Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет4/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы қазіргі Қостанай облысы, Торғай ауданында дүниеге келген. Қазақ даласына қоңырау болып келген Ы.Алтынсарин, бозторғай болып келген С.Дөнентаев маса болып ызыңдай берсе оянар халық деп келген Ахмет Байтұрсынұлы – халқымыздың рухани өсуін өз еріктерімен мойнына көтерген біртуар азаматтар.


Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілін оқытудың міндеті мен мақсаттарын мына сөздері арқылы-ақ таныта алды: «Тілдің міндеті – ақылдық аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама-қадырынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын».
Сонда қазақ тілі пәні мұғалімінің міндеті- осы «табылуы қиын» болып отырған адамды қалыптастыру.
Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолының әрбір ізі – адамшылықтың дәнін себу, сол дәнді баптап-бағу ісіне арналды. Ол: Адамдық диқаншысы қырға шықтым- деп, өзінің қызметінің бағытын айқын танытады:
Балалар,
Оқуға бар, жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
«Аллалап» ал кітапты қолдарыңа,
Құлдарын құдай сүймес жалқау болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет