1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография» Оқушының аты-жөні: Сыныбы: І нұсқа Тапсырма



Дата05.12.2019
өлшемі30,13 Kb.
#53057
Байланысты:
8-сынып қазақ тілі ЖБ №1

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография»
Оқушының аты-жөні: Сыныбы:

І нұсқа

Тапсырма. Мәтіндерді оқып, екі мәтінді салыстырыңыз.

Көне түркі жазуы

Көне түркі жазуы (басқаша Орхон-Енисей жазуы) – V ғ. б.з.б. – X ғ. б.з. түркі тайпаларының жазуы. Бірінші рет Орхон өзенінің бойынан (Екінші түркіт қағандығы) және Енисей өзенінің жоғарғы ағысынан (Қырғыз қағандығы) табылды. Кейде руника жазбасы дейді, алман руналарымен жанасым табады (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі онда негізгі велярлық және палатальдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.



Ортақ жазу – түркі бірлігінің бастауы

Уақыт өте келе қай халық болсын өзінің тегін іздеп, төл тарихын түгендері сөзсіз. Мұны табиғаттың бұлжымас заңы деуге де болады. Соңғы жылдары ұлы дала төсінде өшпес із қалдырып, әлемдік өркениетте ойып орын алған Көк Түріктің ұрпағының бірін-бірі іздей бастауы осыған дәлел болса керек. Тағдырдың жазуымен сан тарам жолға түсіп, өзінше бағыт алған бөрілі байрақты түркінің мемлекеттік дербестігі бар бүгінгі ұрпақтары түптің-түбінде тамырлас екенін түсініп, ынтымағы ұйысқан тұтастыққа ұмтылуда.

Былтыр ғана құрылған Түркі тілдес мемлекеттердің Ақсақалдар кеңесі ортақ әліпби туралы бастама көтергенін білеміз. Бұл жалпы түркі халықтары бірлігінің кепілі өзара ортақ әрі түсінікті жазу мен тіл екенін білдірсе керек. Алайда бұл қаншалықты өміршең ұсыныс және оған қашан қол жеткізе аламыз?...

Түркі халықтарының тілін, ділін, жалпы, ортақ құндылығын жақындастыруды сонау Алаш арыстары да арман еткені белгілі. Ахмет Байтұрсынұлы 1926 жылы Бакуде сөйлеген сөзінде түркі әлемін жақындастыру үшін ортақ әліпби қолдану туралы мәселе қозғағаны осының дәлелі болса керек. Бірақ бұл мәселе қашан шешімін табады, ол – болашақтың еншісіндегі шаруа.

18 жылға созылған идея тағы ондаған, тіпті жүздеген жылға созылып кетпесе болғаны.

1-мәтін

2-мәтін

Мәтіндердің стилі





Стильдік ерекшеліктері (3-3-ден)





Мәтіндердің көтерген тақырыбы






2-тапсырма. Қарамен берілген сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздермен алмастырып және қате жазылған жалқы есімдерді топтастырып жазып шығыңыз.
Түркі руна жазбалары
Түркілердің жазуы туралы ең алғашқы мәліметтерді қытай деректерінен кездестіре аламыз. Негізінен түркі жазуының пайда болған уақыты V ғасыр деп есептеледі. Ал нақтырақ айтқанда, түркілер IV ғасырдың екінші жартысында өз жазуларын кең ауқымда қолданған.

Түркілер басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасағанда, өз жазуларын қолданғаны жайлы көптеген мәліметтер бар. Мысалға алғанда, византия императорына түркі елшісі қағанның жазған хатын алып барған. Мұны менандр протектор өз естелігінде көрсеткен.

Орта ғасырды алғанда түркілердің төл жазуы және алфавиті болған. Әр рулардың таңбалары негізінен жасалған алфавиттік құрамда 35 әріп бар. Ал көне түркі жазуы руна немесе сына жазуы деп аталған.

Көне түркі жазуының ескерткіштері орталық азия аумағынан көп табылған. Олардың ішіндегі ең белгілісі солтүстік монғолия жеріндегі орхон, селенга, толы өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар. Бұл тастарда түркілердің атақты билеушісі мен ақылгөйлері – білге қаған, күлтегін, тоныкөк құрметіне арналып жазылған руна жазулары сақталған. Ал қазақстан аумағында талас, іле өзендерінің аңғарынан да көне түркі жазуының ескерткіштері табылған. Түркінің жазба ескерткіштерінің көп кездесетін жері – сібір өлкесіндегі енисей өзенінің бойы. Жазулар құлпытастарға, қыш пен металдарға және басқа да заттарға қашалып жазылған. Осыдан шығатын қорытынды, VII-IX ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында ортағасырлық мемлекеттерде көне руналық түркі жазуы қолданылу аясы біршама зор болған.



ең алғашқы




пайда болған




қолданған




қарым-қатынас жасағанда




мәліметтер




алфавиті




ең белгілісі




көп кездесетін




қашалып




аумағында



Жалқы есімдер:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография»

Оқушының аты-жөні: Сыныбы:

І нұсқа

Тапсырма. Мәтіндерді оқып, екі мәтінді салыстырыңыз.

Көне түркі жазуы

Көне түркі жазуы (басқаша Орхон-Енисей жазуы) – V ғ. б.з.б. – X ғ. б.з. түркі тайпаларының жазуы. Бірінші рет Орхон өзенінің бойынан (Екінші түркіт қағандығы) және Енисей өзенінің жоғарғы ағысынан (Қырғыз қағандығы) табылды. Кейде руника жазбасы дейді, алман руналарымен жанасым табады (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі онда негізгі велярлық және палатальдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.



Ортақ жазу – түркі бірлігінің бастауы

Уақыт өте келе қай халық болсын өзінің тегін іздеп, төл тарихын түгендері сөзсіз. Мұны табиғаттың бұлжымас заңы деуге де болады. Соңғы жылдары ұлы дала төсінде өшпес із қалдырып, әлемдік өркениетте ойып орын алған Көк Түріктің ұрпағының бірін-бірі іздей бастауы осыған дәлел болса керек. Тағдырдың жазуымен сан тарам жолға түсіп, өзінше бағыт алған бөрілі байрақты түркінің мемлекеттік дербестігі бар бүгінгі ұрпақтары түптің-түбінде тамырлас екенін түсініп, ынтымағы ұйысқан тұтастыққа ұмтылуда.

Былтыр ғана құрылған Түркі тілдес мемлекеттердің Ақсақалдар кеңесі ортақ әліпби туралы бастама көтергенін білеміз. Бұл жалпы түркі халықтары бірлігінің кепілі өзара ортақ әрі түсінікті жазу мен тіл екенін білдірсе керек. Алайда бұл қаншалықты өміршең ұсыныс және оған қашан қол жеткізе аламыз?...

Түркі халықтарының тілін, ділін, жалпы, ортақ құндылығын жақындастыруды сонау Алаш арыстары да арман еткені белгілі. Ахмет Байтұрсынұлы 1926 жылы Бакуде сөйлеген сөзінде түркі әлемін жақындастыру үшін ортақ әліпби қолдану туралы мәселе қозғағаны осының дәлелі болса керек. Бірақ бұл мәселе қашан шешімін табады, ол – болашақтың еншісіндегі шаруа.

18 жылға созылған идея тағы ондаған, тіпті жүздеген жылға созылып кетпесе болғаны.


1-мәтін

2-мәтін

Мәтіндердің стилі





Стильдік ерекшеліктері (3-3-ден)





Мәтіндердің көтерген тақырыбы




2-тапсырма. Қарамен берілген сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздермен алмастырып және қате жазылған жалқы есімдерді топтастырып жазып шығыңыз.



Күлтегін ескерткіші – түркі тектес халықтардың баға жетпес байлығы

Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – күлтегін ескерткіші. Бұл – орхон-енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние.

Бізге жеткен түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған орхон-енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген енисей өзенiнiң бойы мен қазiргi монғол халық республикасының астанасы улан-батордың батысындағы 400 километр жердегi орхон өзенi бойындағы кошо-цайдам ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi – орыс ғалымы н. м. ядринцев.

Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi – 3,15 метр, енi – 1,24 метр, қалыңдығы – 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi – бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған.

Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол «үлкен жазу», ал 13 жол жазу «кіші жазу» деп аталады.

Ескерткiш негiзiнен табғаш (қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған. Ескерткiш бетiндегi қытай жазуы 732 жылы қытай императоры хусен-цунг тарапынан бедерленген. Мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. Қытай жазуы алғаш орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түркі тiлдерiне аударылды. Жазудың үстiнде қытайша бiр сөйлем бар, онда «марқұм күлтегiн жазуы» делінген.




көне дәуірдегі




маңыздылығы




құнды дүние




белгiлi болды




орналасқан




алғаш тауып




мәлiмдеушi




бейнеленген




толтырылған




аударылды



Жалқы есімдер:

______________________________________________________________________________


Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл




Білім алушы

Ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің түрлерін, көтерген тақырыбын, стильдік ерекшеліктерін салыстырады


1

Мәтіндердің стильдерін көрсетеді;

Стиль ерекшеліктерін табады:

1 - ерекшелік

2 - ерекшелік

3 - ерекшелік

Мәтіндердің көтерген тақырыбын анықтайды;



1

1

1



1

1


Мәтіндегі асты сызылған сөздер мен сіз тіркестерінің синонимін алмастырып, жалқы есімдерді дұрыс жазып, мәтінді редакциялайды.

2

Мәтіндегі асты сызылған сөздер мен сіз тіркестерінің синонимін дұрыс табады;

Жалқы есімдерді дұрыс табады;

Жалқы есімдерді топтастырады


2

1

1




Барлығы:













9





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет