиеті» жігінде Н.Орманбетұлы, О.Қарашев, Н.Наушабаев, «Демократияшыл əдебиет» жігінде М.Ж.Көпеев, С.Көбеев, С.Торайғыров, С.Дөнентаев шығармашылығы талданған.

«Сыншыл реализм» терминін зерттеуші көркемдік əдіс жəне де шығарма тақырыбының идеялық түп қазығы тұрғысынан қарастырады. Мысалы, «Сыншыл реализм əдебиеті өкілдері кең қонысты, тыныштық дүниені іздегенде, арман қылғанда, кейде əсіресе бастапқы кезде жазған шығармаларында көшпелі мешеу заманды да аңсап кетеді. Жақсылықты, кеңшілік дүние — өткен заманда, артта қалды-ау дегендей кейін қарап бір күңірінеді, сонау өрісі кең байқау жайлауға көз жіберіп, мұңаяды. Бірақ Омар, Нарманбет жəне Мəшһүр Жүсіп ескі көшпелі, мешеу ауылдың бейнелерін кейде аңсай жырлағанмен оны нысана етіп, тұрақтап қалмайды», — деп заманға сай ілгерлеу жолын нұсқағандарын айтады. Бұл жерде ғалым аталған ақындар шығармашылығында ұлттық дүниетанымнан жəне дəуір тынысынан туындаған қайшылықты байыптаса керек. Ал демократияшыл əдебиеттің негізгі сарыны «əлеуметтік ұран, халықты ояту мотивтері, бірақ бұдан жалаң үгіт түрінде деген қорытынды тумайды, өрістеген жаңа əдебиет, оның ішінде əсіресе поэзияда Абай бастап биік шыңға көтерген үлкен мəдениетті меңгеру жəне орыс əдебиетіне бұрынғыдан да жақын біте қайнаса араласу бет алысы үлкен орын алады. Шығармалардың сюжеті байып, əлеумет өмірін жырлаудағы мотивтер бүкіл халықтың аузындағы ұранға айналды, ұлт-азаттық қозғалысының ұраны жырланатын болды» — деп осы бағыттағы шығармалардың тақырыптық-идеялық арнасын көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет